Семинар 15 сағ ожсөЖ 45 сағ. Емтихан 5 сем Барлығы 135 сағ о р а л, 2 0 1 1



бет1/2
Дата02.02.2017
өлшемі1,41 Mb.
#8530
түріСеминар
  1   2
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті


Б е к і т е м і н

Филология факультетінің деканы

.....................................Қ.Т.Утегенова

........... ....................................2011 ж.




Филология факультеті

Қазақ филологиясы кафедрасы
050117 «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша қашықтан оқыту жүйесінде оқитын

студенттерге арналған



«Қазақ тілін оқыту әдістемесі»
ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Курс - ІІ

Семестр - 4

Кредит - 3

Дәріс - 30 сағ

Семинар - 15 сағ

ОЖСӨЖ - 45 сағ.

СӨЖ - 45 сағ.

Емтихан - 5 сем

Барлығы - 135 сағ



О р а л, 2 0 1 1

Пәннің оқу-әдістемелік кешені Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Қазақ филологиясы факультетінің кеңесі баспаға ұсынған (№1 хаттама) 29.09.2006ж. типтік оқу бағдарламасы негізінде жасалды.


Құрастырған: педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы М.Қ.Әжіғалиев (Қазақ филологиясы кафедрасы кафедрасы, 409-аудитория, №1 ғимарат)
Қазақ филологиясы кафедрасының мәжілісінде талқыланды.

«........» .................................... 2011 ж. № .... хаттама


Кафедра меңгерушісі.................................................. А.Ы.Мамыров

(қолы) (аты-жөні)


Оқу-әдістемелік кеңесі отырысында бекітілді.

«............»……………………….. 2011 ж. №....хаттама

Оқу-әдістемелік кеңес төрағасы......................................Турегалиева С.Г.



Қолданушыға нұсқау

Комплектация

Сырттай бөлімнің студенттеріне «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнін қашықтан оқытудың оқу- әдістемелік кешені құрамына келесі материалдар кіреді:

1.«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» курсының жұмыс бағдарламасы

2. «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінен дәріс материалдары

3.Білімді тексеруге арналған сұрақтар, тапсырмаларды орындауға және емтиханға дайындалуға арналған әдістемелік нұсқаулар
Жүйелік талаптар

Оқу- әдістемелік кешенмен тиімді жұмыс жасу үшін компьютер келесі минималь талаптарды жауап беруі қажет: MS Windows /2000/XP/ операциялық жүйесі, процессор 166 МГц; 128 Мб оперативті жады; DVD-дискіні оқу құралы; дыбыстық карта; «тышқан» құрылғысы. Браузер: Internet Explorer, Opera.



Құжат тілі: HTML.
1. Оқытушы туралы мәлімет


Әжіғалиев Марат Қайыржанұлы – Қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты
Офис: қазақ филологиясы кафедрасы, қашықтан оқыту бөлімі

Толық мекен-жайы: №1, Достық даңғылы, 162, 4-қабат, 409-аудитория

№8 ғимарат, Студенческая 1, 3-қабат, 313-кабинет

Жұмыс телефоны: 51-30-62

Үй телефоны: 26-28-55

Элнектронды пошта адресі: marat_ajigaliev


2. Пән туралы мәлімет

Пән атауы - Қазақ тілін оқыту әдістемесі


Семестр 15 оқу аптасынан және 2 апта сессиядан тұрады.

Аптасына3 кредит-сағат жоспарланады, оның әрбір кредит-сағат бір байланыс сағатынан (дәріс, семинар) және оқытушының басқарумен жүретін студенттердің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ, СӨЖ)




Сабақтар

Өткізілу уақыты

Сабақтар

Өткізілу уақыты

Сабақтар

Өткізілу уақыты

Сабақтар

Өткізілу уақыты

Байланыс сағаты 2 (дәріс 2)

50 мин.

Семинар сабағы

1 сағат


50 мин.

ОЖСӨЖ

1 сағат


50 мин.

СӨЖ

1 сағат


50+50 мин.


Оқу жоспарынан көшірме:


Курс

Семестр

Кредит саны

Дәрістер

Семинар

ОЖСӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау

түрі

2

4

3

30

15

45

45

135

Емтихан


Кіріспе

«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәні - қазақ мектептері үшін қазақ тілі пәні мұғалімін даярлайтын «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бөлімінде оқылатын негізгі пәндердің бірі. Қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша қазақ тілі мұғалімдеріне қажетті кәсіптік теориялық білім мен тиісті практикалық машық-дағдыларды қалыптастыру негізгі мақсат болып табылады. «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнін оқыту үдерісінде жақсы нәтижеге жетудің жолы – тілден берілетін теориялық материалды жаңа технология үлгілерін пайдалана отырып беру.

Курс мақсаты - студенттерге мектепте қазақ тілін оқыту үдерісінің ерекшеліктерін теориялық және практикалық тұрғыдан меңгерту. Кәсіби деңгейі жоғары, жан-жақты дамыған, білім нәрімен сусындаған, теориялық білімі терең, практикалық дағдысы қалыптасқан, ұлттық менталитеті жоғары маман даярлау.

Курс міндеті:

- студенттерді әдістеме саласындағы соны өзгерістермен таныстырып, оны тиімді қолданудың жолдарын үйрету;

- студенттерге қазақ тілін оқыту әдістемесінің методологиялық-теориялық негіздерін меңгерту;

- қазақ тілі жүйесінің ішкі салаларын мектепте оқыту ерекшеліктерін теориялық және практикалық тұрғыдан талдап көрсету;

- оқу-әдістемелік құралдарды оқып-талдау, баға беру, тиімді әдістемелік кешендерді таңдай білу, оларды практикада қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;

- қазақ тілін оқыту әдістемесін ғылыми тұрғыдан зерттеп -тану қабілеттерін дамыту;

- болашақ қазақ тілі мұғалімдері ретінде, өз бетімен ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді іріктеу мен оларды талдай білу дағдыларын жетілдіру;

- мектеп мұғалімінің тәжірибе жинақтау барысын талдауға, озық тәжірибені таратуға белесене қатысып отыруын қалыптастыру.



Курс мазмұны:

  • қазақ тілін оқыту әдістемесінің қалыптасу және даму жолдары;

  • мектепте қазақ тілін ана тілі ретінде оқытудың ерекшеліктері мен мақсат-міндеттері;

  • қазақ тілін оқытуды оқу-танымдық процесс ретінде тану мен ұйымдастырудың ерекшеліктері;

  • қазақ тілін орта мектеп мен тереңдетілген мектептерде оқытудың өзара байланыстылығы мен ерекшеліктері;

  • қазақ тілі жүйесінің мектепке арналған ғылыми курсы деңгейлерін оқыту әдістемелері (фонетиканы оқыту әдістемесі, лексика мен фразеологияны оқыту әдістемесі, сөзжасамды оқыту әдістемесі, морфологияны оқыту әдістемесі, синтаксисті оқыту әдістемесі, мәтінді оқыту әдістемесі);

  • қазақ тілін оқыту барсында оқушылардың ойлауын дамыту әдістемесі;

  • қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың тілін дамыту әдістемесі, орфография мен орфоэфияны оқыту әдістемесі, пунктуация заңдылықтарын меңгерту әдістемесі, стилистиканы оқыту әдістемесі;

  • қазақ тілі бағдарламалары мен оқулықтарын талдау әдістемесі;

  • қазақ тілін оқыту барысында сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу әдістемесі;

  • студенттердің қазақ тілінен өтілетін педагогикалық практикасы және оны ұйымдастыру әдістемесі.

Оқыту әдістемесі: дәріс, практикалық сабақтар, лабораториялық сабақтар, студенттердің жеке жұмысы, аранаулы курстар мен арнаулы семинарлар барысында меңгертіледі. Сонымен бірге, студенттердің өз бетімен жұмыс орындауы, бақылау жұмысы, реферат, курстық жұмыс, дипломдық жұмыс жазуы арқылы әдістемелік білімін жетілдіруді көздейді

Пәнді меңгеру нәтижесінде: студенттер қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының өзекті мәселелері мен зерттеу арналарынан толық мағлұмат алады. Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының теориялық және ғылыми әдістемелік бағыттарын меңгеріп, оқытудың әдіс-тәсілдері туралы мәліметтер жинақталады.
Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)
Студенттерге қойылатын талаптар:

Курсты бағалау бүкіл семестрді қамтиды, сондықтан студент барлық сабақ түрлерінде беделді түрде қатысуы керек. Максимальды балды студент қойған сұраққа нақты, дұрыс жауап берсе, жұмыстарын мұқия, толық жағдайда жауап берсе, ғана алады.



Сабаққа қатысуы: студент сабаққа міндетті түрде қатысуы керек. Жіберген сабақты міндетті түрде қайта өтеді.

Аудиториядағы жағдайы: сабаққа беделді қатысуы, сабаққа кешікпеуі керек. Ұялы телефонды айырып қоюы керек.

Үй тапсырмасы: берілген тапсырманы өз уақытында тапсыру керек. Сабақ кестесін бұзған кезде, себепсіз жағдай болса, қабылданбайды.

Жеке тапсырма: семестр бойы жеке жұмыстарды орындауы керек. Студент оны орындаған кезде ғана есептелінеді. Студент қате жазған болса, студентке қайтарылып, дұрыстап қайта тапсыруы керек. Бұл тапсырмалар бөлек-бөлек бағаланады, қорытынды баға әсер етеді.

Бақылау жұмысы: бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалады, сабақ аяғында тапсыруы керек. Сабақтан кейін қабылданбайды және бағаланбайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет