Семинар 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) -30 сағат СӨЖ 30 сағат


тақырып: ҚР азаматтық құқығы негіздері (2 сағат) Мақсаты



бет41/70
Дата10.10.2020
өлшемі0,68 Mb.
#64427
түріСеминар
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   70
10 тақырып: ҚР азаматтық құқығы негіздері (2 сағат)

Мақсаты : Азаматтық заңдарды қоғамдық өмірде қолдануға үйренеді.

Негізгі сөздер : жеке тұлға, заңды, тұлға,қорғаншылық.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны.

  1. ҚР азаматтық құқығы ұғымы мен пәні және әдістері.

  2. ҚР азаматтық құқығы қайнар көздері және принциптері.

  3. Азаматтық құқықтық қатынастың ұғымы мен түрлері.

  4. Жеке тұлға ұғымы,құқық қабілетілік және әрекет қабілеттілік. Қорғаншылық және қамқоршылықты белгілеу

  5. Азаматты хабар ошарсыз кетті деп немесе өлді деп тану

  6. Заңды тұлға ұғымы мен түрлері

  7. Мәмілінің ұғымы мен түрлері

  8. Өкілдік

  9. Интеллектуалдық меншіктің құқықтық ережелері

  10. Мұрагерлік құқық негіздері

Азаматтық құқық сала ретінде елімізде қалыптасып келе жатқан нарықтық экономиканың біден- бір негізі десек те болатын шығар. Өйткені, бұл саламен реттелінетін құқық қатынастарының шеңбері кең.

Азаматтық кодекстің 1- ші бабының 1- ші тармағында көрсетілгендей, азматтық заңдармен тауар, ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай- ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Жоғарыда көріп отырғанымыздай, азаматтық құқығымен реттелінетін қоғамдық қатынастардың негізгісі болып табылатыны- мүлік қатынастар. Сондықтан да айтып кеткен жөн болар, кез келген мүліктік қатынастар емес, қоғамның негізін қалйтын тауар, ақша қатынастары, яғни азаматтық құқық субъектілерінің кез келгенінің қатысуымен және әр түрлі көріністерде ( мүлік беру, жұмыс, қызмет) байқалатын мүліктік қатынастар.

Мүліктік қатынастарға негізінен, қоғамдағы өндіріс құрал- жабдықтарына, мүліктік игіліктерге және басқа да материалдық құндылықтарға байланысты туындайтын қоғамдық қтынастар жатады.

Мүліктік емес жеке қатынастар, мүліктік қатынастарға тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар болып екі топқа бөлінеді. Азаматтық заңдармен реттелетін мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарға құндық маңызы жоқ қатысушылардың қоғамдық сипатын белгілеитін материалдық емес құндылықтар жатады. Мәселен әдеби шығармамен, ғылыми еңбекпен айналысушылар немесе өнертапқыш өзінің авторлығын анықтау арқылы мәселе қойса, өзінің жекелігін қорғай отырып, бұл мәселе бойынша қоғамдық дербес қатынасқа түседі. Бұл қатынас мүліктік болып табылмаса да, мүлікпен тығыз байланысты, өйткені өнертабыс иесінің өнертабысын пайдаланғаны үшін онда авторлық сый ақы алу құқығы пайда болады.

Азаматтық заңдармен реттелетін мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастарға азаматтың есімі, жеке келбет құқығы, жеке өмідің құпиалығы, тұрғын үйге қол сұқпаушылық, азаматтың немесе заңды тұлғаның абыройына, қадір- қасиетіне, іскерлік беделіне байланысты туындайтын құқықтық қатынастарды жатқызуға болады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 9- бабында азаматтың ар- намысы мен қадір- қасиетіне қол сұғылмаушылық атап көрсетілген. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастар жиынтығын анықтай келе, бұл қатынастардың субъектілерін атап көрсетуге болады. Оларға жеке тұлғалар (Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар), зағды тұлғалар, мемлекет және әкімшілік аумақтық бөлініс. Сөз жоқ, азаматтық құқық үшін Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай заң күші бар Жарлықтарының зор маңызы бар: 2003 жылғы 13 наурыздағы «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуге алу туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі «Шаруашылық серіктестіктері туралы», 2003 жылғы 28 наурыздағы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», 2001 жылғы 8 қарашадағы «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы», 2002 жылғы 29 қазандағы «Жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын мәліметтерге құқықтарды мемлекеттік тікеу туралы», 2001 жылғы 24 қаңтардағы «Жер туралы», және басқалар.

Заңға сәйкес нормативтік актілер. Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлықтары мен қатар, Президенттің мысалы, Президенттің «Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне құқықтарын қорғау туралы» 1998 жылғы 27 сәуірдегі Жарлығы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары да заңға сәйкес нормативтік актілер қатарына жатада, олардың көбіне азаматтық құқық нормалары болады. Мәселен, Қазақстан Республикасы Министрлер Кадинетінің мына қаулыларын айтуға блоады: 1995 жылғы 4 мамырдағы «Дәрменсіз мемлекеттік кәсіпорындарды қаржы экономикалық сауықтыру, қайта ұйымдастыру және тарату жөніндегі шарларды іске асыру туралы » 2001 жылғы 24 мамырдағы «Қазақстан Республикасы аумағында сақтандыру қызметін лицензиялау туралы ережені бекіту туралы» 2000 жылғы 21 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдаланушылар мен келісім шарттар жасау және оларды орындаужөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің Құзыретті органы туралы ережені бекіту туралы» 2002 жылғы 29 тамыздағы «Ипотекалық несиелерді қамтамасыз етуде жер учаскелері мен жер пайдалану құқықтарын кепілге салу тәртібін бекіту туралы» 2002 жылғы 2 сәуірдегі «Жер учаскелеріне және жер пайдалану құқығына жеке меншік құқығын беру тәртібі туралы ережені бекіту туралы» қаулылар.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет