Семинар 30 сағ. ОжсөЖ 30 сағ. СӨЖ 30 сағ Барлығы 90 сағ. Орал, 2010 «Шешендік өнер және мәнерлеп оқыту» пәні бойынша


Типтік есептеу, графикалық жұмыс, лабораторлық жұмыс, курстық



бет48/48
Дата06.02.2022
өлшемі0,88 Mb.
#30899
түріСеминар
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
8.Типтік есептеу, графикалық жұмыс, лабораторлық жұмыс, курстық
проект (жұмыс) орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулар.
Бұл тарау жоспарланбаған


9.Студенттердің өзіндік жұмысына арналған материалдар: үйге берілген
тапсырмалардың мәтіні, әрбір тақырып бойынша өзін-өзі тексеру материалдары, реферат т.б. ұй жұмыстары бойынша тапсырмалар, әдебиет тізімі және арналған уақыт көлемі.
Бұл тарау жоспарланбаған
10. Оқу, өндірістік және дипломалды сараманды өткізу жөнінде әдістемелік
нұсқаулар және есеп құжаттарының түрі (егер пән бойынша қажет болса).
Бұл тарау жоспарланбаған



  1. Студенттің оқу жетістіктерін бақылау және бағалау материалдары

(бақылау тапсырмалары, тесттік тапсырма, өзін-өзі даярлау сұрақтар тізімі, емтихандық билеттер және т.б.)


Білімді бағалау жөніндегі мәлімет
«Пән бойынша білімді бағалау кестесі»
Бағалау саясаты:



«Мамандық бойынша оқытылатын «шешендік өнер және мәнерлеп оқу» пәні бойынша білімді бағалау кестесі



Бағалаукритериясы



Бағалау түрі

Апта

Жұмыс үшін %

Барлығы
%

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

Сабаққа қатысу

1

10








+

+

+

+

+




+

+

+

+

+




2

ОЖСӨЖ

1

15

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

3

Реферат

4

8



















+



















+




4

Семинар сабақтары

1

15

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

5

СӨЖ

0,5

8














































6

Аралық бақылау

2

4






















+



















+




Р1 + Р2




60

















































Емтихан




40














































Барлығы




100














































Семестр барысында екі аралық бақылау жүргізіледі 7(8) және 15 апталарда.


Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).
Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.
Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және семинар материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.
Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша)

Студенттердің білімі келесі кесте бойынша бағаланады:



Бағалау

Бағаның әріптік баламасы

Бағаның сандық баламасы

Бағаның проценттік баламасы

Бағалаудың дәстүрлі жүйесі

A

4,0

95-100

өтежақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз



Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)
Курс саясаты оқу процесінің жоғарғы тиімділігін қамтамасыз етуге тиісті және барлық студенттер үшін міндетті. Әрбір оқытушы студенттерге сабақ барысында тәртіп ережелерін, оқытушымен және басқа студенттермен өзара қатынастарын ұстаудағы өзіндік жүйесін талап етеді.

Студенттерге қойылатын талаптар:


Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет (жоғарыда көрсетілген пән бойынша білімді бағалау және апталық тақырыптық кесте бойынша)
1. Сабаққа қатысу
Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.
2. Аудиториядағы тәртіп
Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.
3. Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы міндетті түреде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.


4. Жеке тапсырмалар
Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.


5. Бақылау жұмысы.
Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі.

6. Пікірлесу. Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін.
Тест тапсырмаларының нұсқасы
1. Сөз сөйлеу стилінің сендіргіш сапасы, идеялардың көркем бояуы, ерекше елеңдетер эмоциональды толғаныс пен эстетикалық ләззат атмосферасын туындата келе, тыңдаушылар назарын аударту құралы.
а) мәнерлілік
ә) айғақтама нұсқалары
б) сендіру амалдары
в) эмоциональды фон
2.” Өлім-асусыз тау,-кімнің бауыры сау? Пұлсыз берді, құнсыз алды,-оған не
дау ?Бізге аяулы,алушыға да қалаулы”. Ұсынылған шешендік сөздегі стилистикалық фигураны ата?
а) риторикалық сұрау
ә) градация
б) қайталау
в) антитеза
3. «Шешендік-кісінің көркі” . Кімнің сөзі?
а) Гораций
ә) Плутарх
б)Коракс
в)Горгий
4. "Естілердің сөзін ескеріп жүрген адамның өзі де есті болады". Кім айтқан?
а) Абай
ә) Төле би
б)Шәкәрім
в)Әл-Фараби
5. Адам өмірінің әрқилы ішкі үдерістерін бейнелеудің озық тәсілі , өзгелерді өз еркіне бағындырудың аса күшті қаруы, жанды қарым-қатынастың амалы ретіндегі сөз сөйлеу құдіретіне ие болғызатын шын мәнінде адамның құдіреттілігін танытатын көп қырлы ілім.
а) шешендіктану
ә) логика
б) философия
в) этика
6. “Шешен сөз мақсаты-негізгі пікірді баяндап, түрлі дәлелдермен сипаттап түсіндірумен қоймай, пікірге нандыру, сендіру, ұйыту, балқыту, иман келтіру”,-деген түйіннің авторы.
а) А.Байтұрсынұлы
ә) Р.Сыздықова
б) С.Негимов
в) А.Қыдыршаев
7. Саясат сөзі, саяси баяндама, үгіт-насихат сөзі, саяси шолу, митингілік сөз шешендік сөздердің жанрлық-тақырыптық жіктемесінің қай түріне жатады?
а) әлеуметтік-саяси
ә) академиялық
б) әлеуметтік-тұрмыстық
в) іскерлік
8.”Егер де диалектика тек шынайы білімге негізделген қисынды дәлелдер арқылы тұжырымдалатын ой қорыту тәсілі болса, риторика шешендік қисынға, ой-пікір жүйелігіне, ұғымдар үйлесіміне негізделеді”. Тұжырым иесі?
а)Әл-Фараби
ә) А.Байтұрсынұлы
б) Аристотель
в) М.Т.Цицерон
9. Тақырып таңдау; мақсатты анықтау; шешендік сөз түрін белгілеу; материалды іріктеу; екшеу; сөйлеуді логикалық тұрғыдан жүйелеу; деректі дәлелдеме, анықтама, тілмен, стильмен жұмыс. Осы айтылғандар шаршы топ алдында сөйлеуге әзірлену мен оны жүзеге асырудың қай кезеңіне жатады?
а)коммуникативті сатыға дейін
ә) коммуникативті саты
б) коммуникативті сатыдан кейін
в) сөйлеу үстіндегі кезең
10. «Грамматикасыз оратория-солғын,поэзия тілі-мүкіс, философия-үстірт, тарих-ұнамсыз, юриспруденция-күмәнді”. Кімнің тұжырымы?
а) М.В.Ломоносов
ә) М.М.Сперанский
б) Н.Ф.Кошанский
в) А.Ф.Кони
11. Лекция (эпизодтық, циклді), ғылыми конференциялардағы, симпозиумдағы баяндама, ғылыми хабарлама шешендік сөздердің жанрлық- тақырыптық жіктелімінің қай түрі?
а) академиялық шешендік
ә) дипломатиялық шешендік
б) іскери шешендік
в) әлеуметтік-саяси шешендік
12. «Шешен саптағы қарулы жауынгердей сақадай сай, мәнді де ұлы істерді үздік орындауға және әрқашан да жеңіске ұмтылуға тиіс”. Кімнің түйіні?
а) Марк Фабий Квинтилиан
ә) Марк Тулий Цицерон
б) Аристотель
в) Платон
13. Аудиторияның сапалық белгілері
а) тыңдауға жасалған жағдай; әсер етудің субъектісі; тыңдау барысы
ә) интеллектуальды-танымдық; эмоциональды-эстетикалық
б) моральдық-тәрбиелік; келісімпаз
в) конструктивті; конфликтілі
14. «Шешенде диалектиктің тапқырлығы, философтың ойы, ақынның тілі, заңгердің еске сақтау қабілеті, трагиктің дауысы болуы тиіс”. Түйін сөз кімдікі?
а) Цицерон
ә) Демосфен
б) Сократ
в) Сенеке
15. Аудиторияны бағалау өлшемдерін көрсетіңіз.
а) әлеуметтік-демографиялық құрамы; сөз сөйлеу тақырыбына қатысы
ә) түсіну деңгейі; әсер етудің субъектісі
б) тыңдау барысы; шешенге көзқарас
в) тыңдау уәжі; тыңдауға жасалған жағдай.
16. М.В.Ломоносовтың ”Шешендікке қысқаша басшылық” атты оқулығының жарық көрген мерзімі.
а) 1748 жыл
ә) 1751 жыл
б) 1721 жыл
в) 1766 жыл
17. Көп сөйлеме, азбен келтір иінін,
Бір сөзбен шеш түмен сөздің түйінін. Кімге тиесілі сөз?
а) Иүсуф Баласағұни
ә) Ахмед Иүгінеки
б) Ахмед Иассауи
в) Махмуд Қашқари
18. Тыңдаушы типтері қайсысы?
а) конструктивті; конфликтілі; келісімпаз
ә) интеллектальды-танымдық; моральдық-тәрбиелік
б) өзін-өзі ұстауы мен психикалық жағдайы; бірыңғайлық дәрежесі
в) түсіну деңгейі; әсер етудің субъектісі
19. «Сөз анасы-құлақ, су анасы-бұлақ, жол анасы-тұяқ”. Қай шешенге тиесілі сөз?
а) Сырым шешен
ә) Бөлтірік шешен
б)Жиренше шешен
в) Арғынбай шешен
20. Мерейтойлық құттықтау сөз , дастархан басындағы сөз, қаралы жиындағы сөз шешендік сөздердің жанрлық-тақырыптық жіктелімінің қай түрі?
а) әлеуметтік-тұрмыстық
ә) діни (гомилетика )
б) әлеуметтік -саяси
в) дипломатиялық
21. «Риторика” сөзінің (грек rhetorike) мағынасы.
а) шешен, ділмар
ә) сөйлеу
б) тыңдау
в) ритор
22. «Шешен туралы”, «Брут”, «Шешен” атты трактаттардың авторы.
а) Марк Тулий Цицерон
ә) Аристотель
б)Сократ
в) Марк Фабий Квинтилиан
23.”Көп біліп,дөп сөйлеген-шешен,аз біліп,көп сөйлеген-мылжың”.Осы нақыл сөз авторы?
а) Зейнолла Қабдолов
ә) Мұхтар Әуезов
б) Мұзафар Әлімбаев
в) Серік Негимов
24. Сөздердің орнын ауыстыру негізінде тіркес мағынасының өзгеруі классикалық риторикада не деп аталады?
а) ой фигуралары
ә) сөз фигуралары
б) қайталау
в) кейіптеу
25.”Қазақ билерінің шешендік сөздері және оның әдебиеттегі тарихи орны”
(1945 ж) зерттеуінің авторы.
а) Ә.Мәметова
ә) Б.Ә.Адамбаев
б) Қосжанов Айтқұл Сағатұлы
в) Шындалиева Меңдігүл Бұрханқызы
26.”Екі жағдайда сөйлейтін бол:не өзіңнің сөйлер нәрсеңді айқын ойланып алғанда немесе бір нәрсе жайында айту қажет болғанда, өйткені тек осы жағдайда ғана үндемегеннен сөйлеген жақсы,ал қалған жағдайларда сөйлегеннен сөйлемеген анағұрлым артық”. Кімнің түйіні?
а) Исократ
ә) Демокрит
б) Протогор
в) Плутарх
27. Ойды, сезімді әсерлі ету үшін жауабы өзінен өзі-ақ айқын нәрсені әсерлі
леппен , сұрау түрінде айтылатын , күмәндану, шүбә келтіру мүмкін емес деген айрықша сенімділікті білдіретін шешендік тәсіл.
а) риторикалық сұрау
ә) бернелеу (символ)
б) мезгеу (синекдоха)
в) алмастыру (метонимия)
28.“Қайталау-топ алдында айтылған сөзге шешендік сипат беретін күшті құралдардың бірі. Ол айтпақ ойдың бір қырына тыңдаушы назарын қазықтай түседі, сонымен қатар көркемдік-эстетикалық жүкте арқалайды. Қайталаудың қай түрі де: бір сөздің бір сөйлем ішінде қайталануы; сөздің не тіркестің қатар келген сөйлемдер арасында қайталануы; абзацаралық қайталаулар шешен сөзін ритмикалық ,синтагмалық периодтық топтарға ажыратады”. Кімнің ғылыми пікірі?
а) Р.С.Сыздықова
ә) Н.О.Оралбаева
б) Ә.Мәметова
в) Гүлбану Қосымова
29. Кім көрді көктің жерге құлағанын,
Кім көрді күннің жарық сұрағанын... (И.Байзақов)
Қайталаудың қай түрі?
а) анафора
ә) эпифора
б)аллегория
в) антитеза
30. «Жақсы ойлар тамаша сөзден артық саналады. Сөз дегеніміз,былайша айтқанда, сырт киім. Ой-киімнің астында жасырынған дене”. Кімнің пікірі?
а) Ф.М.Достаевский
ә) П.С.Пороховщиков
б) М.Горький
в) Д.И.Писарев



  1. Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедийлік

қамтамасыздандыру (пәннің мазмұнына қарай). ПОӘК шығыс мәліметтерді және мекенжайы көрсетілу қажет – кітапхана, кафедра т.б.

Бұл тарау жоспарланбаған



  1. Арнаулы аудитория, кабинет және лабораториялар тізімі.

Кесте бойынша

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет