Тақырыбы: Шешен этикасы.
Шешеннің этикалық мәдениеті психологиялық мәдениетімен, қарым-қатынасты сәтімен жүзеге асыру тактісімен, білік-дағдысымен тығыз байланысты. Сөйлеу шеберлігінің осы жағын коммуникативтік мәдениет не қарым-қатынас мәдениеті деп те атайды. Шешен этикасы – адамгершілік нормаларының, бағдарлау құндылықтарының, оның өз міндеттеріне, жұмыс мақсатына, тыңдаушыларына қатынасын анықтайтын тәртіп ережелерінің жиынтығы. Шешендік этиканың аса мәнді элементтерінің бірі – аудиторияға құрметпен, жылылықпен қараудан туған такт, ашықтық, елгезектік, сезімталдық қалып ұсталуы.
Достарыңызбен бөлісу: |