Пән бойынша оқыту бағдарламасы – SYLLABUS
Мүтеев З.Ж. - қазақ филологиясы кафедрасының доценті
Дүйісмағанбетова Ә.М., Мусина Ж.Ғ. - ОҚЫТУШЫЛАР
Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы №4 ғимараттың
4-қабаты, 409-бөлме
«Шешендік өнер және мәнерлеп оқыту»
Семестр 15 оқу аптасынан және 2 апта сессиядан тұрады. Бір аптада 2 кредит сағат саны, әр кредит сағат саны (дәріс, практика) екі байланыс сағаттан және 1 ОЖСӨЖ тұрады.
Аптаға кредит –сағат санының бөлінуі
Сабақ
|
Өткізу уақыты
|
Сабақ
|
Өткізу уақыты
|
Байланыс сағаты
2
(дәріс, практика)
|
50 минут+
50 минут
|
ОЖСӨЖ
|
50 минут
|
Оқу жоспарынан көшірме
Курс
|
Семестр
|
Кредит
|
Дәріс
|
Семинар
|
ОЖСӨЖ
|
Барлы
ғы
|
Бақы
лау түрі
|
ІІ
|
ІІ
|
2
|
-
|
30 сағ.
|
14 сағ.
|
44 сағ.
|
емтихан
|
КІРІСПЕ “Сөз мәдениеті және ритоика, ” пәні сөз құдіретін танытатын, болашағымыз жастарды өз мамандықтарына сәйкесті шешен сөйлеуге баулитын тіл білімінің категориясы.
Курста риториканың түрлері, шешен сөйлеудің техникасы, оның оймен байланысы қарастырылады. Бұл пән - филолог емес мамандарға арналған, оқу бағдарламасына сәйкес жүргізілетін бірден-бір пән.
Курс мақсаты - студенттерге оқытудың, тәрбиелеудің және оқушыларды дамытудың маңызды амалы ретінде, педагогтің кәсіби іс - әрекетіндегі маңызды құрал ретінде сөйлей білуге көмектеседі.
Курс міндеті:
- студенттерді қарым-қатынас туралы, олардың түрлері, сөйлеу сапалылығы (мәселен, сөз дұрыстығы, тазалығы, дәлдігі, дәлелдігі, байлығы, логикалығы, коммуникативтік жағынан сәйкестілігі), қазіргі қазақ әдеби тілінің нормалары туралы білім көздерімен таныстыру; әдеби тілдің нормаларынан орынсыз ауытқуларды (бұл арада әдеби тілдік норманы бұзушылық туралы) тез аңғару дағдыларын қалыптастыру; өзіндік сөйлеген сөзіне талдай жасай білуге үйрету; сөз сөйлеу сәтіндегі кемшіліктерден құтыла білуге ұмтылыс дағдысын қалыптастыру;
- болашақ мұғалімдерді педагогикалық қарым-қатынас мейлінше тиімді болу үшін өзіндік дауысқа (дауыс тонына), сөйлеу аппаратына ие болуға үйрету;
- кәсіби тұрғыда аса мәнді сөз сөйлеу шығармашылығын туындатуға әзірлеу.
Достарыңызбен бөлісу: |