Тақырыбы: Шешеннің сөйлеудің логикасы. Шешендіктану – тілдік қатынастың қилы аспектілерін қамтитын кешенді пән. Шешендік өнерді игеру барысында шешен сөйлеудің логикалық аспектілері өз алдына бір бөлек мәселе. Жалпы шаршы топ алдында ауызша сөйлеу өзіндік эмоциональдығымен, көркемділігімен қызықтырары даусыз. Солай десек те, сөзді логикалық тұрғыда ұйымдастыруға арқа сүйенілмесе, ойлаған мақсатқа сай келмесі де ақиқат. Сөйленген сөзде логиканың болмауын психологиялық амалдармен де алмастыру мүмкін емес. Кез келген сөйленген сөздің тиімділігі, жандылығы алғашқы кезекте оның мазмұндылығымен анықталары сөзсіз.