Семинар 30 сағ. ОжсөЖ 30 сағ. СӨЖ 30 сағ Барлығы 90 сағ. Орал, 2010


Дәрістік кешен (семинарда талқыланатын тақырыптар, көрнекілік, таратылу материалдары, қажетті әдебиет тізімі)



бет4/5
Дата30.05.2017
өлшемі0,88 Mb.
түріСеминар
1   2   3   4   5

5. Дәрістік кешен (семинарда талқыланатын тақырыптар, көрнекілік, таратылу материалдары, қажетті әдебиет тізімі).

Тақырыбы: Сөз мәдениеті және риторика пәні туралы түсінік

Шешен діктанудың ғылым және оқу пәні ретінде дамуы мыңдаған жылдарды қамтиды. Әрбір кезеңге сәйкесті оның мазмұны да әрқилы. Ол әдебиеттің ерекше жанры есебінде де, сөйлеу шеберлігінің белгілі бір түрі (жазбаша және ауызша) есебінде де, ауызша сөйлеу ғылымы әрі өнері ретінде де қарастырылды. Қазіргі таңдағы зерттеу еңбектерінде шешендіктану кешенді пән ретінде қарастырылып, құрамына тілдік қарым-қатынастың ( тілдік коммуникация) логикалық, лингвистикалық, психологиялық, физиологиялық, көркем әдеби және тағы басқа аспектілерін қамтиды. Бұл ғылым саласының “шешендік өнер”, “шешендік”, “шаршы топ алдында ауызша сөйлеу шеберлігі”, “элоквенция” сияқты өзге де атаулары бар.



Тақырыбы: Шешендіктанудың тарихи парақтары

Шешендіктану /риторика/ - ежелгі ғылым салаларының бірі. Оның пайда болып, өмір сүруі мыңдаған жылдарды қамтиды. Әртүрлі кезеңдерде оның қоғамдық өмірдегі орны жоғары не төмнгі деңгейде бағаланады, бірақ өз дамуын тоқтатпады. Шешендік өнердің өркен жайып гүлденуі желгі грек және ежелгі рим республикаларының өркендеуімен, Ренесанс дәуірімен, ХҮІІІ ғасырдағы Франциядағы және ХХ ғасырдағы Ресейдегі революциялармен тұспа-тұс келді. Шешендік өнердің теориясы мен практикасы ретінде шешендіктану ғылымы біздің жыл санауымызға дейінгі Ү-ІҮ ғ.ғ Ежелгі Грецияда қалыптасты. Ежелгі Грецияда шешендік шындыққа жету құралы болып табылатындығы және бұл өнер ғана емес / эпос, лирика, музикамен қатар/, сондай-ақ адамды танып-білудегі филсофиямен жарысқа түсе алатын ғылым екендігі туралы сенім қалыптасты. Ежелгі герцияда шешендік өнерге оқытып-үйрететін, баулитын ақылы оқытушы –софистер пайда болды. Софистер сөзді ойната, құбылта қолдана білді, олар шешендік өнердің практикасына ғана емес, теориясына да үлкен мән берді. Шешендік өнер туралы ғылым ретінде шешендіктанудың /риторика/ негізін де осылар қалады.



Тақырыбы: Шешендіктану теориясының орта ғасырда және жаңа дәуірде дамуы

Ү ғ. соңында құл иеленуші Рим империясының құлауы жаңа феодалдық формацияға өту кезеңнің бастау болды. Ерікті азаматтардың тең құқылы қатынасы сеньорлар мен вассалдардың иерархиялық субординанациясымен алмастырылды. Жаңа кезең әлеуметтік-экономикалық өмірдің барлық салаларында, соның ішінде шешендіктануға да елеулі өзгерістер әкелді. Насихатта ісі шешендік шеберліктің мейлінше жоғары деңгейде болуын талап етті. Үгіт-насихаттың негізінде антикалық шешендіктану мен формальды логиканың негізгі нормаларын, ежелгі шешендердің тәжірибесін қабылдаған орта ғасырлық шешендік өнер дами түсті. Діни тонмен көмкерілген орта ғасырлық шешендік өнер жаңа сапаға да ие болды.



Тақырыбы: Шешеннің сөйлеудің логикасы.

Шешендіктану – тілдік қатынастың қилы аспектілерін қамтитын кешенді пән. Шешендік өнерді игеру барысында шешен сөйлеудің логикалық аспектілері өз алдына бір бөлек мәселе. Жалпы шаршы топ алдында ауызша сөйлеу өзіндік эмоциональдығымен, көркемділігімен қызықтырары даусыз. Солай десек те, сөзді логикалық тұрғыда ұйымдастыруға арқа сүйенілмесе, ойлаған мақсатқа сай келмесі де ақиқат. Сөйленген сөзде логиканың болмауын психологиялық амалдармен де алмастыру мүмкін емес. Кез келген сөйленген сөздің тиімділігі, жандылығы алғашқы кезекте оның мазмұндылығымен анықталары сөзсіз.



Тақырыбы: Шешеннің сөйлеу мәдениеті

Шешеннің өзіндік көзқарасының ой ұшығы, сезімі мен ойлары, оның сөйлеу логикасы мен фактологиясы ауддитория үшін дыбысталған сөз күйінде көрініс табады. Шаршы топ алдында шебер сөйлеу білігі сияқты шешеннің басты қасиеті оның ойын ақырына дейін мейлінше дәл білдіруге көмектесетін бірден-бір айқын да жарқын сөздерді ершеп ала білу білігімен бөлінбес бір тұтастықта болып келеді. Шешеннің тіл мәдениеті - сөйлеудің тиімділігін, ұғынықты да түсініктілігін және мәнерләгін қамтамасыз ететін, ана тілінің барлық байлықтарының ішінен аса қажеттті әсер етуші тілдік құралдарды іріктеп, саралап алу білгірі.



Тақырыбы: Шешен мен аудиторияның ара қатынасы

Сөйленер сөздің тақырыбы анықталып, тезистік жобасы жүйеленген, дәлелдер жүйесі іріктеліп ойластырылған, сөйлейтін сөз композициялық құрылымы жағынан жинақталып, алдынала редакцияланған делік. Демек, сөйлеу алды коммуникативтікке дейінгі әзірлік сатысындағы жұмыстар аяқталды деген сөз. Енді біразырақ әзірліктен кейін сөз сөйлеу кезеңі басталады. Бұл кезеңде шешенге психология, этика, педагогика ғылым салары көмекке келеді. Шаршы топ алдында сөйлеудің қай-қайсы да шешеншнің тыңдаушы психикасына сөз арқылы мақсатты әсер етуі. Осы орайда пайда болатын және олардың шешімін табуда психология ілімі септесетін мәселелер шеңбері мыналар: тыңдаушылардың назарын аудара білу және оны ұйымдастыру; шешен мен аудиторияның аралық байланысы қалай қалыптастырылады; ақпаратты екшеу, меңгеру және ұсыну үдересі қалай бағытталады; бұл үдерісті басқаруға бола ма; әр түрлі аудиторияның әлеуметтік –психологиялық ерекшеліктері неден құралады және оларды қалай сауатты ескеруге болады т.б



Тақырыбы: Шешен этикасы.

Шешеннің этикалық мәдениеті психологиялық мәдениетімен, қарым-қатынасты сәтімен жүзеге асыру тактісімен, білік-дағдысымен тығыз байланысты. Сөйлеу шеберлігінің осы жағын коммуникативтік мәдениет не қарым-қатынас мәдениеті деп те атайды. Шешен этикасы – адамгершілік нормаларының, бағдарлау құндылықтарының, оның өз міндеттеріне, жұмыс мақсатына, тыңдаушыларына қатынасын анықтайтын тәртіп ережелерінің жиынтығы. Шешендік этиканың аса мәнді элементтерінің бірі – аудиторияға құрметпен, жылылықпен қараудан туған такт, ашықтық, елгезектік, сезімталдық қалып ұсталуы.



Тақырыбы: Шешеннің сөйлеу техникасы

Сөз сөйлеу үдерісінде аудиторияға әсер ету барысында шешен лингвистикалық, паралингвистикалық және кинетикалық құралдардың тұтас кешеніне жүгінеді. Сөзсіз, қай уақытта да ең бастысы сөз болып қала береді. Ал шешендіктану – жанды, дыбысты сөз туралы ғылым. Демек сөз арқылы түйінделген ой қаншалықты маңызды болса да, ол тыңдаушыларға тек шешеннің сол сөздері нақты да түсінікті, мөлшерленген күйде дыбыстауы, айтуы арқылы ғана әсер ете алады. Сөйлеу өнерінде ең бастысы деп нені есептейтіндігін сұрағанда, Демосфен айтылажақ сөздің қалыпты да үйлесімді дыбысталуына ең алғы кезекте ерекше мән берудің аса қажеттілігін баса айтқан. Сөйлеу техникасы – шешендік туралы ғылымның өте арнайы да маңызды тарауы. Өзгелерінен ерекшелігі бұнда дыбыстау дағдылары бойынша жүргізілетін ұзақ мерзімді, тегеурінді машықтық жұмыстар мен жаттығулар аса маңызды. Сөйлеу техникасының құрамды бөліктері – бұл дыбыстық, тыныстық қойылымы, сөйлеу сәтіндегі дауыстың, дикциясының, орфоэпиясының дұрыс қойылымы. Сөйлеу техникасының мәні – дыбыстау нормаларын сақтауда артикуляция, дыбыс, тыныс бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  • Сөз мәдениеті және риторика пәні туралы түсінік

  • Сөз мәдениеті және риторика пәнінің мақсат, міндеттері

  • Антикалық шешендіктану

  • Аристотельдің шешендік өнері

  • Демосфен шешендігі

  • Грек шешендік өнер дәстүрінің ежелгі Римде дамуы

  • Цицерон және антикалық шешендік өнер

  • Квинлитианның «Шешендік тәлімдері»

  • Қазақтың шешендік өнеріъ

  • Майқы би шешендігі

  • Жиренше шешеннің шешендік сөздері

  • Төле би шешендігі

  • Қазыбек би шешендігі

  • Әйтеке би шешендігі

  • Қазақ шешендік өнерінің зерделенуі

  • Қазіргі ұлттық шешендік өнер

  • Алғашқы орыс шешендік өнері

  • М.В.Ломоносовтың «Шешендікке қысқаша басшылығы»

  • 19 ғасырдағы Ресейдегі академиялық және сот шешендік өнері

  • Дауыс – сөйлеу аппараты туралы

  • Тыныс – дауыс саздылығы негізі

  • Диафрагма жұмысын белсендіру амалдары

  • Сөйлеу саздылығы

  • Кідіріс. Логикалық екпін

  • Артикуляция және дикция

  • Сөйлеу мәдениеті ұғымы

  • Әдеби тіл – тілдің өмір сүруінің жоғарғы формасы

  • Сөйлеуге қойылатын негізгі талаптар

  • Сөйлеу стильдері

  • Сөйлеу дұрыстығы

  • Қазіргі қазақ тілінің орфоэпиялық нормалары

  • Сөйлеу екпінін үйлестірудегі қателіктер

  • Грамматикалық норма

  • Академиялық шешендік

  • Сотта сөйлеу ерекшеліктері

  • Әлеуметтік-саяси шешендіктану түрлері

  • Діни тақырыпта сөйлеу

  • Тұрмыстық сөйленіс

  • Тақырып таңдау

  • Алдағы мақсатты анықтау

  • Жадығаттарды іріктеу

  • Мәтінді редакциялау

  • Сөйленер сөзге әзірлену

  • Антикалық шешендіктану теориясындағы логика ен риторика

  • Формльды логика заңдары тулралы

  • Мәтіннің логикалық*-композициялық құрылдымы

  • Мәтінді логикалық-композициялық тұрғыда құрастырудағы кемшіліктер

  • Дәлелдеме ұғымдары

  • Дәлелдеу амалдары

  • Біржақты және екіжақты дәлелдеме

  • Тиімді дәлелдеудің жалпы ережелері мен амалдары

  • Шаршы топ алдында сөйлеу тілі мен стиліне қойылатын негізгі талаптар

  • Риторикалық фигураларды қолдану ерекшеліктері

  • Сөйлеудің лексикалық және синтаксистік экспрессивтілшігі

  • Аудиторияны модельдеу заңы. Ұйымдастыру кезеңі

  • Аудиториядағы шешен мен тыңдаушылардың орналасуы

  • Шешеннің сыртқы кейпі мен мәнері және қимылы, тұрысы

  • Шешеннің дауысы, интонациясы,дикциясы

  • Қысылыс, толғаныстарды жою амалдары

  • Қарыми-қатынас мәдениетьі туралы ұғым

  • Іскерлік сөйлеу мәдениеті

  • Қазіргі этикет. Сөйлеу этикеті.

  • Іскерлік қарым-қатынастың ерекшеліктері

  • Пікіралмасу жүргізу мәдениеті




6. Семинар (семинар) сабақтардың жоспары.

(Бұл тарау жоспарланбаған)



7.Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар
СӨЖ- дидактикалық тапсырмаларды өз бетімен орындауға, танымдық қабілетті арттыруға және белгілі бір ғылым саласына байланысты білімін толықтыруға негізделген оқу процесінің ерекше бір түрі.

СӨЖ оқытушының қатысуымен /ОЖСӨЖ/ аудиториядан тыс және оқытушысыз аудиториядан тыс /СӨЖ/ сабақтардан тұрады.

Мәселен, ОЖСӨЖ-де студенттер қоғамдағы ең бір өзекті мәселелерге байланысты пікірталас, ойталқылар ұйымдастырса, СӨЖ- де антикалық, орта ғасырлардағы, ресей шешендіктануындағы, қазақ шешендік дәстүріндегі небір нақыл сөздерді талдайды.

СӨЖ тақырыптары:



        • Аристотельдің шешендік нақылдары

        • Демосфен шешендігі

        • Цицерон шешендігі

        • Квинлитиан шешендігі

        • Сократ нақылдары

        • Төле би шешендігі

        • Қазыбек би шешендігі

        • Әйтеке би шешендігі

        • Сырым батыр шешендігі

        • Жиренше шешендігі

        • Қарашаш шешендігі

        • Бөлтірік шешендігі

        • Майқы би шешендігі

        • Аяз би шешендігі

        • Досбол шешендігі

        • Бұқар жырау жырау шешендігі

        • Бала би шешендігі



8.Типтік есептеу, графикалық жұмыс, лабораторлық жұмыс, курстық

проект (жұмыс) орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулар.

Бұл тарау жоспарланбаған


9.Студенттердің өзіндік жұмысына арналған материалдар: үйге берілген

тапсырмалардың мәтіні, әрбір тақырып бойынша өзін-өзі тексеру материалдары, реферат т.б. ұй жұмыстары бойынша тапсырмалар, әдебиет тізімі және арналған уақыт көлемі.

Бұл тарау жоспарланбаған



10. Оқу, өндірістік және дипломалды сараманды өткізу жөнінде әдістемелік

нұсқаулар және есеп құжаттарының түрі (егер пән бойынша қажет болса).

Бұл тарау жоспарланбаған




  1. Студенттің оқу жетістіктерін бақылау және бағалау материалдары

(бақылау тапсырмалары, тесттік тапсырма, өзін-өзі даярлау сұрақтар тізімі, емтихандық билеттер және т.б.)
Білімді бағалау жөніндегі мәлімет

«Пән бойынша білімді бағалау кестесі»

Бағалау саясаты:





«Мамандық бойынша оқытылатын «шешендік өнер және мәнерлеп оқу» пәні бойынша білімді бағалау кестесі


Бағалаукритериясы


Бағалау түрі

Апта

Жұмыс үшін %

Барлығы

%


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

Сабаққа қатысу

1

10









+

+

+

+

+




+

+

+

+

+




2

ОЖСӨЖ

1

15

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

3

Реферат

4

8



















+



















+




4

Семинар сабақтары

1

15

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

5

СӨЖ

0,5

8














































6

Аралық бақылау

2

4






















+



















+




Р1 + Р2




60

















































Емтихан




40














































Барлығы




100















































Апта 14 кредит сағат 2



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу