Дюма(1802—1870) драматургиясы Романтикалық драманың күрескері Гюгоның ең жақын серіктесі. мушкетерлер туралы белгілі трилогия мен «Граф Монте-Кристо» романының авторы Александр Дюма. Ол 20 жылдардың соңы мен 30 жылдардың басында романтикалық қозғалыстың ең белсенді қатысушыларының бірі болды.
Дюманың әдеби мұрасынан маңызды орынды драматургия алады. Ол барлығы алпыс алты пьеса жаэды, оның көбісі 30-40-жылдардың еншісіне жатады. Дюмаға өдеби және театрлық табысты- 1829жылы «Одеон» театрында қойылған «III Генрих және оның ауласы» атты бірінші пьесасы әкелді. Одан кейін оның «Антонии» (1831), «Нель мұнарасы» (1832), «Кин немесе Данышпандық пен оңбағандық» (1836) және тағы басқа пьесалары танымал болды.
Дюманың пьесалары - романтикалық драманың кәдімгі үлгілері болды.
1847 жыл «Марго ханшайым» спектаклімен Дюма өзі құрған «Тарихи театрын» ашты. Оның сахнасында Францияның ұлттық тарихи оқиғаларын көрсету жоспарланған болатын. Театр ұзақ өмір сүрмесе де (ол 1849 жылы жабылып қалды), ол Париж Бульварлы театрларының тарихында белгілі орын алды. Жылдар өткен сайын Дюма драматургиясынан прогресшіл тенденциялар кете бастайды. 1848 жылдың қазанында Дюма өз «Тарихи театрының» сахнасында А.Макемен бірге жазылған «Каталина» пьесасын қойды.
театра, (ред. С.Мокульского). Т.1. - М., 1956.
15 апта Ағылшын гуманизмінің өзіндік бейнесі. XVI ғ. ағылшын театрының дамуы. Ағылшын кәсіпқой театрының қалыптасуы. Глобус театры және Шекспир. Ричард Бербедж (1567-1619) қайта өрлей дәуіріндегі Англияның ірі актеры.