Тақырыбы: Буржуазиялық революцияшыл француз драматургиясы (жалғасы)Сентимитальды -дидактикалық комедиясы мен буржуазиялық драмасының дамуы. Дәріс мазмұны: Революцияшыл француз драматургиясы буржуазиялық күнделікті өмірге - ол тамаша әсерлер мен қарқынды күреске, өткір драмалық ситуацияларға толы өмір кешкен кейіпкерлерді қарсы қойды.
Тарихшылардың айтуынша, халықтың бойындағы ыза-кегінің оянғаны соншалық, олар пьеса аяқталысымен король мен оның нөкерлерін сол мезетте өлтіріп кететіндей сұстанатын.
Мюссе(1810—1857) драматургиясы Францияның романтикалық театры тарихында ерекше орынды Альфред де Мюссе алады. Оның есімі - романтизмнің негізін салушылардың аттарымен бірге айтылады. Мюссенің «Ғасыр ұлының тәубесі» романы - Францияның әдеби өміріндегі ең ірі оқиғалардың бірі болды.
30 жылдарда жазылған Мюссе пьесалары («Венециялық түн», «Марианнаның баптары». «Фантазио») жаңа үлгіде ұсынылған романтикалық комедиялардың керемет үлгілері болды. Мысалы, «Венециялық түн» (1830) пьесаның соңы дәстүрлі махаббатқа қызғаншақтыққа және өлімдерге толы қанды драманы алдын ала болжайды.
«Махаббатпен әэілдеспейді» пьесасындағы оқиғалар маңызды емес, бірақ кейіпкерлердің психологиялық әсерленгіштігі олардың рухани дуниесін ашып береді.
Мюссенің әлеуметтік пессимизмі «Лорензаччо» (1834) драмасында айқын көрініс тапқан. Бұл драмада Мюссенің көтеріліс жолымен тарихты өзгерту жөніндегі трагедиялық әрекеттер туралы ойлары тоғысқан.