Бальзак (1799-1850) драматургиясы
30-40 жылдардағы француз драмасының реалистік бағыты Францияның ұлы романистерінің бірі Оноре де Бальзактың драматургиясында ерекше толысқан күшпен көрінді.
Осы уақыттан драматург шығармашылығының ең гүлденген кезеңі басталды. 1839-1848 ішінде Бальзак алты пьеса жазды: «Үйлену мектебі» (1839), «Вотрен» (1839), «Киноланың үміттері» (1841), «Памела Жиро» (1843), «Іскер» (1844), «Өгей ана» (1848). Әр турлі көркемдік бағыттағы драматургиялық жанрлардың тәсілдері мен түрін қолдана отырып. Бальзак ақырындап реалистік драманы жасау жолына түседі. Сол кездегі француз сахнасын толтырған драмалық шығармаларға ұқсас пьесаларды жазуды ұйғарған Бальзак: «Тәжірибелік жұмыс ретінде мен мещандық тұрмыстан жай, қарапайым ғана, ешқандай у-шу тудырмайтын, басқаларға «шынайылық» қандай әсер беретінін көру үшін драма жазып жатырмын» деді. Бірақ оның «қарапайым ғана» пьесасы өте күрделі мәселеге арналды.
Достарыңызбен бөлісу: |