Драматургия (гр.dramaturgіa) — қандай да бір халықтың немесе жазушының белгілі бір дәуір мен кезеңдегі драмалық шығармаларының жиынтығы. Қазақ әдебиетінің тамыры терең театрмен сабақтас саналатын жанрының бірі - драматургия саласы. Ол сонымен бірге, театр өмірінің шешуші құралы іспеттес. Драматургия тартымды тартысты болса сахналанған көрініс те көрермен тарапынан жақсы бағаға ие болары сөзсіз.
Драматургия саласының әдебиеттің басқа жанрларынан артық ерекшелігіне тоқталсақ - ол адамның жан дүниесіндегі асқақ сезімдер мен жалынды сан-салалы арпалыстарын психологиялық сипатта көрініс тауып, кісінің жан-жарасын көрерменге табиғи түрде бере білу, өмірдегі мәселелерді айқын да шынайы бейнелеп жеткізу болып табылады. Яғни драмалық шығармалар- екі бағытта өрбиді.