Хх ғасырдағы қазақ драматургиясы



бет3/4
Дата26.01.2022
өлшемі1,26 Mb.
#114916
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Баржақсы Ұлдана

Қазақ драматургиясы туралы Ә.Тәжібаев, «Қазақ драматургиясының очеркі» (1960), Р. Рүстембекованың «Қазақ Совет комедиясы» (1975), М. Дүйсековтің «Қазақ драматургиясының жанр, стиль мәселесі» (1977), Е. Жақыповтың «Дастаннан драмаға» (1979), Н. Ғабдуллиннің «Ғ.Мүсірепов-драматург» (1982) сынды арнаулы еңбектері жазылған болатын.

  • Қазақ драматургиясы туралы Ә.Тәжібаев, «Қазақ драматургиясының очеркі» (1960), Р. Рүстембекованың «Қазақ Совет комедиясы» (1975), М. Дүйсековтің «Қазақ драматургиясының жанр, стиль мәселесі» (1977), Е. Жақыповтың «Дастаннан драмаға» (1979), Н. Ғабдуллиннің «Ғ.Мүсірепов-драматург» (1982) сынды арнаулы еңбектері жазылған болатын.
  • Диалогтар мен монологтар арқылы болмыстың сан алуан шындықтарын ашуды діттейтін драматургия сахнаға қойылу үшін жасалады. Жанрдың осы ерекшеліктерін ескерген театр сыншылары Б. Құндақбаев, А. Тоқпанов, Қ. Қуандықов, О. Қайдалова, У.Садықова, Ә. Сығай, Б. Нүрпейісовалар еңбектерінде драматургия хақында аса құнды пікірлер бар. Әйтсе де, драматургияның ішкі заңдылықтарын, оның жанрлық түрлері, теориясын айқындауды драмалық шығармалардың тарихи сипаттамасын жасауда осы саланың аса білгірі ғалым Р.Нұрғалиевтің еңбектерін ерекше атап өткеніміз жөн.
  • «Қазақтың театр өнері біздің заманымызда басталғанына біз қуанамыз. Бірақ, сол қуанышпен бірге бұл сияқты ірі өнердің келешегі үшін жауапты екенімізді де ұмытпауымыз керек. Сондықтан бұл мәселеге үлкен сақтықпен кірісіп, көп ойланып, ептеп бастау керек» - деп сахна өнеріне аса жауапкершілікпен қараған. М. Әуезов, шын мәнінде қазақ драматургиясының, театр сынының, сахна өнері теориясының негізін қалаушылардың бірегейі болды.

«Суретті әдебиет ішінде көпке жететін дегені дөп тиетін, әсері мол болатын түр – драма» - деп жазған М. Әуезов қазақ фольклорының жай ғана еліктеушісі емес, шын мағынадағы мұрагері жаңа сипаттағы туындылар берген жасампаз суреткер болды. Халықтың ежелден бері сақтап, келе жатқан фольклорлық мұралары – батырлық, ғашықтық тарихи жырлардың тақырыбы мен сюжетін негізге ала отырып, ол - «Еңлік-Кебек», «Айман-Шолпан», «Қара қыпшақ Қобыланды», «Бекет» сынды уақыт сынына төтеп берген драмалық шығармаларды жазды.

Ұлттық драматургияда төңкеріс тақырыбын алғаш көтерген Сейфуллин болды. Оның “Бақыт жолында”, “Қызыл сұңқарлар” пьесаларында драмаға лайықты сипат сақталған. Бұл аталған пьесалардың үгіттік бағытынан, көркемдік және тарихи шындықтың тұтастығынан, оқиғаның құжаттық дәлділігінен, этнограф бедерінің сақталуынан көрінеді

20 ғасырдың 40 — 50-жылдары ұлттық драматургия жаңа белеске көтерілді. Бұрынғы тарихи-күрескерлік тақырып М.Ақынжановтың “Исатай — Махамбет”, Сәбит Мұқановтың “Күрес күндерінде”, Әуезов пен Ә.Тәжібаевтың “Ақ қайың”, Әуезовтің “Абай” трагедияларында жалғасын тапты

Сондай-ақ, Әуезовтің “Қарақыпшақ Қобыланды”, Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш — Баян сұлу” пьесалары күрделі жанрдың өзіндік ерекшелігін меңгерудің үлгісіне айналды. 



Осы жылдары күнделікті тірліктің маңызды мәселелерін қозғаған Ш.Хұсаиновтың “Марабай”, аңыз-ертегінің негізінде жазылған “Алдаркөсе” комедиясы жарық көрді. Қазақ халқының әр кезеңдегі ұлы қайраткерлеріне арналған Мүсіреповтің “Ақан сері — Ақтоқты”, Ақынжановтың “Ыбырай Алтынсарин”, Мұқановтың “Шоқан Уәлиханов”, Тәжібаевтың “Майра” пьесалары да отандық драматургияның ірі жетістіктері болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет