Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі М. Тынышбаев Қазақ Көлік және Коммуникациялар Академиясы Кафедра: Көлік құрылысы



бет1/12
Дата07.02.2022
өлшемі397,85 Kb.
#84686
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
архитект ура курсовой


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М.Тынышбаев Қазақ Көлік және Коммуникациялар Академиясы
Кафедра:Көлік құрылысы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС


Тақырыбы:Аз қабатты ғимарат


Пәні:Сәулет 1
Орындаған:Жұмакелді Жанайым
Топ:ТС(СЖД)-18-2к
Тексерген:Джолдасова Қ.К





Мазмұны
Кіріспе
1. Қаратау қаласы туралы мәлімет.
2. Берілген мәліметтер.
3. Ғимараттың көлемдік- жоспарлау шешімі.
4. Ғимараттың конструктивтік шешімі.
5. Ғимараттың инженерлік жабдықтары.
6. Қауіпсіздіктің маңызды талаптары.
6.1. Қоршаған ортаны қорғау.
7. Ғимараттың құрылымдық шешімдері.
8. Технико-экономикалық көрсеткіштер.
8.1. Жобаланатын ғимараттың техника-экономикалық көрсеткіштерінің есебі.
9. Қоршау конструкциясының жылу техникалық есебі.
9.2 Сатының геометриялық өлшемін анықтау.
9.3. Аралық жабындарды есептеу.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе
Сәулет - құрылыс өнері; жобалау және құрылыс салу өнері.Архитектура, сәулет өнері – құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Архитектура латынша archіtectura, ал грекше аrchіtekton, яғни құрылысшы деген мағынаны білдіреді. Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар: әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер. Сәулет өнері – техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері. Адамзат баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан. Адамдар неолит кезінде үйді ағаштан, қамыстан, талдан және балшықтан салды. Су айдынында, қағылған қазықтың үстіне тұрғызылған үйлер де болған.Біздің түсінігімізде сәулет өнері (архитектура) күнделікті адамдар өмірі үшін салынған ғимараттар. мысалы: тұрғын үйлер, қоғамдық және тұрмысқа қажетті құрылыстар, мемориалдық ескерткіштер.
Сәулет өнері төмендегідей типтерге бөлінеді.
Тұрмыстық - қалалық және ауылдық үйлер, сарайлар;
Кәсіби - фабрика, зауыт құрылыстары, электр торабы орталықтары, гидротехникалар, теңіз порты, вокзал, метро және т. б.
Шаруашылық - қоймалар, гораж, автотұрақтар.
Қоғамдық - оқу - ағарту, білім үйлері, театр, мәдени демалыс үйлері, мұражайлар, көрме залдары, стадион, мемориалдық ескерткіштер және т. б.
Сәулет өнері кеңістік мәселесін шеше отырып қоршаған ортаны эстетикалық жағынан да меңгертеді. Сәулеттік бейнедегі көркемдік ғимараттар өз функциясынан алыстамайды, ол ғимараттың кімге арналып салынғанын көрсетеді.

3



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет