Семинар №9 Тақырыбы: Қазақ тілі емле ережелеріне қатысты ұсыныстар


Giremәpon, Meknijke, Qarkop, sabet



бет6/8
Дата20.05.2020
өлшемі469,83 Kb.
#70045
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
13-аптаның семинары (1)

Giremәpon, Meknijke, Qarkop, sabet сөздерінің әртүрлі орфограммаланып кеткенін жазды.

1936 жылы “һ әрпі әліпбиде болғанмен, қазақ сөздерінде ұшырап жарымайды, тек одағайларда кездеседі” деп, әліпби құрамынан ө, ә, j (й) және с таңбаларын шығарып, һ әрпін <ғ> фонемасына беруді ұсынады. Ал j-ді і дауысты дыбыс әрпімен, v-ны u-мен беруге болады дейді. Сөздің жіңішкелігіне дәйекшеден басқа і, к, g әріптері де қарақшы (маркер) бола алатынын көрсетеді.

Сонда Қ.Жұбановтың әліпби құрамынан алып тастауға болады деген таңбалары мыналар болды: ө, ә, j, ғ, v.

Және ұу, үу, ый, ій қосар таңбаларының орнына бір таңба алуды, дәйекше қызметін пайдалануды ұсынады.

Қазақ-латын графикасының кемшілігі деп, “сызылған” ө, “құйрықты” з, ŋ, “аударылған” е (ә), “созылған” g (q), “белі сызылған” z таңбаларын атайды. Сөйтіп, “Таким образом вместо прежних 13 букв по значению и 17 букв по числу знаков оставляются 7 букв, 7 знаков” дейді.

Сыз, сіз дегенде ы, і әріптері сөз дыбысталуының ғана жуандығы мен жіңішкелігін көрсету үшін тұрған жоқ, ол бүтін буынның жуан-жіңішкелігін көрсетуге қойылған қарақшы”. “Жазуда буын сайын бір дыбыстың жуан-жіңішкелігін айы-рып таңбалағанда, әр буынның дауысты дыбысының ғана жуан жіңішкелігін айырып таңбалаймыз. Әрқайсысына екі әріп алып әурелемей-ақ, буын-буынның ғана жуандығын я жіңішкелігін айыртқандай бірақ белгі қоятын болсақ, әрпіміздің санын бүгіндегімізден де азайтып 26-ға түсіруге болар еді” деді А.Байтұрсынұлы жолымен (4-кесте).



Ал кірме сөздерді жазғанда орыс тіліндегі түбірін сақтап, қосымшаны қазақ тілде жалғауды, сондай-ақ туынды кірме сөздердің жұрнағын қазақ тілінде беруге болатынын ескертті (федератировать-федерациялау).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет