Семинар № 10
Тақырыбы: Қ.Жұбановтың әліпби, емле туралы тұжырымдамалары
Негізгі сұрақтар мен тапсырмалар: 1. 1938 жылы емлеге енген өзгерістер
1933 жылдан бастап емлені өзгертуге байланысты ұсыныстар беріле бастайды. Алғашқы жобаны Қ.Жұбанов ұсынды. Ғалым ұсынған әліпбиде 24 әріп, бір дәйекші болды.
а <а>-<а’>, b <б>-<б’>, с<ш>-<ш’>, k <к>, q-<қ>, l <л><л’>, r <р>-<р’>, s -, m <м’>-<м>, d <д>-<д’>, n <н><н’>, t<т>- <т’>, е -, ң <ң>- <ң’>, u -<у>-, g<г>-<ғ>, х <х>-<х’>, у<ұ>-<ү>, һ <һ>-<һ’>, о <ө>-<о>, z <з><з’>, і<ыj>-<іj>, ь<і>-<ы>, р<п>-< п’>.
Қ.Жұбанов f, h, х әріптері кірме сөздерде ғана емес, Оңтүстік Қазақстан қазақтарының тілінде бар дыбыс және келешекте тілдің термин (1934) сөздермен баю мүмкіншілігін ескерсек, бұл әріптерден бас тарта алмаймыз және өзге түркі халықтарының әліпбиімен бірдейлестіру үшін бұл үш әріпті әліпбиге енгізу керек деді. Pravda, avarie, vьmpel, fabrik, fakt сөздерін b, p әріптерімен таңбалаудың қиындығын айтты.
Достарыңызбен бөлісу: |