Семинар №9 Тақырыбы: Қазақ тілі емле ережелеріне қатысты ұсыныстар


жылғы әліпби мен графикадағы өзгерістер



бет8/8
Дата20.05.2020
өлшемі469,83 Kb.
#70045
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
13-аптаның семинары (1)

1938 жылғы әліпби мен графикадағы өзгерістер. Ұсынылған бұл жобалар, әсіресе Қ.Жұбановтың дәйекше қызметін пайдаланған әліпбиі, 1934 жылы жоғары комитетте қолдау тапқандай болса да, 1938 жылы қабылданбай қалады.

Бірақ uv (ұу) мен yv (үу) қосар әріп орнына бір ғана u жазылатын болды да, u (ұ) әрпі ь таңбасымен ауыстырылды: uvagьtuagьt, uvьq- uьq, yvәde- uәde, kelyv-kelu, quvus-quьs. Бұл әріптің емлесінде мынадай ескерту болды: у деген сөзді бір әріппен (u), түу (tyv), syv (сүу) сияқты сөздерді екі әріппен (tu, su) беру ыңғайсыз, әрі сөз мағынасын айыруға кедергі келтіретіндіктен (ту мен түу деген одағайды) қосар әріппен беріледі.

Сол сияқты ьj (ый), ij (ій) қосар дыбыстарының орнына бір ғана і таңбасы алынған соң, <і> фонемасы /j/ әрпімен таңбаланатын болды, мысалы: tjl (тіл), zjl (зіл). Бұл орфограмманың да тый, сый сөздерінде бұрынғы емле сақталатыны туралы ескерту бол-ды.

1938 жылы “Қазақ әліппесі мен орфографиясын біраз өзгерту туралы” қаулыдан соң әліпбиге f (ф), x (х), v (в) әріптері енді. <ы> – ь, <у>-u, <в>-v, <ұ>- ŭ, <ү>-y, <ф>-f-мен берілді, ю-іu, я-іа тіркесімен таңбаланатын болды. Әліпбиде е, ц, ч, щ, ъ, ь, э, ю, я таңбалары болмады.



Қысаң езуліктердің таңбалары (ь, j) мазмұнға ие болып тұрса, жазылуы керек делінді. Бірақ бұл емле ала-құлалығын тудырды: topьraq, pьcad, tjrek, kjlem, ьras, ьrai. Сондай-ақ түбірдің соңғы буынында <ы>, <і> дыбыстары естілетін сөздерге тәуелдік жалғауы қосылғанда, қысаң езуліктер түсіп қалса, түбірде жазылмайды, ал түсірілмесе түбірде жазылуы керек делінді. Мысалы, көрк, себебі көркім; көрік, себебі, көрігі (ұстаның).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет