4 кесте – Қ.Жұбановтың латын жазуына енгізген өзгерісі
Ғалымның 1929 жылғы әліпби мен емле ережелеріне айтқан сыны қазіргі қазақ емлесінде айтарлықтай дау тудыра қоймайтын сөздердің заңдастырылу тарихын көрсетеді.
Мысалы, Қ.Жұбанов орфография ережелері “термин сөздерді ғана емес, төл сөздердің де дұрыс жазылуына кедергі келтіріп келді”. “Әсіресе асра, ру, көбрек, қойны, аулы, шаруа сөздерінің бірде ы-мен, бірде ы-сыз жазылуына өзі жол берді” деді. Сондай-ақ мына сөздердің бірнеше вариантта жазылуына мүмкіндік жасады дейді: ғана / ғәне / гәне, ішкім / ешкім, шіймай / шыймай / шызбай, кервіш /керпіш /кірпіш, бійбастақ / бейбастақ / бійбастақ / бейбастақ, жәнтік / жәндік, шынара / шінара / шін-ара / ішін-ара / ішінара.
Сол сияқты күрделі біріккен сөздерді жазылуы да әртүрлі болды дейді: жар-ғанат / жар қанат, қол-ғабыс / қол қабыс, жарымес / жәрмес, ійін ағаш / ійінәғаш, жаздыгүні /жаздыкүні / жаздыкүн / жаздыкүн, жазғы тұр / жазғытұрым /жазытұр / жазытұрым, баражатыр / баратыр / барат.
1929 жылы емледе тек кірме сөздердің жазылуында алақұлалық бар, ал төл сөздердің емлесі мінсіз деген пікірлердің дұрыс еместігін осы мысалдардан да көруге болады дейді ғалым. Емле ережесінің аз болуы емленің жақсылығын емес, кемшілігін көрсетеді. Ал кірме сөздердің емлесі туралы қазақша жазушылар “шет тілдерден кіретін сөздердің емлесі қазақ тілінің фонети-касы мен морфологиясының осы күнгі заңдарынша болу керек деп, бір әуре болады. Аса бір керек жерлерде ғана болмаса, жаңа сөздердің түбірін бұзбай жазу керек” деп екі әуре болады дейді.
Сондай-ақ гөрі/кері шылауының гөрі вариантын кодификациялау керек. Өйткені ол үнемі шығыс жалғауынан кейін қолданылады деді ғалым. 1935 жылы барма, келгесн, барғансн деп бірге жазуды ұсынады да, енді бір мақаласында қосымша ма, ме- ні бірге, шылау ма, ме – ні бөлек жазуды ескертеді. Сондай-ақ да, де – нің қосымша болғанда сөз түбірімен бірге, шылау болғанда бөлек жазылатынын айырады. Ал мен, бен сөздерін шылау, қосымша екенін айыру қиындығынан бөлек жазуды жөн деп табады. Қос сөздер дефиспен тек аппақ, көкпеңбек сөздерін бірге, ал қолма-қол сияқты қосар сөздердің алдыңғы екі сыңарын бірге жазуды ұсынады. Сөйтіп, бүгінгі емле кодификациясының түпнегізі Қ.Жұбанов тұжырымдамаларынан шығады.
Әліпби мен емлені өзгертуге байланысты екінші ұсынысты С.Аманжолов айтты. Автор 1933 жылы “Социалистік Қазақстан” газетіне жариялаған мақаласында жаңа әліпби комитетінің түркі тілдері дыбыстық ерекшеліктерімен ескермей, әліпбиден ә, ү, z, ө әріптерін шығаруды ұсынуы, сондай-ақ <қ>-ны к-мен, <ғ>-ны г-мен беруді дұрыс емес дейді. <ғ> дыбысын х әрпімен беруді ұсынады, қысаңдарды түсіріп жазуды қолдамайды. Қосар дыбыс әріптерін бір әріппен беруді ұсынады. <ый>, <ій> дыбыс тіркесінде j таңбасы дауыссыз <й> – ді де беретін болсын деген пікір айтады: saj (сай), jaqnj (яғни). Ал [ұу], [үу] тіркесіміне v таңбасын лайық көреді. Сонда V<у>, <ұу>, <үу> беретін болады дейді.
Терминдерді орыс тілі арқылы игеру керек, 1929 жылы емлені жасаған Т.Шонанұлы, Е.Омаровтардың алашордашылдығын олардың шет сөздерді сол түпнұсқа тілінде алайық деген ниетінен көруге болады дейді.
С.Аманжолов 1929жылы қабылданған әліпбидің мынадай кемшіліктерін көрсетті:
1)әліпбиде х, f, v таңбаларының болмады;
2) и, у таңбаларының жоқтығы, соның салдарынан миссисипи, миссури сияқты сөздердің mijssijsijpij, mijssуvrij деп 6, 7 әріптің орнына, 13-9 әріпке дейін жазылу;
3)Фонетикалық принциптің ұсталынды;
4) Қазақ тілінің төл сөздерінде екінші-үшінші буындарда ерін дауыстылары жазылмағандықтан кірме сөздердің әртүрлі орфограммалануы (кило-келі, динамо-динамы, бюро-бюра);
5) Сөз ішінде екі дауысты дыбыс қатар келмейді деп, зоология, биология, театр сөздерінің зологыйа, быйалогыйа, тыйатыр болып таңбаланды;
6) Қатаң-ұяң дыбыс тіркесімі болмайды, сондықтан жазылмайды делініп, аптаномыйа, Бекполат, апсалұут сияқты фонетикалық орфограммалар көбейді. С. Аманжолов: “Қазақ тілінің сингармонизм заңына бағынатындығы бұлай тұрсын, қазақтың ежелгі сөздерінің талайы дыбыс жүйелі принципке бағынбайтын еді. Мысалы: tuz+cь, ag+cь, bas+сь, gel+bau, gьzmet+ker, gazdь+gun” дейді.
Сөйтіп, емле ережелеріне мынадай өзгерістер ендірілетін болды дейді: емленің негізі – морфологиялық принцип, түбір морфологиялық, қосымша фонетикалық принциппен жазылады (зumьsdьŋ), түбірлері сақталған біріккен сөздер, кірікпей жазылады да, қосымшасы фонетикалық принциппен жазыла-ды; кірме сөздер ішінара болмаса, морфологиялық принциппен түпнұсқа тұрпатын сақтап жазылады, қосымша фонетикалық принцип бойынша жалғанады, қазақ тіліне ауызша жолмен еніп, игерілген географиялық атаулар, ұғым атаулар қалыптанған түрінде жазылады: өzbek, poiьz, sjiez, nөl, aрus, yiel, yien, екі немесе одан көп дауыссыз дыбысқа аяқталған кірме сөздерге қосымша жалғанғанда, соңғы дауыссыз түсіп қалады, қосымша сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады: Bekmuratqa, metaldьŋ, кірме сөздердегі еріндік дауыстылар таңбасы соңғы буында да жазылады (komsomol, kino), кірме сөздердің аяғында в, д, г әріптері таңбаланады( leningrat, aktip емес); <ұ> дыбысы ы таңбасы арқылы, <і> фонемасы j әрпі арқылы таңбаланады: выl, tjl; екі дауысты дыбыс таңбасы тір-кесе береді (zooloqia, зuadь); әліпбиге x, f, v әріптері алынады; қосар ый, ій, ұу, үу дыбыстары і, и таңбалары арқылы беріледі; әліпбиде 32 әріп болады; кірме сөздерде айтылатын ә, е, и дыбыстарының орнына, сөз мағынасы бұзылмаса, а әрпі жазылады (artel, organ, brigada); екінші-үшінші буындарға дейін [ә] дыбысы сөздердің тек буынында ә-әрпін жазу: kәmilaрa; соңғы буындарда естілген ө, ұ, ү дыбыстарының орнына е, ь, j әрпін жазу: kyrek, qulьn, bygjn; түбір мен қосымша жігіндегі [п-б], [қ-ғ], [к-г] дыбыстарының алмасуы таңбаланады: tabadь, kөgerdь, aрadь; сөз басындағы қысаң езуліктер мағынаға әсер етпеген жағдайда таңбаланбайды: rai, lai, ckaf. Бірақ jnj, ьza, jri, ьdьs, jl, jz; екі буын аралығындағы мағынаға әсер етпейтін қысаң езуліктер таңбаланбайды: axmet, magna, caurьn, caprag, kөkek; соңғы буындағы қысаң езуліктер түбір тұлғасында да, тәуелді жалғау тұлғасында да жазылмайды: mylk-mylkjm, xalg-xalgьm; одағай сөздерде екі дауыссыз әрпі қатар жазыла береді: garg-garg; соңғы буындағы қысаң езулігі бар сөздерге тәуелдік жалғау жалғанғанда сөз аяғындағы қатаң ұяңдап, қысаң езуліктер түсірілмейтін болса, түбірде де таңбаланады: tyljk-tyligi, kөrjk-kөrjgj; і, u әріптерінің жуан-жіңішкелігін түбір не қосымша ажыратып тұрады; жуанжіңішке пары бар сөздердің жіңішкесін таңбалау: ti-tji, tyu-tu; кірме сөздердегі ь белгісін ә, ө әріптері арқылы беру: әlbөm, vөlt; ю әрпін iu әріп тіркесімен беру: iubilei, soiuz; барлық дауыссыз дыбыстардан соң келген ю әрпін u таңбасымен беру: revolutsia, budcet, бірақ biuro, tiuk деген сөздерді iu-мен жазу; кірме сөздердегі я әрпін ia тіркесі арқылы беру: zimia, ispania, koreia, ideia, ialta, ал дауыссыздан соң жіңішке естілсе, ә арқылы беру (Alәska, mәta); л әрпі io арқылы беріледі; с дыбысынан басқа дауыссыз дыбыстардан соң келген ё әрпі ө әрпімен беріледі: aktөr, mantөr, katөl, ц әрпі сөз басында және дауыссыз дыбыстан соң келсе s-мен беріледі: sitat, aksia. Ал сөз аяғында және дауысты дыбыстан соң келсе, тс арқылы беріледі: protse; щ әрпі сөз ішінде және дауысты ды-быстан соң қос cc әрпімен ал дауыссыз дыбыстан соң және сөз басы мен аяғында c-мен беріледі: cedrin.
С.Аманжолов ұсынған әліпби жобасында 32 әріп болады.
Олар: а <а>, в <б>, v <в>, g <г>, d <д>, е <е>, з <ж>, z <з>, і <й>, j <і>, к <к>, l <л>, m <м>, n <н>, o , р <п>, r <р>, s <с>, t <т>, u <у>, f <ф>, х <х>, ƣ <ғ>, q <қ>, с <ш>, ә <ә>, һ , ň <ң>, ө <ө>, ъ <ұ>, у <ү>, ь <ы>. Ұсыныс-жобаға байланысты М. Балақаев j <і> таңбасы сөздің барлық буынында келгендіктен таңбалап, ә, у, ө әріптері сирек
жазылатындықтан жіңішкелік белгісін пайдаланайық деді, А. Ысқақов бұған жіңішкелік белгі орыс тілінде тек жіңішке дауыссыздарды белгілейді деп қарсылық білдірді.
Енді бір ұсыныс С.Жиенбаевтікі. Автор қысаң езуліктер-ді, мысалы, сталин, склад, рғыз, қтын деп жазу керек, себебі рығыз, қытын деген сөздерде де редукциялауды оқылатын қауіп жоқ екенін айтады. Қазақ тілінің жалғамалы сипаты қосымша жалғағанда, қопармалы тілге айналып кетпейді, қрғз (қырғыз) дегенде түсіріп, қрғызы дегенде түбір тұрпатын өзгерту дұрыс емес дейді ғалым. Сондай-ақ автор дауыстылардың тек жуан түрін алуды а, о, у дыбыстарын сөз ішіндегі і, ŭ, е әріптеріне қарап оқуды, ал бір буынды жіңішке дауыстылы сөздерге дәйекше қоюды ұсынады. Ғалымның есептеуінше, қазақ тілінде ә-мен-23, ө-мен-18, үмен 19 сөз басталады.
Сөйтіп, қазіргі қазақ жазуының емле негіздерін 1938 жылы Қ.Жұбанов, С.Аманжолов қалағанын көреміз.
Достарыңызбен бөлісу: |