4.Қазақ тілі сабағында ойын әдістерін қолдануға қандай шарттар қолданылады? Қазақ тілі сабағындағы дидактикалық ойындар
Ақыл-есі кем балаларды 1-сыныпта оқып үйретудің ең тиімді тәсілдерінің бірі дидактикалық ойындар болып табылады. Жаттығулармен қатар дидактикалық ойындар оқыған материалды бекітуге, сөйлеу іс-әрекетін іске асыруға бағытталған. Қарапайым жаттығуларға қарағанда ойын баланың эмоционалдық сферасына әсер етеді.
Мектеп практикасында кей жағдайда дидактикалық ойындар мен жаттығуды шатастырады. Ойын міндеттерін орындай келе оқушылар ойындық іс-әрекеттерді жүзеге асырады, олар қиын ой іс-әрекеттерін қызықты қылып көрсетеді. Суретте бейнеленген заттың атын балалар дыбыстайды, ондағы артық немесе кем дыбыстарды анықтайды, содан кейін суретті түсі сәйкес үйшікке орналастырады.
Ақыл-есі кем балалар орындайтын ойлау операциялары дұрыс ұйымдастырылған болуы керек. Олай болмаған жағдайда ойын балаларды шаршатады немесе мүлдем түсініксіз болады. Сол себептен ойын ережелерін құрастырғанда оның көлемін 2-3-тен асырмаған жөн. Балалар ойында меңгерген кезеңде (әсіреме төмен сыныптарға қатысты) ойын іс-әрекетін мақсатты түрде мұғалімнің эмоционалды қарым-қатынасына байланысты. Сонымен қатар барлық оқушылар ойынның ережесін бірдей меңгеру үшін, мұғалім оқушыларға көмектеседі. Бұл көмек мүмкіндігінше жасырын түрде болу керек, себебі әлсіз және күштірек оқушылардың өзіндік бағасы бірдей болуы үшін. Оқушыға ойынның ретін немесе көлемін азайту арқылы түсіндіріп көмектесуге болады. Мысалы, «Заттың атын білдіретін сөздер» тақырыбын түсіндіру үшін 2-сынып оқушыларына лото ретінде ұйымдастыруға болады, оның карточкаларында бір аймаққа негізделген суреттер бейнеленген, бірақ әр түрлі үйлесімде: кружка, чашка, стакан; чайник, кофейник; миска, тарелка; портфель, ранец, сумка; стул, кресло; люстра, лампа. Әлсіз оқушылардың карточкаларында суреттенр мынадай болу керек: оқушылар бейнеленген заттың суретінің әрқайсысын ажырата алатындай, егер оқушы жеңген жағдайда оны атап атауын тақтаға жазу керек. Жұмыстың мазмұнын жеңілдету әлсіз оқушыларға өздерін төмен сезінбеуге көмектеседі, басқалармен бірдей деңгейде ойнауға, ойынға деген қызығушылықты жоғалтпайға, тіпті жеңуге.
Келесі бір жағдайда әлсіз оқушылардың тапсырмасының көлемін азайтып беруге болады. 1-сынып оқушылары «Әркімге өз орны» атты ойынында 3 суреттен алады, бейнеленген заттың атауында берілген дыбыстың орнын анықтап орнату керек. Осыған байланысты мықты топ оқушылары дыбысты кез келген қалыпта анықтай алады. Ал әлсіздер 3 суретті иемдене отырып, дыбысты сөзің басында немесе аяғында ғана таниды.
Ойынды бірнеше рет қайталағанда оған оқушылардың қызығушылығын кетірмеу үшін, ондағы пайдаланатын құрал-жабдықтарды, көрнекіліктерді (жаңа заттар, суреттер, шартты белгілер енгізіледі) ауыстыруға болады немесе жаңа еределер енгізіледі. Мысалы, «Ойыншық сатып ал» ойынында балалар ойыншықтарды алады (немесе ойыншықтар бейнеленген суреттер), егер ойыншықтың атауын анық айтса, сөзді буынға бөлед, буынның көлемін анықтайды. Кейін балаларға атауы бір буыннан тұратын ойыншықты, содан кейін 2 соңында 3 буыннан тұратын ойыншықты сатып алуға ұсынылады. Ойлау операцияларының саны бұрынғы қалпында қалады, ал қиындату шартсыз таңдаудың есебінен жүреді. Егер балалар атауы 3буыннан тұратын ойыншықтарды тапса онда ойын қиындатылады, яғни 4 буынды сөздерді табу керек.
Ойынды қорытындылау барлық оқушылардың қатысымен жүреді, ойынның жеңімпазы анықталады. Ең маңызды эмоционалды момент – жеңімпазды құттықтау: жалауша, ойын фишкаларын, жетондарын беру және т.б. Бұл шартты елемеу қызығушылықты жоғалтады, ойын мақсатының жоғалуына әкеледі.