Семинар Арнайы мектепте грамматикалық түсініктерді бекіту үшін қолданылатын жаттығу түрлерін ата



бет1/5
Дата07.02.2022
өлшемі21,59 Kb.
#96479
түріСеминар
  1   2   3   4   5
Байланысты:
12 ана тілі


Орындаған:Сарсенбаева Дина
Тексерген:Жалаушинова Лира Мухаметкановна
Пәні:Мүмкіндігі шектеулі балаларға ана тілін арнайы оқыту әдістемесі
12 апта
Семинар
1.Арнайы мектепте грамматикалық түсініктерді бекіту үшін қолданылатын жаттығу түрлерін ата.
Арнайы мектепте жалпы мектептегідей грамматикалық және орфографиялық жаттығу түрлері қолданылады.
Негізгілерін атап өтсек:
1)әр түрлі тапсырмалармен көшіру жұмысы (грамматикалық категорияны табу, сөздің формасын өзгерту, мағынасы жағынан сәйкес сөз табын қою және тағы басқа.)
2)орфографиялық сөздікпен жұмыс, ол мынадай тапсырмалармен толықтырылады: белгілі бір грамматикалық категориядағы сөздерді көшіріп жазу, сөздіктен сөздің біртүбірлі сөздерін тауып жазу, берілген сөздерге сөйлем құрау деформацияланған мәтінді қалпына келтіру.
3)өз бетімен мысалдар келтіру, мұғалімнің тапсырмасы бойынша (сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер).
4)сызба бойынша сөйлемдер құрау.
5)грамматикалық тапсырмаларға байланысты сұрақтарға жауап беру ( жауапта сөз табын белгілі бір септікте, шақта қою; сұраққа толық немесе қысқаша түрде жауап беру).
6)терме және шығармашылық диктанттар. Шығармашылық диктант белгілі бір грамматикалық категориямен, әр түрлі сөйлем мүшелерімен, сөзді берілген септікте, шаққа қоюмен құралады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет