Семинар Арнайы мектепте грамматикалық түсініктерді бекіту үшін қолданылатын жаттығу түрлерін ата


Бұл әдістер сабақтың қай кезеңінде көбінесе қолданылады?



бет5/5
Дата07.02.2022
өлшемі21,59 Kb.
#96479
түріСеминар
1   2   3   4   5
Байланысты:
12 ана тілі

5.Бұл әдістер сабақтың қай кезеңінде көбінесе қолданылады?
Дидактикалық ойынды таңдау оның шартына, мазмұнына, сабақтың кезеңіне қараумен ескеріледі. Сабақ сияқты ойын да танымдық, тәрбиелік және түзетушілік міндеттерді жүзеге асырады. Осыған байланысты ол тек жаттығудың көңіл көтеретін элементі ғана болып табылмайды. Оқушылар жұмбақты шешеді және оның жауабын дәптерге бұрынғы ережелерді ескере отырып жазады. Мұнда түзете-дамтыушылық және танымдық сабақ мақсаттары бақыланады. Балалар іс-әрекеттің жаңа түріне көшеді: сурет-жұмбақтарды таңдайды, таңдаудың дұрыстығын дәлелдейді. Оқушыларға қызықты және пайдалы біраз кідірушілік құралады. Содан кейін оқу міндетіне көшеді, яғни жұмбақтың жауабын жазу және т.б.
Жұмбақтардан құралған ойын орфографиялық ережелермен танысу кезеңінде балалардың зейінін сабақтың негізгі мақсаты – жаңа сабақты меңгеруден аударады.
6.Төменгі және жоғарғы сыныптарда қолданылатын кез келген орфографиялық немесе грамматикалық тақырыпқа арналған ойын тәсілдерін ата. Бұл мақсатқа арнайы және жалпы мектептерде қолданылатын оқулықтарды пайдаланыңдар.
1. Қайжағынан оқыса да мағынасы өзгермейтін сөздер ойлап жазыңдар.
Мысалы: Азиза, нан, қырық, қазақ ...
«Кім көп тауып айтады?» ойыны.
2.Тек қана а, е, ы, і дауысты дыбысы бар сөздер ойлап жазыңдар.
Мысалы:Шағала, Тамара, тамаша...
(ы)ыдыс, Ыдырыс, ыстық...
(і) ілгіш, ірімшік, тіршілік...
(е) береке, текемет, ертең...
3. А әрпінен болатын қалалардың аттарын жазыңдар.
Мысалы: Алматы, Астана, Ақтөбе, Атырау...
(Ол қалалардың қай жерде орналасқанын картадан көрсетіп, қала туралы не білетінін сұрау. )
1.Басы да аяғы да қ немесе к дыбысынан келетін 5 әріптен аспайтын сөздер тауып айтыңдар.
Мысалы: қазақ, қонақ... керек, күрек...
2.Оңға оқыса да, солға оқыса да мағынасы өзгермейтін сөздер ойлап жазыңдар.
Мысалы:Нарық-қыран, кал-лақ, есек-кесе,...
«Дыбысын таңдау» ойыны.
1.Ойынның шарты: Құралбайдың құраған сөйлемдері мынадай: Қойдан қалып қойған қара қозыны Қосай қораға қамап қойды. (ал сен осындай сөйлем жаза аласың ба?)
2.Бастапқы дыбыстарды біркелкі бірдей дыбыстардан басталған жұмбақтар немесе жаңылтпаштар жазыңдар.
Мысалы: Ти десем тимейді,
Тиме десем тиеді. (ерін)
(Жұмбақтың шешуіне фонетикалық талдау жасату.)
«Сөзтізбе» ойыны
Шартты әр сөздің соңғы дыбысынан басталатын сөздер тізбегін жасаңдар.
Мсыалы: Көйлек-кеме-есен-наурыз-зымыран-...
(Бұл ойында кімде-кім белгілі бір уақыт ішінде (5 мин.) 20 сөз жазып шықса сол жеңімпаз болып саналады.)
«Адасқан әріптер» ойыны.
Дыбыстарды тиісінше тіркестіріп сөз жасау.
1 .р,о, б. 4.қ, ы, а, з, қ.
2.а, ш, а, ғ. 5.а, л, а, д.
3.т, р, е, м, е. 6.і, м, б, л, і.
«Әліпби тәртібі» ойыны
Кластағы оқушылардың есімдерін әліпби тәртібімен жазып шығу.
«Әріптерді қосып оқыңдар» ойыны.
Төмендегі дауысты дыбыстарды ретіне қарай оқыса, жұмбақ шығады. Ол қандай жұмбақ? Шешуі не?
С, н, м, з, қ, н, ш, а, ы, ы, а, а,
Б, л, м, й, м, з, і, е, і,
Т, н, м, н, к, з, ү, і, е, ө,
Л, м, й, м, з, і, е, і,
«Жаңылдырсаң да жаңылмаймын» ойыны.
Бастаушы төмендегідей жаңылдырғыш сұрақтар жазылған плакатты тақтаға іледі де:
-Кім жаңылмай оқып береді екен?-деп ойынға қатысушыға қарайды. Жаңылмай жауап беруге бекінген бала: -Жаңылдырсаң да жаңылмаймын – деп тақта алдына шығады да жауап береді.
Жаңылдырғыш сұрақтар.
1.Қолда буын көп пе, аяқта буын көп пе?
2.Сөз құрамында дыбыс көп пе, буын көп пе?
3.Шалға қарағанда балада не көп?
4.Қай буында дыбыс көп болады?
5.Ант пен қант, оқ пен тоқ, ұрт пен мұрт, ерт пен серт деген сөздерде 2 ұқсастық және 2 айырмашылық бар екен. Соны тауып дәлелдеші.
Лексика саласы бойынша
«Жалғасын тап» ойыны.
Тақтаға белгілі мақалдардан екіден сурет ілінеді. Суретке байланысты айтылған мақал-мәтелдерді кім біледі?
(көп айтқан оқушы жеңімпаз болады.)
«Кім тапқыр» ойыны.
Ішінде антоним сөздері бар мақал-мәтелдерді тауып жазыңдар.
1.Үйдің...- ... қыс түскенде білерсің,
Кімнің...-...іс түскенде білерсің.
2.Ашу-..., ақыл-...
3.Ақылдан жақын... жоқ,
Ашудан жаман... жоқ.
4. ... аттың жалы жоқ,
... жалымен теңелер.
... адамның малы жоқ ,
... малымен теңелер.
(Оқушыларға антоним сөздердің мақал-мәтелдердегі орны туралы айттырамын.)
«Жылдам жауап» ойыны.
Оқушыларға әзіл аралас сұрақтар беріледі. Сұраққа толық тұрақты сөз тіркестерімен және мақал-мәтелдермен дұрыс әрі жылдам-жылдам жауап берулері керек.
Әзіл аралас сұрақтар.
1.Қар жана ма?
2.Келіннің сөзі қандай, баланың сөзі қандай?
3.Көрдім деген неше сөз, көрмедім деген неше сөз?
4.Ананың сүті мен баланың тілі бірдей дейді.
Сонда қалай?
5.Бір қазанға сыймайтын қандай бастар?
6.Сиырдың сүті қай жерінде?
7.Адамның қай жеріне нан піседі?
8.Қандай бала сүйкімді?
9.Қандай кілт аспанда болады?
10.Тауық түс көре ме екен?
«Сыңарын тап» ойыны.
Сызбада берілген сөздердің сыңарлары бойынша біріккен сөздерді табыңдар. Қай сөз қай сөздің сыңары?
Біріккен сөздің мағынасын түсіндір.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет