Семинар барысы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың жас кезеңдеріне сай шығармашылық топтарға бөліну арқылы жүргізіледі. Топты тьютор бағыттап, бағдарлап отырады



бет4/16
Дата05.02.2022
өлшемі3,25 Mb.
#16617
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Қажетті құралдар: карындаштар, фломастерлер, аққағаздар, мөлшерліқұжаттар, ұсынылатын әдістемелік әдебиеттер тізімі.
Семинарды өткізудің негізгі түрі:теориялықдәрісжәнепрактикалықіс-әрекет.
Алдын- алажұмыс:І-ші және ІІ-ші кіші топ балаларына арналған қимылды ойындардыңатрибуттары. Семинар барысында қолданылатын заттарды даярлау.
Семинар амандасудан басталады.
Таныстыру кезеңі
Тьютор:

  • Қайырлы күн әріптестер! Бүгінгі семинарымызды бастамас бұрын бір-бірімізбен таныс-біліс болайық. Олай болса «Танысу» ойынынан бастасақ.

Семинарға қатысушылар шеңбер бойына тұрады.Әрбір қатысушы өз есімін атайды да, есімнің бастапқы әріпінен басталатын өз бойындағы бір қасиетті атайды, осылайша ойын әрі қарай жалғасады.
Мысалы:

  • Менің атым Жайнагүл, жарқын мінезді.

  • Менің атым Сауле, сәулелі және т.б.

Тьютор:

  • Енді біз жұмысымыз әрі қарай нәтижелі болу үшін бір-біріміздің бойымыздағы жақсы қасиетімізді білсек! Ол қасиет есіміміздің басқы әрпінен басталатыны болуы керек. Ендеше бастайық!

Тютор:

  • Рахмет құрметті әріптестер! Әріптесім Жұпар Мұратханқызы барлығымызды таныстырып өтті. Енді барлығымыз шағын шығармашылық топтарға бөлінейік. Ол үшін сіздер мына сопақша пішіндерді бір-бірден алыңыздар.

Қатысушылар сопақша пішіндердің астында жазылған мына табиғаттың құбылыстары бойынша бөлінеді «Жел», «Жаңбыр», «Боран» бұл құбылыстарды іс-әрекетпен немесе дыбыспен көрсетеді.
Тютор:

  • Жайғасып отырыңыздар! Енді жұмысымызды бастайық. Сіздерге мынандай тапсырма.

  • Жалпы серуен деген не?

  • Серуен дегенді қалай түсінесіздер?

  • Алдарыңыздағы құралдарды пайдалана отырып осы сұраққа жауап іздеп көріңіздер!.

Қатысушылар сұраққа жауап беріп, ортаға шығып немесе орындарынан қорғайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет