Тапсырма:
1. Серуен кезіндегі «Желге» бақылаудың жоспарын жазыңыздар.
2. Серуен кезіндегі «Бұлтқа» бақылаудың жоспарын жазыңыздар.
3. Серуен кезіндегі «Ағаштарға» бақылаудың жоспарын жазыңыздар.
Семинарға қатысушылар «Серуенді ұйымдастырудың әдістемесіне» сүйене отырып толық ақпарат беруге тырысады. Өздерінің теориялық және практикалық білімдеріне сүйенеді. Содан соң тьютордар теориялық тұрғыда дәлелдемелерге тоқталып өтеді.
№1сызба: Серуенді ұйымдастыру әдістемесінің моделі
Серуен дегеніміз – мектепке дейінгі мекемеде баланың ойын сабақтан тыс уақытының режимдік сәттерін ескере отырып ұйымдастырғаніс – әрекеттің бір түрі.
Серуен мақсаты – Қоршаған ортадағы нысандармен құбылыстарға танымдық қызығушылықтарын арттыра отырып, бала денсаулығын нығайту, шаршаудың алдын - алу, денесін шынықтыру, сонымен қатар өзін –өзі дұрыс ұстау қабілеттері мен әлеуметтік мәдениет негіздерін меңгерту.
Серуеннің ең негізгі бөлімі – ойын. Ал балаларды серуенге шығаруда ең кемінде үш ойын ойналу керек. Күндізгі серуенге ойын таңдағанда, серуеннің алдындағы балалардың айналысқан қызметін есепке алу қажет. Тыныш сабақтардан кейін қозғалысы молдау ойын таңдау қажет. Серуеннің басында барлық топпен ойнау керек. Дене тәрбиесі және музыкалық сабақтарынан кейін қозғалысы орталау ойын жоспарлаған жөн. Ондай ойындарды серуеннің ортасында немесе аяғында ойнату қажет. Балалардың қозғалыс дағдыларын пысықтайтындай, дамитындай жаңа ойындарды жоспарлап жазып үйрету керек. Бір жыл бойы шамамен 10 - 15 жаңа ойындар өткізу керек.
Ойынды таңдау жыл мезгіліне, ауа райына, серуеннің өткізілу уақытына байланысты. Әрбір топта ойындар картотекасы болу керек. Осы компоненттердің бәрі серуенді қызықты және қанықты етеді. Серуенді ауа-райына, бақылайтын нысанға, өтілген сабақтарға байланысты әр түрлі жүйелілікте жүргізуге болады. Ең бастысы, серуеннің әрбір компоненті балалардың дене тәрбиесінің дамуына, денсаулықтарын шыңдауға, сонымен қатар көңіл-күйлерін көтеруге әсерін тигізеді.
Серуенде неғұрлым қимылды ойындар басты орын алады. Ойын - тек көңіл көтеру ғана емес, сондай-ақ оның көмегі арқылы жас балаларға қоршаған өмірді таныстыратын да тәсіл болып саналады. Балалар неғұрлым аз болған сайын олармен жүргізілетін білімдік - тәрбиелік жұмыстардың тәсілі ретінде ойын да соғұрлым жиірек қолданылады. Негізінен балалар ойыны әр түрлі типтерге бөлінеді. Мәселен: дидактикалық, аулада ойналатын еркін ойындар, серуен, экскурсия кезінде ойналатын ойындар, табиғаттың табиғи материалымен ойналатын ойындар, рөлдік ойындар, т.б.
Құрметті қатысушылар, серуен тақырыбы төңірегінде әлі де әңгіме өрбіте беруге болады. Жалпы біздің балабақша-бөбекжайда серуен жүйелі түрде жоспарланып, жүзеге асады. Олай болса іс-тәжірибемізден бейнефильмдерге назар аударуларыңызды сұраймыз.
І-ші сәбилер тобы: «Киіз үйге» бақылау.
ІІ-ші сәбилер тобы: «Қоянға бақылау»
Бейнероликке тоқталу, сипаттау.
Тютор:
Жалпы серуен кезіндегі ойналатын қимылды ойындар мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл белсенділіктерін, ептіліктерін ой-өрістерін дамытады. Олай болса осы серуен кезінде ойналатын мынандай қимылды ойынды өзіміз ойнап көрелік.
Достарыңызбен бөлісу: |