Семинар Дөңгелек үстел Педогогикалық такт: конфликтілік жағдайлардан шығудың жолдары мен



Дата04.10.2020
өлшемі51,5 Kb.
#63912
түріСеминар

Қарақия ауданы, Жетібай кенті

«№4 орта мектебі» мемлекеттік мекемесі

«Жас маман, саған арналады» атты аудандық семинар

Дөңгелек үстел

Педогогикалық такт:конфликтілік жағдайлардан шығудың жолдары мен

тәсілдері



Өткізген:Буркитова Акгуль Табылановна

Тарих пәнінің мұғалімі
Жетібай кенті

2010 жыл


Қарақия аудандық жас мұғалімдеріне арналған семинар

Тақырыбы: Педогогикалық такт:конфликтілік жағдайлардан шығудың жолдары мен

тәсілдері

Мақсаты: Практикада кездесетін проблемаларды жоғары біліктілікпен шешу және теория

мен тәжірибені шебер ұштастыра білу,Сын тұрғысынан ойлау әдісін үйрету;

«Адамға құрмет және сенім» ұстанымын жүзеге асыру;

-Адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және мойындау;

-Бастамашылықты, шығармашылық бейімділікті жүзеге асыру,ұжымда өз

орнын таба білуді, өзін-өзітануды дамыту;

Әдісі: әңгімелесу

Түрі: Дөңгелек үстел

Пайдаланған әдебиеттер: ҚР конституциясы,

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев шығармалары;

«Қазақстан мектебі»журналдары, т.б.

Жүрісі:

Құрметті әріптестер!

Жас мамандар мен тәлімгерлерге, жалпы педагогтар қауымына арналған «Педогогикалық такт: конфликтілік жағдайлардан шығудың жолдары мен тәсілдері» атты дөңгелек үстелге қош келдіңіздер!

Мақсаты: Практикада кездесетін проблемаларды жоғары біліктілікпен шешу және теория

мен тәжірибені шебер ұштастыра білу;

«Адамға құрмет және сенім» ұстанымын жүзеге асыру;

-Адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және мойындау;

-Бастамашылықты, шығармашылық бейімділікті жүзеге асыру,ұжымда өз

орнын таба білуді, өзін-өзітануды дамыту;

Негізгі бөлім

І.Танысу

Жас мамандардың өзін –өзі таныстыруы.

(Практикада жас мамандардың оқушылармен, ұжыммен т.б. танысуға бағдар)

ІІ.Қызығушылығын ояту.

1.Сауал: Дөңгелек үстел тақырыбын қалай түсінесіздер?

( Психолог Зейгарник: «Толық шешілмеген тапсырма адам ойында жақсы сақталады» -деген. «Анекдоттар адам ойында көп сақтала бермейді,себебі, ол өте қарапайым әрі дайын күйінде түсінікті беріледі»деп мысал келтірген.

Мұғалім тақырыпты өтпей тұрып,сұрақ қойса, оның жауабы тақырыпты өткен соң қойған сұрақтың жауабынан гөрі оқушы жадында жақсы сақталады екен.)

2.Топтастыру сәті.

Конфликтілікке әкелетін жағдайлар:

Мұғалім шеберлігі қарым-қатынаста мінез, іс-әрекет арқылы анықталады.Мұғалімдер мен оқушылардың арасындағы қарым- қатынастар кемшіліктерін 3 топқа бөлуге болады.



1.Моралдік және заң нормаларын ұстамауға бейімділігі бар оқушыларды алдын ала айқындай алмау, «кейбір» мұғалімдердің оқушының дара ерекшеліктеріне, адамгершілік тәрбие нормасынан ауытқу себептеріне толық көңіл аудармауы

2. «Қиын» оқушылармен тіл табыса алмауы, яғни жеке педагогикалық ықпалдыдар жасай алмауы салдарынан педагогтік этикаға жатпайтын тәсілдерді қолдануы, ұрсу, әрбір «қелеқтарын»талдауға алу, орынсыз жазалау, қандай бір жөнсіз «әрекеттер» болсыноны сол балаға жабу, кемсіту т.б. Осылайша дұрыс қолданылмаған шара жасөспірімнің ыза-кегін оятып қарсылығын туғызады.

3.Кейдір педаготардың кәсіптік деңгейлерінің төмен болуы және психологиялық тұрғыдан балалармен жұмыс жүргізу дайындығының жеткіліксіздігі, өз пәндерінен білімдерінің таяздығы, тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мен өткізуде әдістемелік шеберліктерінің жеткіліксіздігі

ІІІ.Қарама-қайшы сипаттар (ішке-сыртқа)





Ішке

(Конфликтілік жағдайлар)



Сыртқа

(Конфликтілік жағдайлардан шығудың жолдары)



1

2

3



Мұғалім-оқушы

Мұғалім-ұжым

Мұғалім-ата-ана


«Сенім» әдісі

Индивидуалдық мінез бітісі

Бірлік,ынтымақтастық т.б.

ІV.Сергіту сәті

(Оқушылармен жұмыстың бір түрі)

«Өмір көзі» әңгіме

«Ана жүрегі»

Әңгіме,жыр тыңдату - құр ақыл айтқаннан гөрі әлдеқайда нанымды болмақ, әрі сіз оқушыға жаңа қырыңыздан таныласыз. Оқушы сізді еріксіз, тіпті қызығушылықпен тыңдауға өзі-ақ келеді. Осы әрекеттерден кейін өз ойларын тыңдасаңыз тамаша болар еді. Бұл да оқушыны адамгершілік құндылықтарына тәрбиелеудің бір түрі-сыры.

V. Қорытынды

Педогогикалық такт:конфликтілік жағдайлардан шығудың жолдары мен

тәсілдері сан алуан. Оны әріптестер арқылы анықтадық. Н.Ә.Назарбаев «Ел тірегі - жас ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздар қауымы» деп мұғалімдерге зор сенім білдіреді. Мұғалім өз құзіреттілігін дамыту мақсатында ақпараттық технологиялармен инновациялық шеберліктерін қалыптастырукезінде жаңа педтехнологияларды пайдаланады.Ситуациялық жағдайлардан шығуға көмекті әріптестерден ,ең бастысы ұлы педагогтар еңбектерін пайдалануға кеңес беремін. Қазіргі кезде ескерген тоталитарлық педәдістерге жататын А.С.Макаренконың педагогикалық мұраларына Батыста (Германия) және Шығыста (Жапония) әлдеқайда байсалды және құрметпен қарайды. Сондықтан жас педагогтарға ұлы педагог ілімін байыппен қайта қарауды , «қиын жағдайлардан шығуда» басшылыққа алуды ұсынамын.

«Мұғалімдік мамандық- бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты,шым-шытырығы мол жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады.»-деп атақты педагог мұғалім В.Сухомлинский ұстаздық өнерге баға берсе, қазақ ағартушысы Ы.Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен қымбат, өйткені, мұғалім- мектептің жүрегі» деп бекер айтпаған.



Қазіргі мектептердегі міндеттерді шешуде мұғалімдердің кәсіптік мәдениеті басты шарт.
Каталог: uploads -> doc -> 0cc9
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0cc9 -> Сабақтың тақырыбы: Көліктер. Қала және ауыл көліктері. (слайд1) Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет