4.Банктің, банктік емес кредиттік-қаржы ұйымының нормативтік капиталы иммобилизацияны шегергендегі негізгі капиталдан (I деңгейдегі капиталдан) және қосымша капиталдан (II және III деңгейдегі капиталдан), ықтимал шығындарды жабуға арналған толық құрылмаған арнайы резервтерден, Банк, банктік емес кредиттік-қаржы ұйымы сенімгерлік басқаруға берген мүліктен, берілген қарыздардан, сондай-ақ берілген реттелген кредиттен (заемнан) тұрады. Сенімгерлік басқаруға берілген қаражат есебінен шегерілетін, берілген қарыздар және реттелген кредиттер (қарыздар) ықтимал шығындарды жабуға арналған арнайы резервтердің олар бойынша есептелген есептік мөлшерінің сомасына, олар бойынша құрылған ықтимал шығындарға арналған басқа резервтердің сомасына азайтылады.