Семинар-конференция Негізгі сұрақтар, тапсырмалар


-тақырып. Оқытудағы диагностика жəне бақылау



бет24/28
Дата11.05.2022
өлшемі42,54 Kb.
#141965
түріСеминар
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
Практикалық сабақ педагогика пәні

13-тақырып. Оқытудағы диагностика жəне бақылау
Мақсаты: Оқытудағы диагностика жəне бақылау әдістерін игеру.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:

  1. Оқытудағы диагностика

2.Оқытудағы бақылау әдістері
Жүргізу формасы: кейс-стади


Әдістемелік нұсқау:
Кейс –стади амал-тәсілі немесе оқытудың нақты жағдаяттар әдісі(метод конкретных учебных стиуаций») xx ғасырдың басында Америка Құрама Штаттарының Гарвард университетінің бизнес мектебінде пайда болған.
Кейс амал-тәсілінде басты назар студенттердің ұсынылған реальды немесе қиялдық (алдын-ала құрастырылған) жағдаяттарды талдауы және осы жағдаятқа өзіндік баға беруі, өзінің ой-пікірін нақты әрі толық айтып беруі т. б. Студенттің жекетұлғалық қабілеттерін жетілдіруге аударылады.
Демек, мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда кейс-стади амал-тәсілін қолдану - қазіргі білім беру талабына Студенттің сабаққа деген қызығушылығын туғызатын жеке педагогиканың жаңа инновациялық жүйесі.
Кейс әдісін қолдану барысында оқытушының іс - әрекеті екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – кейс (жағдай) таңдап алу және сұрақтар құрауға арналған шығармашылық жұмыс. - жағдайларды тақырыпқа сәйкес таңдап алу; - мақсат пен міндетті анықтау; - жағдайды құрастыру және суреттеу. Екінші кезең – оқытушының аудиториядағы іс - әрекеті. Аудиториядағы кейс әдісін қолдану кезеңі. - кейске кіріспе; - жағдайдың талдануы (шағын топтарда); - пікірталас; - қортынды шығару. Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларына мән беріп, оны меңгермегенше сауатты, жан жақты маман дайындау мүмкін емес.
CASE-терді құрудың келесі негізгі сатылары белгіленген: мақсаттарды анықтау, әр түрлі жағдайларға критерилерді тағайындау, қажет ақпарат көздерін белгілеу, CASE – тегі алғашқы материалдарды дайындау, сараптама жасау, oны қолдану бойынша әдістемелік материалдар дайындау. Оқу процесіндегі кейстермен жұмыс жасау технологиясы келесі сатылардан тұрады:
1) кейс материалдарын зерттеушілердің жеке өзіндік жұмысы
(мәселені сәйкестендіру, негізгі баламаларды тұжырымдау,
ұсынылған әрекетті немесе шешімді ұсыну);
2) негізгі мәселені енгізуге және оны шешуге байланысты шағын топтармен жұмыс.
3) жалпы дискуссиядағы (оқу тобы шегінде) шағын топтардың тұсаукесерлері және тәжірибе нәтижелері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет