Семинар-практикум Қарастырылатын сұрақтар: Тәрбие жұмысының жүргізілу барысын тексеру,бақылау нәтижесі



Дата24.04.2017
өлшемі102,37 Kb.
#15006
түріСеминар
Сынып жетекшілер әдістемелік бірлестік отырысы

«Сыныптың тәрбие жұмысын ұйымдастыру, жүзеге асыру және талдау»
семинар-практикум

Қарастырылатын сұрақтар:

1.Тәрбие жұмысының жүргізілу барысын тексеру,бақылау нәтижесі

2.Сынып жетекшінің тәрбие жұмысын жүргізу барысындағы құжаттары

3.Тәрбие жұмысына анализ жасау (кеңес)

4. І жарты жылдық бойынша сабақты босатқан, сабаққа кешіккен оқушылар бойынша рейтинг.

5. Өзін-өзі тануға апарар жол онкүндігін өткізу (акция)

6. Сынып аралық рейтингті тапсыру мерзімі

7. Медбибі хабарламасы


Тәрбие жұмысына талдау жасау

Сынып ұжымында тәрбие жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру,анализ жасауда ескеретін жағдайлар:

Жеке оқушылармен,ата-аналармен жұмыс,пән мұғалімдерімен байланыс(дау-дамайдың болмауы,пәндер бойынша бағаларының уақытында, біліміне сай қойылуы), сыныптағы міндеттерінің орындалу деңгейі, психологиялық микроклимат,қолайлы жағдайдың жасалуы, тәрбие жоспарының тәрбиенің басым бағыттарын бойынша іске асырылу,ұйымдастырылу деңгейі:


  • жеке дара қабілеттерінің дамуы

Тәрбие жұмысының анализі бұл:

Тәрбие жұмысының анализі жалпы мектеп мақсатына сәйкес сыныптың тәрбие жұмысына қойылған мақсат, міндеттерді іске асырылуда атқарылған шаралар мен әрекеттерден бастаймыз. Нақты міндетті жүзеге асыру үшін не жасалды,бірлескен шығармашылық әрекет, сайыс,байқау, экскурсия,әңгімелесу, кездесу,танымжорық,яғни барлық бірлескен әрекеттер, шаралар қамтылады. Бұған ата-аналармен жұмыс т.б қосылады. Тәрбие жұмысының негізгі көрсеткіштерін анықтауға бағытталған әдістерді қолдану қажет, оқушылармен адамгершілік қарым-қатынастың орнауы,сынып өміріне оқушылардың белсенді араласуы, өзара қарым-қатынастың дұрыс қалыптасуы, психологиялық қызмет жұмысының зерттеулерні,нәтижені тәрбиені іске асыруда дұрыс әрі тиімді қолдана білу. Сыныпта атқарылған жұмыстың жоғары не төмен нәтижесін, жақсы не теріс жағын, осы нәтижеге жеткізген себептерін анықтау ,кемшіліктер мен қиындықтарды анықтап оны шешу жолдарын белгілеу.

Анализ жасауда тәрбие жұмысы туралы дұрыс,сапалы әрі қажетті ақпараттың болуы керек.Сондықтан ақпарат жинақтау анализ жасаудың негізгі бөлігі деуге болады..
*Сынып жетекші мен оқушының арасындағы серіктестік деңгейі. (сынып жетекшіге деген сенім, сынып жетекшінің оқушылар арасындағы қарым-қатынас,жағдай,мәселелер туралы хабардар болуы,кірісуі,сынып белсенділерінің қалыптасуы және олармен сынып жетекшінің қарым-қатынасы,әрекеті, оқу және тәрбие процесінің кикілжіңсіз өтуі,өзара шығармашылық пен белсенділіктің болуы және оның дамуына әсер ету);

• оқушылардың отбасымен қарым-қатынас деңгейі ,ата-аналардың сыныптағы тәрбие жұмысының жүргізілуіне қатысуы;



ерекше ықыласты, қарым-қатынасты талап ететін оқушылармен жұмыс нәтижесі;оқушылармен жеке дара жұмыс;

• келеңсіз жағдайлардың,зиянды әдеттердің алдын алуға бағытталған жұмыс нәтижесі;

• әрбір оқушының мектепте,сыныпта қорғалуы және өзін жайлы сезіну деңгейі;

Әрбір сынып жетекшінің тәжірибесінде оқушыны зерттеудің түрлі әдіс-тәсілдері бар: Педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік. Кез-келген мақсат,міндеттерді іске асыруда сынып жетекші сол бағыт бойынша оқушының деігейін,көзқарасын,танымын зерттеп,байқап, деңгейін анықтап алғаны жөн. Мысалы: мәдени орындардағы тәртіп мәдениеттілігін тақырыбында тәрбие сағатын өткізбес бұрын, жалпы оқушы үшін тәртіп деген не, оны ұстанудағы әсер етен факторлар, мәдениетті дамыту түсінігі қаншалықты қалыптасқанын анықтап алу, бұл бағытта жұмыс жүргізген тиімді әдістер нәтиже беретінін анықтап береді. Сондықтан әр сынып жетекші оқушыны,сынып ұжымын, тәрбие жұмысының қаншалықты нәтижелі жүргізілуін жан-жақты зерттеу, саралау үшін мақсатына сай түрлі әдістерді тиімді қолдана білуі қажет.Осы әдістерді жүйелі қолдану арқылы тәрбиелеуді іске асырудың әдістеріне айналуы қажет.

Тәрбие жұмысының іске асырылу нәтижесін анықтау үшін келесі форманы қолдануға болады:

Зерттелетін мәселе, зерттеу әдісі,тәсілі, мерзімі,нәтижесі



Талдауға не жатады:

1.Сыныпқа мінездеме

2.Сыныптағы тәрбие жұмысының І жарты жылдық анализі

3.Апта сайынғы тәрбие жоспарына сәйкес өткізілген тәрбие сағаттарының әзірлемесі, қысқаша барысы, ашық тәрбие сағаттарының , мектепішілік шаралардың толық сценариі

4.Ата-аналар жиналысының тақырыптары (тоқсанына 1рет) мен хаттамалары

5Күнделікті сабаққа қатысуды қадағалау, айлық нәтижені шығару (себепті,себепсіз,өтініш б-ша т.б)

6.Оқушыларды зерттеу папкасы (сауалнама, психолог зерттеулерінің қорытындысы,социометрия, тест т.б зерттеу жұмыстары)

7.Тәрбие бағыттары бойынша папкалар (8 бағыт, құқық,жол жүру,өрт алдын алупапкалары)

8.Нормативтік құжаттар ( тәрие тұжырымдамасы 2009 ж,ҚР бала құқығы заңы, бала құқығы конвенциясы, неке және отбасы заңы, әкімшілік кодекс, т.б)

Ең бастысы әрбр папканың бірінші бетінде мазмұны болуы қажет


Сыныптың тәрбие жұмысын ұйымдастыру шараларының түрлері.

1. Оқушылармен және ата-аналармен топтық , жекелей тәрбие жұмысы:

• сынып ұжымын,топты,оқушының жеке тұлғасын зеттеу;

•жеке дара әңгімелесу,кездесу жүргізу;

•сыныптық,тәрбие сағаттарын өткізу;

•ағымдағы білім сапасы мен тәртібі т.б арналған жиындар өткізу;

•ақпараттық сынып сағатын өткізу;

•отбасының тұрмыстық жағдайын зерттеу;

•ата-аналар жиналысын;

• ата-аналар біліктілігін арттыруға бағытталған шаралар

• сынып өмірін жария ететін шаралар,мақала жазу,бейнеролик,слайд шоу жасау;

•оқушылардың тәрбие деңгейін ,құндылықтар деңгейін анықтау;

•өзінің апталық,айлық жұмысын жоспарлау.

2.Оқушылармен мәдени,шығармашылық шараларды ұйымдастыру:

• танымжорық,экскурсия, жасау;

• концерт,кино,театр,мәдени орындарға бару;

• би кештерін,тақырыптық кештер ,танымал адамдармен, мамандармен кездесулер ұйымдастыру;

танымдық-зияткерлік байқау,сайыстар ұйымдастыру;

• мектептің дәстүрлі шараларын,акция,мерекелерін ұйымдастыруға,өткізуге қатысу.;

• оқушының жеке дара шығармашылығын дамытатын шаралар (шығ,кеш,фестиваль т.б).

3.Жалпы қоғамдық пайдалы еңбекті ұйымдастыру:

• сыныптың тазалығын сақтауға арналған шаралар;

• сенбіліктер;

• мектеп айналасын көгалдандыру;

• сынып белсенділерінің қалыптасуына бағытталған шаралар;;

• өзінен кіші сыныптарға, мүгедектерге, ардагерлерге қамқорлық көрсету, қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру,белсене қатысу:


4. Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған шаралар.Отбасымен жұмыс:

• СӨС бағытталған сайыс,жарыстар өткізу;

• зиянды әдеттердің алдын алуға бағытталған шаралар (темекі,есіркі,алкоголь,зиянды тағамдар т.б);

• мамандармен кездесулер ұйымдастыру (нарколог, сексолог,дерматолог т.б);

• тәртіпбұзушылықтың алдын алу,құқытың білімдерін арттыруға бағытталған шаралар

• оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар



Бастауыш сынып жетекшілеріне кеңестер

Кіші жас оқушылары үшін мұғалімнің беделі жоғары,әрі маңызды екенін ескере келе, оның назарынан ешбір оқушы тыс қалмауы тиіс.Әсіресе баланың әрекетінде сурет салу, ермексазбен жұмыс, би, музыкамен жұмыс ерекше орында болып, бақылау, салыстыруға үйретіп , қиялын дамытуға негізделу керек. Баланың кез-келген талпынысы,белсенділігі өздігінен жұмыс істеуі,шығармашылығы мұғалім тарапынан мадқаталып,аталып отыруы қажет. Әсіресе жақсы қасиеттері,әрекеттерін құптап,кері әрекеттері (сараңдық, дөрекілік,тәртіпсіздік) назардан тыс қалмауы қажет.Балалармен қарым-қатынасты жанашырлық,қолдау,сенім білдіру сияқты қасиеттерге сүйене жасау.

Бастауыш сынып оқушыларының көнгіштігі мен сеніп қалуы, еліктеуге бейім болуы және мұғалімнің зор беделі оқушының адамгершілігі жоғары болып қалыптасуының қолайлы жағдай болып табылады.

Тұлғалық бағарлы тәрбие-бұл бастауыш сынып оқушысының денсаулығын сақтап отырып, табиғи қабілеттерін дамыту.

Әрекетте негізінен ойын элементтері, қозғалмалы түрі басым болуы керек.Еңбек,оқу,ойын түрі бір-біне ұласып,белсенділігі біртіндеп артуы керек. Сыныптан тыс әрекеттеге ата-аналарды белсенді қатыстыру оқушының үйлесімді дамуына апарар жол.

Бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін шаралардың түрлері.

1.Таза ауада жалпы даму шаралары:

• серуен,таза ауада қозғалмалы ойындар ;

• экскурсиия;

•сауықтыру жаттығулары;

•қоғамдық-пайдалы еңбек;

2. Эмоцияезімді тудыратын шаралар:

музыкалық дайындық;

•әдеби қойылым;

•өнерге баулу;

• театр, киноға бару;

•балалар қоғамындағы белсенді жұмыс;

•адамгершілік-рухани шаралар;

•үйірмелерге қатысу;

•рольдік ойындар.
Орта буын сынып жетекшілеріне кеңестер
Жеткіншек жақта оқушының құқығы мен міндеттері кеңейе түседі. Олар өздері шараларды жоспарлап, ұйымдастырып, талдауға үйренеді. Жалпы шараларға қарағанда топтық шаралар басым бола түседі. Мебебі балалр здерінің қызыушылығы мен көзқарасына қарай топтала бастайды,ортақ қызығушылықтары пайда болады. Сондықтан өздерінің бойындағы ерекшеліктерін, қасиеттерін, қабілеттерін жүзеге асыратын орта іздей бастайды. Осы қабілеттерін байқап көретін шығармашылық топтар,кеңес,клубтар, топтардағы жұмыстарға ерекше көңіл бөледі, артығырақ көреді.

Жасөспірімнің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып:

• қозғалмалы белсенділігін арттыру, құптау, сымбатын, көркемділігін жетілдіруге ынтасын құптау;

• әрекет түрлерін ауыстырып отыру;

• жыныстық тәрбиеге көңіл беру.

Жасөсіпім бойында ересектіктің белгілері пайда болғанын ескеріп:

• ересек адамының әлеуеттік ролі,жауапкершілігі туралы дұрыс көзқарас қалыптастыру ;

• бір-бірімен қарым-қатынасты серіктестік,сенім, қамқорлық,сыйластық негізінде құруға баулу;

• қарым-қатынастың негізгі түрі –кеңес, ұсыныс,таңдау мүмкіндігін беруге құру;

• шығармашылық пен белсенділікті білдіруге,дамытуға жағдай жасау,орта құру.

• кәсіби бағытына аса көңіл бөлу;

Жасөспірімдермен жұмысты ұйымдастыруда отбасымен тығыз қарым-қатынаста болу маңызды.Отбасының тәрбиелеу типін білу және ата-анаға жасөспірімдерді дұрыс тәрбиелеуде , қиыншылықты жеңуде көмек беру,бағыт көрсету өте маңызды.


Жоғарғы буын сынып жетекшілеріне кеңестер

Жоғары сынып оқушыларының ерекшеліктерін ескере отыра өте маңызды:

• оқушының танымдық әрекетін өзін-өз тану, өзін-өзі дамытуға бағыттау;

• өзіндік таным, көзқарасты қалыптастырудың негізі болып табылатын адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға ықпал ету;

• әлеуметтік ортаға кіруге, өзіндік орнын табуға көмектесу;

• тұлғаның жеке,шығармашылық,танымдық т.б әлеуетінінң көрінуіне, ісуке асуына қолайлы орта қалыптастыру.



Осы кезеңде өмірлік мені қалыптасып, орнын іздей бастайды.Осы кездегі сынып жетекшінің жеке,топтық,жаппай жұмыс әрекеті оқушының қорытынды жасау,реттеу,шешім қабылдау сияқты қабілетін жетілдіруге бағытталуы қажет.Топтық істер өздерінінң ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсетуге,шыңдауға,тәжірибе алмасуға,пікір алмасуға ең қолайлы орта. Ол өзінің әрекетін басқалармен салымтыра отырып, талдап, өзінің өмірін жоспарлай отырып, болашаққа нақты қадам жасауға үйренеді.Бұл қабілеттерді қалыптастыруға әңгімелесу, пікірталас, жеке кеңестер,психологпен кеңесу т,б шаралар көмегін тигізері анық.
Каталог: files -> blogs
blogs -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
blogs -> Программа по предмету «Русский язык»
blogs -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
blogs -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
blogs -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
blogs -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blogs -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blogs -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша
blogs -> Сабақ тақырыбы: Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»
blogs -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет