Семинар сабақ 15 сағат ожсөЖ 45 сағат Барлығы 135 сағат Орал 2009 ж


Пән бойынша оқыту бағдарламасы (SILLABUS)



бет3/140
Дата06.02.2022
өлшемі2,18 Mb.
#38528
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   140
2. Пән бойынша оқыту бағдарламасы (SILLABUS).


2.1 Оқытушы туралы мәлімет
Оқытушының аты-жөні: Мұханбетқалиев Әскен Самұратұлы
Мекен –жайы: Орал қаласы, Қаратөбе көшесі 28, 1 пәтер
Жұмыс орны: М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Педагогикалық институт
Офис: Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
Жұмыс мекен-жайы: Орал қаласы, Достық даңғылы ,162
Жұмыс телефоны: 51-30-62


2.2 Пән туралы мәлімет

Пән атауы: Әлем әдебиетінің тарихы


Семестр 15 оқу аптадан және 2 апта сессиядан тұрады.



Сабақтар

Өткізілу уақыты

Сабақтар

Өткізілу уақыты

Сабақтар

Өткізілу уақыты

Байланыс сағаты 1 (дәріс немесе семинар)

50 мин.

Практикалық сабақ 1 сағат

50 мин.

СОӨЖ
1 сағат

50 мин.




































Бір аптада 2 кредит сағат, әр кредит-сағат екі байланыс сағаттан (дәріс немесе семинар) және екі сағат оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ) тұрады.




Кредит саны – 3
Өту орны: № 1 оқу ғимараты, 4-қабат, сабақ кестесі бойынша.


Оқу жоспарынан көшірме:



Курс

Семестр

Кредит саны

Дәрістер

Семинарлар

ОЖСӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау
түрі

1

2

3

30

15

45

45

135

емтихан

2.3 Кіріспе
Курстың қысқаша сипаттамасы: Әлем халықтарының әдебиеттері рухани мәдениеттің ең негізгі арнасы болып саналады. Дүние жүзінің барлық құрлықтарын ғасырлар бойы мекендеп келе жатқан байырғы халықтардың бәрінің де әдеби-фольклорлық мұралары бар. Ол мұралар жалпыадамзаттық дүниетанымның ортақ кеңістігін құрайды. Сөз өнері - фольклор мен әдебиет бірлігінің көрсеткіші. Әдебиеттердің эстетикалық жүйесінде әр түрлі халықтардың мәдениет қазыналары айқындалады.
Курс мазмұнында қарастырылған дәуірлер тізбегі мынадай: 1. Антикалық әдебиет (ежелгі грек және рим әдебиеті), 2 - Ортағасырлық әдебиет (1200 жылдай уақытты қамтиды), 3 – Қайта Өрлеу (Ренессанс) және Жаңа заман әдебиеті, 4 – ХҮІІ, ХҮІІІ, ХІХ, ХХ ғасырлар әдебиеті және олардың ең көрнекті өкілдері. Сонымен қатар шығыс халықтары жер бетіндегі адамзаттың үлкен бөлігін құрайды. Шығыс сөзінің географиялық кеңістік ауқымына мемлекеттік құрылымы бар көптеген елдер кіреді. Мысалы, Жапония, Индонезия, Солтүстік Африканың батыс жағындагы Марокко, сонымен бірге Үндістан (Индия), Ауғанстан, Пәкстан, Иран, Сауд Аравиясы, Біріккен Араб әмірліктері, Ирак, Йемен, Египет, Корея, Қытай, Вьетнам, Бирма, Непал, Бангладеш және т.б. елдерді айтамыз. Кіші Азиядағы Түркия, Әзірбайжан, Татарстан, Өзбекстан, Түркменстан және т.б. шығыс елдері қатарында атала алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   140




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет