«Балықшының қызы» (1958), Ж.Аймырзаевтың «Амудария жағасында» (1958),
Т.Қайырбеговтың (1929ж.т.)»Қарақалпақ қызы» (1-2кітап,1953-65) романдары
қарақалпақ прозасын биік белеске көтерді.
Қарақалпақ əдебиетінде драматургия 20 жылдардың ортасында пайда болды.
Қарақалпақ драматургтары С.Мажитовтың «Ерназар – Алакөз», «Бағдагүл»,
«Тазагүл», Қ.Əуезовтың «Жиек жолында», А.Өтеповтың (1904-34), «Теңін тапқан қыз»
пьесалары – сол кездегі үздік туындылар. Кейінгі жылдарда жазылған
Ж.Аймырзаевтың «Айгүл - абат», «Раушан», «Бердақ», А.Бегімбаевтың «Боз отау»,
«Ашық Ғаріп», М.Дəрібаевтың «Көклан батыр», «Жаңа адамдар», Н.Дəуқараевтың
(1905-53) «Алпамыс» С.Хожаниязовтың «Сүлейменге сүйкенбе», «Жас жүректер»
пьесалары республика таетрларының репетуралрын байыта түсті. əдеби сын мен
əдебиеттану ғылымы да дами түсті. Қарақалпақтың тұңғыш ғалымы Қ.Дəуқараев,
Өзбекстан ҒА-ның корр.мүшесі проф.И.Сағитов,М.Нұмұхамедов, филол.ғыл.
докторлары Қ.Айымбетов, Н.Жапақов, С.Ахметов т.б. бұл салада жемісті еңбек етіп
келеді.
Қарақалпақ, қазақ əдебиеті ежелден туыстас. Екі ел əдебиетінің озық туындылары
қос халыққа ортақ. Қарақалпақ дастаны «Қырық қыз» (1959), қазіргі қарақалпақ
ақындарының шығармаларынан құрастырылған «Қарақалпақ жырлары» (1962) қазақ
тілінде жеке кітап болып шықты.
Достарыңызбен бөлісу: