Лондонға келген алғашқы күндерінен-ақ Шекспир студенттермен тығыз
байланыста болады.Оның пьесалары алғаш рет осы
қаладағы студент-жастардың
күшімен қойылып,соңынан театр сахнасына ауысып отырады.Ол өзі жзаған
пьесаларының театрда
орындалуына басшылық етеді,сонымен қатар өзі де актер
болып ойнайды.
1612 жылдар шамасында Шекспир Лондоннан туған қаласы Стратфордқа оралады
да,1616 жылы 23 апрельде қайтыс болып,осы қалаға жерленеді.
Шекспир жайлы бізге келіп жеткен мəліметтер тым аз.Оның
шығармаларынан
бізге белгілі «Венера мен Адонис» 1593 жəне «Лукреций» 1595 атты екі поэмасы мен
«Асауға тұсау»,»Оттело»,»Ромео мен Джульетта» сияқты 36 пьесасы жəне 154 сонеті
бар.
Жалпы алғанда,Шекспирді біз дүние жүзінің ұлы драматургтарының бірі ретінде
танимыз.Оның «Оттелосы»,»Король Лирі»,»Гамлеті»,»Дауыл», «Қысқы ертегі»
пьесалары мен еңбектері Шекспирдің үлкен ақын əрі жазушы екенін танытады.
Шекспир пьесалары республиканың көптеген театрларында күні бүгінге дейін
үздіксіз
қойылып
келеді.»Оттело»,»Асауға
тұсау»,»Ромео
мен
Джульетта»,»Гамлет»,»Ричард 111» трагедиясы жəне
соннттері қазақ тіліне
аударылып басылды.
Достарыңызбен бөлісу: