кейінгі кезде «Оң қолымның даңқын асыру үшін сол қолымды құрбан еттім» ,-деп əзіл
айтатын.
Соғыс
басылған
соң,1575
жылы
Сервантес
туған
еліне
қайтпақ
болады.Испанияда,Римде жəне Неапольде болады.Итальян гуманистерінің маңдай
алды шығармаларымен танысу арқылы көптеген əдеби жоспарлар құрумен,қайткенде
де соны іске асыру ниетімен өз еліне,Мадридке қайтады.Жолда Сервантес отырған
кемені
маврдың
теңіз
қарақшылары
қолына
түсіріп,Алжирға
алып
кетеді.Сөйтіп,Сервантес 5 жыл тұтқында жүреді.Өлімге басын байлап,қашуға қаншама
рет əрекет жасаса да,ештеңе шықпайды.Ең ақырында 1580
жылы көп құн төлеп
босанады да,Испанияға жетеді.Отаны оны көңілсіз қарсы алып,ерлігімен даңқы
шыққан мүгедек жауынгерді көшеде қалдырады.Ал Мигельдің əке-шешесі де бұл
кезде жартылай қайыршылықта өмір сүретін.
Осы кезде Сервантес əдебиетпен қатты шұғылданады.Бірақ шығармалары ескі
əдеби үлгімен жазылғандықтан ылғи сəтсіздікке ұшырайды.Оның өзіне тəн
дарындылығы
шарықтап өспейді,өлеңдері де елеусіз қалады.Ал «Галатея» 1585 атты
қойшы өмірінен жазған романы да сəтсіздікке ұшырайды.20-дан астам драма жазса
да,олар сахнаға бір-ақ рет қойылудан ары бармайды.Сөйтіп,Сервантес қайыршылыққа
тап болады.1587 жылы ол Мадридтен кетіп,астық жəне салық жинаушы болып істей
жүріп,Испанияның шалғай түкпірінднгі шаруалар мен байлардың жəне дворяндардың
салт-сана,əдет-ғұрпымен танысады.1597 жылы Сервантес қазынаның көп ақшасынан
айрылып,сол үшін 1604 жылға дейін дүркін-дүркін түрмеге түсіп,бұрынғыдан
жаман
қайыршыланады.Сонда да қажымас қайратты Сервантестің рухы бір төмендейді.Ол
осы жылдарда 1605 өзінің «Дон Кихотының» бірінші бөлімін жазып шығады.Бұл
шығарма оқушы жұртшылыққа ұнайды.Сонымен бірге бұл еңбек дүние жүзі
ұлттарының тіліне аударылып,кітап болып шыға бастайды.Сөйтіп,Сервантес
данышпандығы бірден білініп,күллі оқушы жұртшылықты өзіне керемет баурап
алады.Ол «Дон Кихоттың» екінші бөлімін жазудан басқа 1615,көптеген құнды
новеллалар,»Парнасқа саяхат» 1614
деген сықақ поэма,оннан астам күлдіргі
шығармалар жазып,ең соңында фантастикалы жаңа романын жазып жүргенде аяқтай
алмай,1616 жылы 23 апрельде Мадрид қаласында қайтыс болады.
1605 жылы Испанияда жұртшылықтың назарын бірден өзіне аударып алған бір
кітап шықты.Бұл кітап сол кезде бүкіл ел құмартып оқыған серілер жөніндегі
романдарға жазылған өткір əрі қызық сықақ еді.Бұл кітапты жазуда Сервнтес өз
алдына «Қисынсыз серілік тарихтарды оқудан жұртшылықты бездіру» ісін міндет етіп
қойды. Ол мақсатына автор жетті де «Дон Кихоттан» кейін серілер жөнінде жазылған
романдар сəннен шығып қалды да оның орнына сол романдарға
жазылған осы сықақ
өмір сүріп қала берді.
Сервантес өзінің «Дон Кихотында» өмрір шындығымен санаса алмайтын адамның
бейнесін шебер көрсетеді. Қайғылы бейненің серісі – ең жақсы ниетпен рухтанған
адам. Ол жəбір – жапа шеккендерді жəне тепкіде жүргендерді қорғағысы келеді. Дүние
жүзіндегі зорлық – зомбылықты, езушілікті жойғысы келеді. Бүкіл дүние жүзіне
əділдік пен бостандық орнауын арман етеді.
Дон Кихот осы ұлы идеяны жүзеге асыру жолында асқан жан қиярлық,
қаһармандық, ерлік көрсетеді. Ұлы ісі үшін өзін құрбан етуге əзір екендігі жағынан
оны еріксіз құрметтейсіз.
Сервантестің «Дон Кихоты»
қазақшаға аударылып, 1952 жылы жеке кітап болып
шықты.