Дионис – табиғаттың гүлдену құдайы, яғни ежелгі гректердің түсінігінше,
табиғаттағы жаңарып, жасару процестері осы Дионис құдайдың қолында-мыс. Бұл
құдайға табыну ұжымдық табыну болып, кейіннен ол оргиастикалық сипат алды.
Дионис құдайдың алдында адамдардың əр түрлі əлеуметтік топтарға, таптарға бөлінуі
күнə болып саналды. Оған табынушылар өздерін ерлер – вакханттар, ал əйелдер -
вакханкалар деп атады. Диониске арнап жыл сайын əр түрлі діни рəсімдер -
мистериялар, мерекелік шерулер өткізіліп тұрды. Оларды “Дионисий мейрамдары” деп
атады.
Бірақ, уақыт өте келе Дионис құдай да, оған арналған рəсімдер де ұмытылып, тек
солардың жұрнағы ретінде бізге трагедия мен комедия түрінде драма ғана жетті.
Əрине Дионис құдайға табынушылықтан гректің классикалық драмасына дейінгі жол
өте ұзақ та ауыр болды. Дегенмен де, жалпы əдебиеттегі драманың бастауы осы
Дионис құдайға табынудан шыққан діни рəсімдер – мистериялар болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: