Əрине, бұл болжамдардың бірін де жоққа шығара алмаймыз. Бірақ олардың
əрқайсысы жеке-дара трагедияның бастауы бола алмайтыны да анық.
Сөйтіп уақыт өте келе трагедия көңілді сатирлік драмадан бөлінді. Ал кейін
мифологиялық трагедия мен сатирлік драмадан мифтік тақырыптарға тəуелсіз комедия
бөлініп шықты. Бұл бөлшектену тарихта ежелгі грек драмасының дамуындағы елеулі
кезең болып қалды.
Достарыңызбен бөлісу: