Семинар сабақ 15 сағат ожсөЖ 45 сағат Барлығы 135 сағат Орал 2011 ж



Pdf көрінісі
бет58/98
Дата23.11.2022
өлшемі0,94 Mb.
#159450
түріСеминар
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   98
Байланысты:
Әлем әдебиетінің тарихы (1)

 
КОМЕДИЯНЫҢ 
ДƏСТҮРЛІ 
ҚҰРБАНДЫҚ 
РƏСІМІНЕ 
ЖƏНЕ 
ТРАГЕДИЯҒА ҚАТЫНАСЫ. 


 Ежелгі грек комедиясына Дионис құдайға деген табынушылықтың (культ) 
көптеген элементтері карикатуралық жəне пародиялық түрде енді. Олар – хор, агон 
(екі жартылай хордың айтысы) енді екі – жаңа дəстүр мен ескі дəстүрдің айтысы 
ретінде енді, парабаса (хордың көрермендерге қарай қозғалып, оның ақын атынан 
көрермендерге қарата айтатын сөзі), өте бай безендірілген жəне түрлі-түсті 
бетперделер (маскалар), алтарь жанындағы күлдіргіш пен оның жанындағы жиналған 
тобыр – бұл абыз бен халықтың көшірмесі.
Аристотельдің айтуынша, трагедияда көрермендерге əсер ететін басты күштер – 
қорқыныш, кейіпкерлерге деген аяушылық сезім, сондай-ақ көрермендердің күнделікті 
тұрмыстан бір сəт арылып, өмірдің қатал да əділ заңдарына тікелей куə болып, жан-
дүниесі бір серпілген көңіл-күйі. Ал комедия болса, көрерменді жалған мұқтаждық 
көріп жүрген кейіпкерлерге деген күлкімен жұбатады. Дегенмен де, бұл екі жанрдың – 
трагедия мен комедия – екеуі де, негізінен, Дионис құдайға табынушылықтан пайда 
болған. Трагедия мен комедия өздерінің діни-рəсімдік мағыналарын өте ерте жоғалта 
бастады да, көп ұзамай құлиеленуші полистің ең өміршең идеяларын бейнелейтін 
көркем қойылымдарға айналды. Сөйтіп олардың құрамындағы діни рəсімдердің тек 
жұрнағы ғана қалды. Ауылдық мекендерде пайда болған комедия алғашында қалалық 
мəдениетке қарсы антагонизм жағдайында дамыды.
ЕЖЕЛГІ ГРЕКИЯДА КОМЕДИЯ ПАЙДА БОЛЫП, ДАМЫҒАН АЙМАҚТАР 
1.
МЕГАРЫ.
Тарихта Мегары аймағының комедияға қатыстьылығы туралы 
анық емес мəліметтер бар. Бұл аймақта б.э.д. ҮІ ғасырдың басында-ақ алғашқы 
комедиялар пайда болған. Олардың құрылымы онша күрделі болмаған, бірнеше 
күлкілі қойылымдардан тұрған. Бірақ бұл мегарлық комедиялар туралы деректер əлі де 
толық дəлелденбеген, олар толыққанды зерттеуді талап етеді.
2.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет