Семинар сабақ 15 сағат ожсөЖ 45 сағат Барлығы 135 сағат Орал 2009 ж



бет10/12
Дата05.11.2016
өлшемі2,18 Mb.
#994
түріСеминар
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Қарастырылатын сұрақтар:

Түркімен халқы жайлы қысқаша мәлімет. Ауыз әдебиеті, оның түрлері. Батырлық эпос – «Көрұғылы» / «Гер-оғлы»/. Бұл эпостың басқа түркі тектес халықтардағы нұсқаларынан айырмашылығы. Романтикалық жырлар – «Ғариб пен Сәнем», «Асыл мен Керім», «Таһир мен Зухра» т.б. жырлардың ауыз әдебиетіндегі орны.



Дәріс мақсаты: Студенттерге түркімен әдебиетінің қалыптасу, даму белестері туралы мағлұмат беру.

Дәріс мазмұны:

Т. әдебиеті эпостық шығармалар мен ертегілерге бай. 16 ғ-да бірнеше шығармалардан (12 жыр) құрастырылған «Китаб Дәдәм Қорқуд» («Қорқыт ата кітабы») жарыққа шықты. Түркі халықтарына ортақ бұл әдеби мұрада ертедегі сол халықтардың әдет-ғұрпы мен діни сенімдері (шаманизм мен қоса ислам діні) және Кавказ, Азия елдерінің эпостық дәстүрлері бейнеленген. Оның сюжеттік элементтері «Кероглы» («Көрұғлы», 16 ғ.) эпосында да бой көрсетеді. Хилали Чағатай (16 ғ.), Мырза Бархудар Түркмен (17 ғ.) т.б. ертедегі Т. ақындары шығармаларын парсы тілінде жазды. Ақын Азади (1700-60) шығармаларын шағатай тілінде жазды. 18 ғ-дың 2-жартысынан 20 ғ-дың басына дейін саяси әлеуметтік жаңа жағдайларға байланысты патриотизм сарыны мен азаматтық әуенде жазылған шығармалар пайда болды. Мақтымқұлы (18 ғ.) мен Дурды – Шаһирдің, Мақтымқұлы – Сеиди (1775-1836) мен Зелилидің (1795-1850) жазбаша айтыстары, Мискинклычтың (1847-1906) өлеңдер циклі Т. әдебиетінің жетіліп келе жатқандығын көрсетті. Мақтымқұлы әдебиеттегі жаңа бағыттың негізін қалады. Ол Т. әдебиетінде тұңғыш рет өлеңнің «гошпа» (төрттаған) түрін жазып, аруз өлшемін қолданды. 19 ғ-да түрікмен лирикасының белгілі өкілі Молланепес (1810-62) шығыс сюжеті негізінде «Таһир мен Зуһра» дастанын жазды. Кемине (Мәмедәлі, 1770-1840), Байрам Шаһир (1871-1948), Көрмолла (1872-1934), Молламұрат (1879-1930), Дурды Клыч (1886-1950) әлеуметтік теңсіздікті әшкерелеп, халықтың мұң-мүддесін жырлады.

Совет дәуіріндегі Т. әдебиетінің алғашқы үлгілері Кермолланың («Большевик», 1918), Дурды Клычтың («Мен айтам», 1923, «Байлар», 1924, «Кедейлер», 1924), Буруновтың («Құттықтаймын», 1925) шығармалары болды. Берді Кербабаевтың «Әдет құрбандығы» (1932), Аман-Дурды Аламышевтың (1904-43) «Сона» (1932) т.б. шығармалары әйелдер теңдігіне арналды. 1925 ж. Якуб Насырлының (1899-1958) «25 жылдан соң» повесі шықты. 20 жылдардың 2-жартысында Б. Кербабаев пен Ағахан Дурдыев (1904-47) жаңа тақырыпта прозалық шығармалар жазды. Т. әдебиетінде тұңғыш рет Ата Қаушутовтың (1903-53) «Қанды орман» (1929), Б. Кербабаевтың «Тирьякеш пен Табиб» (1927) пьесалары жарық көрді. 30 жылдары А. Кекілов (1912-74), Ч. Аширов (1910 ж.т.), Алты Қарлиев (1909 ж.т.), Таушан Эсенова (1915 ж.т.) колхоз құрылысына арналған шығармалар жазды. Проза өркендеп, Хыдыр Дерьяевтің (1905 ж.т.) «Қанды шеңгелден» (1937), Б. Кербабаевтың «Айна мен Артық» (1936) рев. тарихи романдары жарияланды. Қысқа әңгіме жанры қалыптасып, Н. Сарыхановтың (1906-44) новеллалары басылды.

1934 ж. Жазушылар одағы құрылды. Т. әдебиетінің творчеств. әдісі соц. Реализм болды. 1928 жылдан «Совет әдебиеті» журналы шығып, Т. совет әдебиетінің дамып қалыптасуына ықпалын тигізді. Ұлы Отан соғысы жылдарында Ш. Кекіловтің «Иван ағай» (1942), Б. Сейтақовтың (1914 ж.т.) «Қуғындағы қыз», Я. Насырлының «Ерлік» (1942), Б. Кербабаевтың «Құрбан-Дурды» (1943) поэмалары т.б. жарияланды. 50 жылдары Т. әдебиетіне Ата Атажанов (1922 ж.т.), Мамед Сеидов (1925 ж.т.), Аллаберды Хайдов (1929 ж.т.), Шахер Боржақов (1929 ж.т.) т.б. жас әдебиетшілер келді. Гусейн Мұхтаровтың (1914 ж.т.) «Алланың семьясы немесе семьяның намысы» (1951 ж. қойылды), «Күміс портсигар», Қ. Сейтлиевтің «Жақан» пьесаларында жаңа еңбек, интеллигенттер өмірі көрсетілді. Б. Кербабаев «Алып адым» эпопеясының 2-3 кітаптарын (1947), «Ғажайыптан туылғандар» (1965) романын жазды. 60-70 жылдары прозада Бердіназар Құдайназаровтың «Далалықтар» (1970), Клыч Кулиевтің (1915 ж.т.). «Қара керуен» (1971), А. Атажановтың «Кремни» (1971), Б. Сейтақовтың «Ағайындар» (1-3-кіт., 1960-70), Х. Дерьевтың «Тағдыр» (1-4 кіт., 1960-71) романдары, Арап Құрбановтың (1927 ж.т.), Ораз Ақмамедовтың (1930 ж.т.) т.б. повестері мен әңгімелері басылды.

Түркімен әдебиетінен Б. Кербабаевтың «Ақ алтынды аймақтың Айсолтаны» (1952) повесі, «Алып адым» (1-2-кітап, 1962-63) романы, Мақтымқұлының «Таңдамалы өлеңдері» (1947, 1959, 1960), «Түрікмен жырлайды» (1963), «Түрікмен әңгімелері» (1969) атты жинақтар т.б. шығармалар қазақ тілінде жарық көрді.
20 Дәріс. Аристофанға дейінгі көне грек комедиясының дамуы.

Қарастырылатын сұрақтар: Ежелгі грек комедиясы. Комостар әні. Комедия бастулары. Дионис құдайға арналған мейрамдар. Алғашқы комикалық агон. Эпихарм, Софрон, Кратин, Евполид – алғашқы комедиографтар. Тарихи кезең. Комедия бастаулары. Көне грек комедиясы пайда болып, дамыған аймақтар.

Дәріс мақсаты: Студенттерді көне грек комедиясы дамуынан хабардар ету.

Дәріс мазмұны:

Ежелгі грек комедиясы б.э.д. ҮІ ғасырда пайда болды. Оның пайда болуына төрт түрлі элемент себепкер болды:

Пародиялық немесе карикатуралық мағынадағы шулы да көңілді қойылымдар;

Ауылдық тұрғындардың Дионис мейрамдарында қалаларға барып, қала тұрғындарын келемеждеп айтатын әндері.

Құрамында оргиастикалық элементтері мен құрбандық рәсімі бар Дионис құдайға бағышталған мистериялар

Дионис мейрамдарында айтылатын табиғаттың гүлденуні ықпалы бар Олимп құдайларына арналып айтылатын әндер.

Осы төрт элементтің бірігуінен көңілді де шулы меркелік шерулер – карнавалдық қойылымдар туындады. Мұндай шерулер көңілді әндерге, әзілгі, тіпті кейде дөрекі қылықтарға да толы болды. Оған қатысушылар әртүрлі жан-жануарлардың кейпіне еніп, солардың табиғи мінез-құлықтарын бейнеледі. Жалпы «комедия» сөзінің төркіні бірнешеу: 1. комос – мерекелік көңілді тобыр, 2. соме – деревня немесе ауыл және оде - ән деген сөздердің бірігуінен шыққан деп те саналады.

КОМЕДИЯНЫҢ ТАРИХИ-ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ.

Мұндай түрлі-түсті киінген, өздерін еркін ұстайтын ауыл тұрғындарының бұл мерекелік ойындары жүре-бара біртіндеп әлеуметтік – саяси мағынаға ие бола бастады. Енді бұл мерекелерді тек ойын деп қана түсінбей, оларды ауыл тұрғындарының байыған қала кәсіпкерлеріне қарсы көрсеткен саяси қарс үні деген көзқарас қалыптасты. Себебі байыған қала шонжарлары мен кәсіпкерлері елді қайта-қайта жаңа жаулап алушылық соғыстарға итермелей бастады. Екіншіден, олар қалалық экономикалық күштерді одан әрі қарай дамытып, қала мен даланың арасындағы экономикалық теңсіздікті күшейтті. Осының салдарынан ауылдардың өндіргіш күштерінің ел экономикасына деген ықпалы күрт азайды. Сол себепті қала мен ауыл секторларының арасындағы саяси антагонизм одан әрі өрши түсті. Осындай қоғамдық-саяси катаклизмдер әдебиет пен мәдениет салаларына өз әсерін тигізбей қоймады. Мысалы, ежелгі аттикалық комедия біртіндеп демократия мен софистерге қарсы бағытталған өткір драмалық шығармаға айналды.

Сөйтіп, классикалық комедия қарсыласқан екі саяси күштердің ықпалының астында дамыды. Олардың бірі – еркін және ұсақ жер иелері (шаруалар мен консервативтік аритократия), екіншісі – қалалық әскери және сауда-өндірістік демократия. Бұл екінші күш грек-парсы соғысынан кейін Ү ғасырдың ортасында пайда болған еді.


КОМЕДИЯНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ҚҰРБАНДЫҚ РӘСІМІНЕ ЖӘНЕ ТРАГЕДИЯҒА ҚАТЫНАСЫ.
Ежелгі грек комедиясына Дионис құдайға деген табынушылықтың (культ) көптеген элементтері карикатуралық және пародиялық түрде енді. Олар – хор, агон (екі жартылай хордың айтысы) енді екі – жаңа дәстүр мен ескі дәстүрдің айтысы ретінде енді, парабаса (хордың көрермендерге қарай қозғалып, оның ақын атынан көрермендерге қарата айтатын сөзі), өте бай безендірілген және түрлі-түсті бетперделер (маскалар), алтарь жанындағы күлдіргіш пен оның жанындағы жиналған тобыр – бұл абыз бен халықтың көшірмесі.

Аристотельдің айтуынша, трагедияда көрермендерге әсер ететін басты күштер – қорқыныш, кейіпкерлерге деген аяушылық сезім, сондай-ақ көрермендердің күнделікті тұрмыстан бір сәт арылып, өмірдің қатал да әділ заңдарына тікелей куә болып, жан-дүниесі бір серпілген көңіл-күйі. Ал комедия болса, көрерменді жалған мұқтаждық көріп жүрген кейіпкерлерге деген күлкімен жұбатады. Дегенмен де, бұл екі жанрдың – трагедия мен комедия – екеуі де, негізінен, Дионис құдайға табынушылықтан пайда болған. Трагедия мен комедия өздерінің діни-рәсімдік мағыналарын өте ерте жоғалта бастады да, көп ұзамай құлиеленуші полистің ең өміршең идеяларын бейнелейтін көркем қойылымдарға айналды. Сөйтіп олардың құрамындағы діни рәсімдердің тек жұрнағы ғана қалды. Ауылдық мекендерде пайда болған комедия алғашында қалалық мәдениетке қарсы антагонизм жағдайында дамыды.


ЕЖЕЛГІ ГРЕКИЯДА КОМЕДИЯ ПАЙДА БОЛЫП, ДАМЫҒАН АЙМАҚТАР

  1. МЕГАРЫ. Тарихта Мегары аймағының комедияға қатыстьылығы туралы анық емес мәліметтер бар. Бұл аймақта б.э.д. ҮІ ғасырдың басында-ақ алғашқы комедиялар пайда болған. Олардың құрылымы онша күрделі болмаған, бірнеше күлкілі қойылымдардан тұрған. Бірақ бұл мегарлық комедиялар туралы деректер әлі де толық дәлелденбеген, олар толыққанды зерттеуді талап етеді.

  2. СИЦИЛИЯ. Ежелгі Грекияның бір бөлігі – Сицилияда мим деп аталатын қойылымдар пайда болған. Мимнің мәні – халықтың күнделікті тұрмысын күлкілі түрде бейнелеу. Бұл қойылымдар әртүрлі күлкілі қимылдар мен іс-әрекеттерге толы еді. Жалпы сицилиялық комедиялардың негізінде сол мимдер жатыр деген ғылыми болжам бар. Бір айқын нәрсе – осы халық арасында туындап, дамыған мим кейінгі әдеби мимнің өмірге келуіне ықпал етті. әдеби мимнің тарихта аттары қалған өкілдері – б.э.д. Ү ғасырда өмір сүрген Софрон мен Ксенарх. Олар өткір прозалық әрі күлкілі диалогтық қойылымдар жазған. Мысалы, Софронның «Балықшы», «Шалдар», «Киім тігушілер», «Айды аулаған әйелдер», «Сиқыршы әйелдер» атты қойылымдарының үзінділері бізге жеткен. Сицилиялық комедияның бізге белгілі тағы бір өкілі – Эпихарм.

  3. АТТИКА. Ежелгі Грекияның Аттика атты аймағында грек комедиясы өз дамуының шырқау шыңына жетті деуге болады. Мұнда комедия трагедияның ықпалынсыз бөлек жанр ретінде өз алдына жеке даму жолына түсті. Осы Аттика аймағында алғаш рет Дионисий мейрамдары кезінде комедия жарысы өткізіле бастады. Мұндай оң өзгерістер комедия жанрын күшейтіп, оның жеке әдеби жанр ретіндегі дамуын жеделдете түсті. Мемлекет тарапынан трагиктерге берілетіні секілді, комедиографтарға да қаржаттай немесе заттай көмек көрсетіле бастады. Аристофанға дейінгі тарихта белгілі комедиографтар – Хионид, Магнет, Кратет, Ферекрат. Хионид пен Магнет туралы мәліметтер мүлде жоқтың қасы. Кратет пен Ферекрат комедияларынан тек аз үзінділер ғана жеткен. Бірақ осы үзінділердің өздері-ақ Кратет пен Ферекрат шығармаларының негізі, идеясы, құрылымы, мазмұны мен сюжеті туралы бірқатар мағлұмат береді.

20 дәріс сабақ. Тақырыбы: ҚАРАҚАЛПАҚ ӘДЕБИЕП



Қарастырылатын сұрақтар: Қарақалпақ халқының қалыптасу тарихы. Қарақалпақ халқының фольклоры. "Қырық қыз" эпосы. Қысқаша сюжеті. Гүләйім, Арыслан, Жұрынтаз бейнелері. Эпостың көркемдік маңызы.

XVIII ғасырдағы жазба әдебиеті. Жиен жырау Тағайұлы шығармашылығы. "Күйзелген халық" дастаны. Дастанда қарақалпақ халқының ауыр тұрмысының бейнеленуі.

Дәріс мақсаты: Студенттерді қарақалпақ әдебиеті дамуынан хабардар ету.

Дәріс мазмұны:

Қарақалпақ – ауыз әдебиетіне бай халық. оның «Қырық қыз», «Ашық Ғаріп», «Шадьяр» т.б. батырлық және лиро-эпостық жырлары ертеден мәлім. Жазба әдебиеті 18ғ-дан басталады. Ол кезде әдебиет әлеміне Жиен жырау Тоғайұлы (18ғ)ғ Күнқожа Ибраимұлы (1799-1880), әжінияз Қасыбайұлы (1824-78), Бердақ Қорғабайұлы (1827-1900), Омар Өтеш (1828-1902), Омар Сүйірбабатұлы (1879-1922), Құлмұрат (1838-1917), Сыдық Шамр (1857-1917) сияқты ақындар шығып, өздерінің тамаша өлеңдері мен жыр-дастандарын ел ішіне кең таратты. Жиен жыраудың «Босқан ел» толғауы мен Бердақтың «Ақимақ патша» атты дастаны-қарақалпақ әдебиетіне елеулі із қалдырған аса маңызды шығармалары. әжінияздың «Боз отауы», Бердақтың «Ерназар би», «Айдос би» деген шығармалары19ғ-ды тарихи шындыққа құрылды. Қарақалпақ әдебиетінде кеңес үкімітінің алғашқы кезеңдерінен бастап, басқа да жанрлар дамыды. Жаңадан проза, драматургия жанрлары тып, әдеби сын, әдебиеттану ғылымы дамыды. А.Мусаев (1880-1936), С.Мәжитов(1869-1938), А.Өтепов (1904-34), А.Дабылов (1898-1970), С.Нұрымбетов (1900-71) сияқты ақын-жыраулар сол кездегі жаңа заман кеңес өкіметін, оның көсемдерін мадақтаған өлеңдер жазды. А.Бегімов (1907-58), Ж.Аймырзаев (1910ж.т.), М.Дәрібаев (1909-42), Ә.Шамұратов (1912-53), Б.Қайыпназаров (1916ж.т.) т.б. елеулі еңбек етті. Бұлардан кейін келіп қосылған Х.Сейтов (1917ж.т.), Х.Тұрынбетов (1926-68), Т.Жұмамұратов (1915ж.т.), И.Юсупов (1929ж.т.)т.б. ақындар өздерімен бірге қарақалпақ поэзиясына сыршылдық лирика, сатира, юмор, мысал т.б. жанрларды аса келді.

Қарақалпақ әдебиетінде 20жылд-ң 2 жартысынан көріне бастады. М.Дәрібаевтың «Мыңдардың бірі», Ә.Шамұратовтың «Ескі мектепте» атты көлемді прозалық шығармалары 30 жылдары жарық көрді. 50 жылдары жазылған А.Бегімовтың «Балықшының қызы» (1958), Ж.Аймырзаевтың «Амудария жағасында» (1958), Т.Қайырбеговтың (1929ж.т.)»Қарақалпақ қызы» (1-2кітап,1953-65) романдары қарақалпақ прозасын биік белеске көтерді.

Қарақалпақ әдебиетінде драматургия 20 жылдардың ортасында пайда болды. Қарақалпақ драматургтары С.Мажитовтың «Ерназар – Алакөз», «Бағдагүл», «Тазагүл», Қ.Әуезовтың «Жиек жолында», А.Өтеповтың (1904-34), «Теңін тапқан қыз» пьесалары – сол кездегі үздік туындылар. Кейінгі жылдарда жазылған Ж.Аймырзаевтың «Айгүл - абат», «Раушан», «Бердақ», А.Бегімбаевтың «Боз отау», «Ашық Ғаріп», М.Дәрібаевтың «Көклан батыр», «Жаңа адамдар», Н.Дәуқараевтың (1905-53) «Алпамыс» С.Хожаниязовтың «Сүлейменге сүйкенбе», «Жас жүректер» пьесалары республика таетрларының репетуралрын байыта түсті. әдеби сын мен әдебиеттану ғылымы да дами түсті. Қарақалпақтың тұңғыш ғалымы Қ.Дәуқараев, Өзбекстан ҒА-ның корр.мүшесі проф.И.Сағитов,М.Нұмұхамедов, филол.ғыл. докторлары Қ.Айымбетов, Н.Жапақов, С.Ахметов т.б. бұл салада жемісті еңбек етіп келеді.

Қарақалпақ, қазақ әдебиеті ежелден туыстас. Екі ел әдебиетінің озық туындылары қос халыққа ортақ. Қарақалпақ дастаны «Қырық қыз» (1959), қазіргі қарақалпақ ақындарының шығармаларынан құрастырылған «Қарақалпақ жырлары» (1962) қазақ тілінде жеке кітап болып шықты.
21 Дәріс. Көне грек комедиясы. Аристофан.

Қарастырылатын сұрақтар:

Аристофан – комедияның атасы. Өмір жолы. Шығармалары. “Ахарндықтар”, “Салт аттылар”, “Бұлттар”, “Құстар”, “Лисистрата”, “Әйелдер мейрамда”, “Құрбақалар”, “Халық жиналысындағы әйелдер”, “Байлық” және т.б. комедиялардың мазмұндық, сюжеттік, идеялық ерекшеліктері. Аристофан – ежелгі грек комедиясының көрнекті өкілі.



Дәріс мақсаты: Студенттерді Аристофан шығармашылығынан хабардар ету.

Дәріс мазмұны:

Аристофан шамамен б.э.д. 445 жылы ауқатты Афины азаматының шаңырағында дүниеге келген. Оның өмір жолы туралы мәліметтер өте аз. Оның тарихты белгілі алғашқы комедиясы б.э.д. 427 жылы лақап атпен қойылған. Одан кейін де Аристофан лақап атпен бірнеше комедиясын жариялаған. Б.э.д. 425 жылы Аристофанның «Ахарндықтар» комедиясы Дионисий мейрамында бірінші жүлдені жеңіп алады. Осы кезден бастап Аристофан өзінің шығармаларын өз атынан, лақап атсыз сахнаға шығара бастаған. өзінің 20 жасқа жаңа толғанына қарамастан, Аристофан сол кездегі ең танымал комедиографтардың қатарына ілігеді.

«Ахарндықтар» - Аристофанның алғащқы комедияларының бізге белгілісі. Комедияның құрылымы күрделі емес. Оның басты кейіпкері – ежелгі Аттиканың Ахарн атты бір өлкесінің тұрғындарын бейнелейтін хор. Комедияның басты идеясы – Афины азаматтарын бейбітшілікке үндеу. «Ахарндықтар» да Афины сахнасында лақап атпен қойылған. Бір жыл өткен соң Аристофан алғаш рет өз атынан «Аттылар» атты комедиясын қояды. Бұл шығарманың басты тақырыбы – Афины радикалдық демократиясының көсемі Клеон патшаның ызғарлы саясатын қатал сынға алу болатын. Сол кездегі көрермендердің айтуынша, театр актерлерінің бірінің де Клеон ролін ойнауға жүрегі дауаламаған екен. Ал суретшілер оның күлкілі бетпердесін жасаудан бас тартқан. Сол себепті Аристофан бетпердені өзі жасап алып, Клеонның ролін өзі ойнаған. Комедия сюжеті көшеде, Демос атты шалдың үйінің алдында өтеді. Демостың көп құлдары оның бәріне жеккөрінішіті болып жүрген көмекшісі Клеоннан зәбір көріп жүреді. Бір күні екі құл Клеонның мойнына тағып жүрген тұмарын ұрлап алады. Сол тұмардан олар Клеонның болашағы туралы жазылған жазуды оқиды. Онда егер Клеоннан да қатал, одан да жексұрын біреу табылмайынша, ол Демосқа өз әмірін жүргізе беретіндігі туралы жазылған болып шығады. Осыны оқып алған екі құл жүгіріп базарға барады да, іздеп-іздеп ақыры адамдардың ішіндегі ең қатыгезі болып саналатын Қасапшыны тауып алады. Ақыр аяғында Клеон мен Қасапшы арасында соғыс басталады. Соғыс Қасапшының жеңісімен аяқталады. Ол Демосты қайнаған суы бар қазанға салып жіберіп, біраз пісіріп алады. Демос қазаннан жап-жас көрікті жігіт болып шығады. Комедия осымен аяқталады.

Б.э.д. 423 жылы Аристофан ¦лы Дионисий мейрамында өзінің “Бұлттар” комедиясын қоюды ұйғарады. Автордың өз ойынша бұл комедия – оның шығармаларының ең биік шыңы. Алайда “Бұлттар” ¦лы Дионисий мейрамындағы қойылымдар жарысында тек 3-ші жүлдеге ғана әрең ілігеді. Бұл комедиясында Аристофан өз заманындағы жас ұрпаққа оқу-білім және тәрбие беру жүйесін қатал сынға ала отырып, софистердің білім мен тәрбие қағидаларын полистік идеологияның іргесін ыдыратуға бағытталған деп айыптайды.

Б.э.д. 421 жылы Клеон мен оның қарсыласы спартандық Прасид кескілескен ұрыста қаза табады. Афины мен Спарта полистерінің арасында ұзаққа созылған соғыс аяқталады. Аристофан да өзгелер секілді мағынасыз соғыстың біткеніне шабыттанып, өз отанының болашағынан зор үміт күтеді. Оның “Бейбітшілік” атты комедиясында осындай ақын армандарынан туындаған.
22 дәріс сабақ. Тақырыбы: Шумер және Вавилон әдебиеті

Дәріс мазмұны:

Ниппур каноны: мифтер, дұғалар, гимндер. Гильгамеш туралы аңыз.


23 Дәріс. Шекспир шығармашылығы.

Қарастырылатын сұрақтар: Ағылшынның әлемге аты әйгілі драматургы әрі ақыны Уильям Шекспир. Өмір және шығармашылық жолы. Драматургиясы.

Дәріс мақсаты: Студенттерді ағылшынның әлемге аты әйгілі драматургы әрі ақыны Уильям Шекспирдің өмір және шығармашылық жолымен, драматургиясымен таныс ету.

Дәріс мазмұны:

Ағылшынның әлемге аты әйгілі драматургы әрі ақыны Уильям Шекспир 1564 жылы 23 апрельде Эвон өзені бойындағы Старфорд деген кішкентай қалада дүниеге келген.Болашақ драматургтың әкесі айтарлықтай ауқатты қала тұрғыны еді.

Жас ақын осы туған қаласындағы «Грамматикалық мектепте» оқиды.Бұл мектеп негізінен латын тілін,қала берді көне грек тілін оқытушы еді.Бірақ әкесінің кедейленуіне байланысты мектепті бітіре алмай,16-ға толар-толмас жасында жұмыс істеуге мәжбүр болады.Сөйтіп,ол бірде ет сатушының шәкірті болса,енді бірде ауылдық мектепте репетитор қызметін атқарады.

Шекспирді жергілікті ірі помещик Томаса Люси қорығындағы бұғыларды жасырын түрде ауладың және сатиралық балладаңа іліктірдің деген сылтаумен жазалауға бұйырады.Осы кезде туған қаласы Стратфордты тастап Лондонға кетеді.

Лондонға келгеннен кейін Шекспир өзі жақсы көретін театрды төңіректейді.Әуелде театрға келушілердің атын бағушының міндетін атқарса,соңынын бірте-бірте актерлікпен,одан әрі дрматургиямен шұғылданады.

Лондонға келген алғашқы күндерінен-ақ Шекспир студенттермен тығыз байланыста болады.Оның пьесалары алғаш рет осы қаладағы студент-жастардың күшімен қойылып,соңынан театр сахнасына ауысып отырады.Ол өзі жзаған пьесаларының театрда орындалуына басшылық етеді,сонымен қатар өзі де актер болып ойнайды.

1612 жылдар шамасында Шекспир Лондоннан туған қаласы Стратфордқа оралады да,1616 жылы 23 апрельде қайтыс болып,осы қалаға жерленеді.

Шекспир жайлы бізге келіп жеткен мәліметтер тым аз.Оның шығармаларынан бізге белгілі «Венера мен Адонис» 1593 және «Лукреций» 1595 атты екі поэмасы мен «Асауға тұсау»,»Оттело»,»Ромео мен Джульетта» сияқты 36 пьесасы және 154 сонеті бар.

Жалпы алғанда,Шекспирді біз дүние жүзінің ұлы драматургтарының бірі ретінде танимыз.Оның «Оттелосы»,»Король Лирі»,»Гамлеті»,»Дауыл», «Қысқы ертегі» пьесалары мен еңбектері Шекспирдің үлкен ақын әрі жазушы екенін танытады.

Шекспир пьесалары республиканың көптеген театрларында күні бүгінге дейін үздіксіз қойылып келеді.»Оттело»,»Асауға тұсау»,»Ромео мен Джульетта»,»Гамлет»,»Ричард 111» трагедиясы және соннттері қазақ тіліне аударылып басылды.


24 дәріс сабақ. Тақырыбы: Көне еврей әдебиеті.
Дәріс мазмұны:

  1. Библия – көне еврей әдебиетінің мәңгі өшпес мұрасы. Ветхий завет (Көне өсиет) және Новый завет (Жаңа өсиет) - христиан діні мен христиан әдебиетінің бастауы.

25 Дәріс. Сервантес шығармашылығы.



Қарастырылатын сұрақтар: Мигель де Сервантес Сааведра. Өмір және шығармашылық жолы. Шығармалары.

Дәріс мақсаты: Студенттерге Мигель де Сервантес Сааведраның өмір және шығармашылық жолы, шығармалары туралы мәлімет беру.

Дәріс мазмұны:

Мигель де Сервантес Сааведра 1547 жылы 9 октябрьде Мадрид қаласына жақын жердегі Алькала-де-Энарес деген бір шағын қалада дүниеге келеді.Оның әкесі дәрігерлікпен күн көрген,әбден кедейленіп біткен бір идальго еді.Мигелдің жас шағынан білім алуына кедейлік кесірін тигізеді.Сөйтсе де оның балалық шағынан әдебиет пен театрға құштарлығы мектепте алған мардымсыз білімін өздігінен дамытуға жетеледі.Ол тіпті кішкене кезінен-ақ ақын,драматург,жазушы болуды армандады.Мигельді Мадрид қаласында оқытқан,адамгершілігі мол ұстазы оның бұл дарының дами түсуіне барынша көмектеседі.Осы кезде жоқшылықтың ащы зардабы Сервантесті еріксіз қызмет іздеуге мәжбүр етті.Әйтсе де ол Испанияда қызметке орналаса алмады.Сондықтан 1569 жылы кардинал Аквавиваның нөкеріндегі жай қызметші болып Италияға,Римге кетеді.Адамгершілігін қорлаған бұл қызметке де көне алмай,папа,Испания королы Филипп 11 және Венеция республикасы түріктерге қарсы жариялаған соғыста соғысып жатқан армияға өз еркімен кіріп,4 жыл соғысқа қатысады.Ол өзінің қахармандығы арқасында полкте жақсы атаққа ие болса,жалынды рухы мен жайдары мінезі үшін достары арасында да зор құрметке бөленеді.Мигель осы соғыста кеудесінен ауыр жараланып,соның салдарынан сол қолы істен шығады.Ол кейінгі кезде «Оң қолымның даңқын асыру үшін сол қолымды құрбан еттім» ,-деп әзіл айтатын.

Соғыс басылған соң,1575 жылы Сервантес туған еліне қайтпақ болады.Испанияда,Римде және Неапольде болады.Итальян гуманистерінің маңдай алды шығармаларымен танысу арқылы көптеген әдеби жоспарлар құрумен,қайткенде де соны іске асыру ниетімен өз еліне,Мадридке қайтады.Жолда Сервантес отырған кемені маврдың теңіз қарақшылары қолына түсіріп,Алжирға алып кетеді.Сөйтіп,Сервантес 5 жыл тұтқында жүреді.Өлімге басын байлап,қашуға қаншама рет әрекет жасаса да,ештеңе шықпайды.Ең ақырында 1580 жылы көп құн төлеп босанады да,Испанияға жетеді.Отаны оны көңілсіз қарсы алып,ерлігімен даңқы шыққан мүгедек жауынгерді көшеде қалдырады.Ал Мигельдің әке-шешесі де бұл кезде жартылай қайыршылықта өмір сүретін.

Осы кезде Сервантес әдебиетпен қатты шұғылданады.Бірақ шығармалары ескі әдеби үлгімен жазылғандықтан ылғи сәтсіздікке ұшырайды.Оның өзіне тән дарындылығы шарықтап өспейді,өлеңдері де елеусіз қалады.Ал «Галатея» 1585 атты қойшы өмірінен жазған романы да сәтсіздікке ұшырайды.20-дан астам драма жазса да,олар сахнаға бір-ақ рет қойылудан ары бармайды.Сөйтіп,Сервантес қайыршылыққа тап болады.1587 жылы ол Мадридтен кетіп,астық және салық жинаушы болып істей жүріп,Испанияның шалғай түкпірінднгі шаруалар мен байлардың және дворяндардың салт-сана,әдет-ғұрпымен танысады.1597 жылы Сервантес қазынаның көп ақшасынан айрылып,сол үшін 1604 жылға дейін дүркін-дүркін түрмеге түсіп,бұрынғыдан жаман қайыршыланады.Сонда да қажымас қайратты Сервантестің рухы бір төмендейді.Ол осы жылдарда 1605 өзінің «Дон Кихотының» бірінші бөлімін жазып шығады.Бұл шығарма оқушы жұртшылыққа ұнайды.Сонымен бірге бұл еңбек дүние жүзі ұлттарының тіліне аударылып,кітап болып шыға бастайды.Сөйтіп,Сервантес данышпандығы бірден білініп,күллі оқушы жұртшылықты өзіне керемет баурап алады.Ол «Дон Кихоттың» екінші бөлімін жазудан басқа 1615,көптеген құнды новеллалар,»Парнасқа саяхат» 1614 деген сықақ поэма,оннан астам күлдіргі шығармалар жазып,ең соңында фантастикалы жаңа романын жазып жүргенде аяқтай алмай,1616 жылы 23 апрельде Мадрид қаласында қайтыс болады.

1605 жылы Испанияда жұртшылықтың назарын бірден өзіне аударып алған бір кітап шықты.Бұл кітап сол кезде бүкіл ел құмартып оқыған серілер жөніндегі романдарға жазылған өткір әрі қызық сықақ еді.Бұл кітапты жазуда Сервнтес өз алдына «Қисынсыз серілік тарихтарды оқудан жұртшылықты бездіру» ісін міндет етіп қойды. Ол мақсатына автор жетті де «Дон Кихоттан» кейін серілер жөнінде жазылған романдар сәннен шығып қалды да оның орнына сол романдарға жазылған осы сықақ өмір сүріп қала берді.

Сервантес өзінің «Дон Кихотында» өмрір шындығымен санаса алмайтын адамның бейнесін шебер көрсетеді. Қайғылы бейненің серісі – ең жақсы ниетпен рухтанған адам. Ол жәбір – жапа шеккендерді және тепкіде жүргендерді қорғағысы келеді. Дүние жүзіндегі зорлық – зомбылықты, езушілікті жойғысы келеді. Бүкіл дүние жүзіне әділдік пен бостандық орнауын арман етеді.

Дон Кихот осы ұлы идеяны жүзеге асыру жолында асқан жан қиярлық, қаһармандық, ерлік көрсетеді. Ұлы ісі үшін өзін құрбан етуге әзір екендігі жағынан оны еріксіз құрметтейсіз.

Сервантестің «Дон Кихоты» қазақшаға аударылып, 1952 жылы жеке кітап болып шықты.


26 дәріс сабақ. Тақырыбы: «Махабхарата» және «Рамаяна». Панчатантра.

Дәріс мазмұны:

«Махабхарата» және «Рамаяна», «Панчатантра» - көне үнді поэзиясының ескерткіштері. Шығармалардың пайда болу және зерттелу тарихы.


27 Дәріс. Данте шығармашылығы.

Қарастырылатын сұрақтар: Ренессанс дәуірінің алғашқы ұлы өкілі – Данте Алигьери. Өмір және шығармашылық жолы. Шығармалары. «Құдіретті комедия».

Дәріс мақсаты: Студенттерге Ренессанс дәуірінің алғашқы ұлы өкілі – Данте Алигьери өмірі және шығармашылық жолы, шығармалары туралы толық мағлұмат беру.

Дәріс мазмұны:

Итальяның қайта өрлеу дәуіріндегі әдебиетті зерттеуде ең алдымен аталатын есім – Ренессанс дәуірінің алғашқы ұлы өкілі – Данте Алигьери. Ол 1265-1321 жж. өмір сүрген. Данте екі ұлы тарихи кезең аралығында тұрған ауыспалы уақыт ақыны.

Европаның ортағасырлардағы елдерінің алдыңғы қатарында Италия тұрды. Батыс Европа мен шығыс елдерінің арасын байланыстырып тұрған сауданың ерте дамуы Жерорта теңізінің бассейінде орналасқан Италия елі үшін өте қалайлы георафиялық жағдай болды. Шығыс елімен сауда арақатынасы қалалардың тез дамып, өркендеуіне әсерін тигізді. Басшылықтың республикалық әдісімен басқарылған Европада феодальдық сеньорлардың қол астынынан бөлініп шығады.

Қалалық коммуналардың құрылуы Италияның шығыс бөлігінде XI ғ. басында басталып, XII ғасырдың соңында аяқталады.

Италияның бос қала-республикалары тауар-ақша шаруашылығының алғашқы орталығы болды.

XIV ғасырдың өзінде – ақ капиталистік мінез-құлыққа ие болған сыртқы шығынға есептелген өндіріс Италияның шығыс қалалары Флоренцияда, Миланда ерте дами бастады. Тез арада өзгерген көпестік капиталдар, жайлап – жайлап өндіріске араласып бастады. Сөйтіп, италияндық көнесі өндіруші – капиталистке, ал өндіруші – капиталистен көпеске айналады.

Италияның экономикалық дамуындағы айтылған процесстеритальян қоғамының әлеуметтік құрылымында айтулы өзгерістер әкелді.

Италиялық барлық қала- комунналар бір-бірімен жиі қараласып тұрды. Елдің феодалдық дәуірдегі экономикалық және саяси жағдайы осылардың әсерінен жемісті түрде дамыды. Әсіресе, саяси күрес сауда өндірістік Флоренцияда жақсы өрістеді. Италияның XII- XIV ғғ. Мәдени орталығы саналған Флоренция ұлы ақын Дантенің отаны болатын. Флоренцияның қоғамдық өміріндегі барлық жағдай тек ақын ғана емес, Флоренцияның белгілі саяси ағартушысы болған Дантенің өмірі мен шығармашылығымен тығыз байланысты болатын. Данте 1265 ж. Флоренцияда дүниеге келеді. Оның әкесі гвельдтер партиясында болатын. Кәмелеттік жасқа жеткеннен кейін Данте 1283 ж. цехқа дәріханашы және дәрігер болып жазылады. Бұл цех Флоренциядағы ең үлкен жеті цехтің бірі еді. Ол ортағасырлық мектепте білім алады. Осы мектеп жасында жүріп-ақ Данте шет ел әдебиетімен әдістенеді. Алайда, басқа ортағасыр ақындарымен салыстырғанда Данте ең алдымен антикалық ақындарды зерттейді. Поэзияны сүйген Данте өленді жазуды ерте бастады. XIII ғ. 80 жылдарында ақ махаббат лирикасына көптеген өлеңдер жазды. 18 жасында Дантенің өмірінде үлкен психологиялық кризис болады. Ол әкесінің досы флорентийлік Фолько Портинарийдің қызы Беатричеге ғашық болады. Сол қыз Дантенің 18 жасында 1290 ж. дворян Симоне де Бадиге тұрмысқа шығып кетеді. Данте өзінің Беатричеге деген махаббатының тарихын өзіне үлкен әдеби атақ әкелген “Жаңа өмір” деген кітабында баяндайды. Беатриченің өлімінен кейін ақын философия, теология, сондай-ақ ортағасыр схоластикасымен айналысты. Сөйтіп жүріп, Данте өз заманының ұлы адамдарының бірі болатын. Гвельфтердің қатарында гибелмендіктерге қарсы флорентиялік коммунаның әскер болған Данте жас кезінен саяси өмірге араласты. 90 жылдары Данте қалалық кеңестерге қатысып, дипломатиялық тапсырмалар орындайды. Ал, әдебиетке араласуында Данте ең алғашқы әйгілі туындысы “Жаңа өмір” деген атпен 1291 жылы соңы мен 1292 жылдың басында жызылған болатын. Бұл еңбек бір-бірімен прозалық әңгімелер арқылы байланысқан, 30 өлеңннен тұрады. Ол өлеңдердің ең тұнғышы саналатыны 1283 жылғы жазылған, одан кейін хронологиялық қатар бойынша жазылған 1283-1291 жылдар аралығындағы өлеңдер. Сондай-ақ, бұлардың барлығында Дантенің Беатричеге деген махаббаты түстері мен армандары сөз болады.

Данте “Жаңа өмірә еңбегіне барлық өлеңдерін емес, солардың ішінде Беатричеге туралы жақсы елес қалдырған өлендерін ғана енгізген. “Жаңа өмір” – батыс европа әдебиетін тарихындағы ең алғашқы автобиографиялық повесть. Данте бұл шығармада жаны нәзік, жүрегі уайымға толы ғашық жанның образын көрсетеді. Беатричинің өлімінен кейін Данте өз-өзін ғылыми және философиялық зерттеулермен айналысып жұбатқандай болады. Дантеге әлемдік атақ әкелген негізгі туындысы – “Құдіретті комедия” Бұл поэма Дантенің тек идеялық- саяси және шығармашылық ойы ғана беріліп қоймай, сонымен қатар оның философиялық ортағасыр мәдениеті танылады. Данте “Құдіретті комедияны” жаза отырып, ортағасырдың соңғы, ал жаңа дәуірдің алғашқы ақыны ретінде көрінді.

Бұл шығарманың “Құдіретті комедия” деген атауы түсіндіруді қажет етеді. Дантенің өзі оны “Комедия” деп атаған және бұл сөзді ортағасырлардағы қолдану дәрежесінде алған. Ол кездегі поэтикада жақсы басталып, қайғы, көз жасымен аяқталатын шығармалар трагедия деп аталса, мұнды оқиғалармен басталып, бақытпен, қуанышпен аяқталады. Барлық шығармалар комедия деп аталған болатын.

Міне, осы тұрғыдан алғанда, Дантенің дәуірінде комедия сөзі арқылы ешқандай драматургиялық специфика да, күлкілі оқиға да ұғындырылмайды.

Дантенің өзге шығармалары сияқты “Құдіретті комедия” да бір-бірімен тығыз байланысты көп оқиғаның бір желігі бағындырылған композициясымен ерекшеленеді.

Поэма үлкен үш бөлімге бөлінген. Бұл бөлімдер, яғни “контиктердің” әрқайсысы 33 өлеңнен тұрады. Сондай-ақ, біріншісінің ішінде бүкіл поэманың прологы саналатын тағы бір ән бар. Жалпы алғанда, 100 өлеңнен тұратын “Құдіретті комедия” көптеген ортағасырлық және антикалық заманның қайнар көзі болып табылады.

Фантастикалық болып саналғанымен Дантенің “Құдіретті комедия” деген туындысы реалдық өмірден алынған. Автор қайнап жатқан смолағы лақтырылған лихоимдіктердің қайғы-мұнын бейнелей отырып, Венециялық теңіз арсендалдарын еске түсіреді.

Оның материалдардың әлемге деген қызығушылығы көркемөнерлік шеберлік арқылы айқын танылады. Ақын Дантенің поэмасындағы үш кантигінің әрқайсысы өзіне тән негізгі түрлі түсті бояуға ие. “Құдіретті комедияның” әрбір кейіпкері скульптуралық форма түрінде көрінеді. Мысалы, қорқынышты мұнарада көрген азабын әңгімілеген Уголинаның сөзі “Құдіретті комедияның” ең бір шиеленіскен тұсы болатын. Уголинаның әңгімесі бойынша оның көзінше төрт бірдей ұлы бірінен соң бірі аштан өліп, соңында анасы аштыққа төзі алмай ұдарының өліктеріне тап береді. Данте бұл поэмасындағы алғашқы өлеңінде өзінің ну орманда адасып кетіп,үш аң-арыстан, қасқыр және пантераның қоршауында қалады. Осы қоршаудан Дантенің Беатриче жіберген Виргилий құтқарып алып шығады. Поэманың алғашқы өлеңі бастан – аяқ аллегориясы толы.

Моральдық-религиялық негізден өзге “Құдіретті комедияның” көптеген образдары мен ситуациялары саяси негіз де байқалады. Алайда, моральдық религиялық және саяси мағына аралығындағы қарама-қайшылық екі ұлы тарихи дәуірдің арақатынасын көрсетеді.

Бұл ұлы поэма “Құдіретті комедияның” халықтығын Дантенің замандастары мойындайды. Бірақ сол дәуірдің ұлы оқымыстары Дантенің итальян тілінде жазғандығына қарсы болып, латын тіліне көшуді ұсынады. Өз оқырмандарының кең көлемде басуы үшін бұл кеңесті мақұлдаған жоқ.

Кан Гранде делла Скалаға жазған хатында Данте итальян тілі туралы “ол- халық тілі, итальян тілінде тіпті әйелдер де сөйлеседі” – дейді. Итальян оқымыстыларына қарағанда Дантенің поэмасын итальян халқы жоғары бағалап, аса зор сүйіспеншілікпен оқитын туындыларының біріне айналдырды. “Құдіретті комедиясындағы” автор образын оның тірі кезінде –ақ ел арасында түрлі аңыздар тарады. Дантенің өлімінен кейін комментарийлер мен еліктеулер пайда бола бастайды. XIV ғ. “Комедияның” терциндері алаңдарда жырлана бастайды. Сонымен поэманы публикалық таңдаулар басталады. Данте туралы алғаш болып публикалық лекция оұыған комментаторлардың бірі Боккаччо болды. Боккаччо Италияда күні бүгінге дейін сақталып келе жатқан традицияны ойлап тапты. Дантенің халық құрттай қабылдап, итальян халқының өзіндік барометріне айналған поэмасы сол халық үшін жазылған болатын.

28 дәріс сабақ. Тақырыбы: Түрік әдебиеті.

Қарастырылатын сұрақтар:

Түрік әдебиетінің пайда болуы мен даму белестері. Торік классикалық поэзиясы және оныі әлем әдебиетінде қалдырған іздері. Түрік – қазақ әдебиеттерінің байланысы.



Дәріс мазмұны:

Түрік әдебиетінің тууына түріктердің ата- тегі , яғни оғыз тобына жататын түркі тайпаларының Кіші Азияға басып кіруі әсер етті және сол кезден бастап түрік халқының , мемлекетінің құрылуы басталды. ( ХІ – ХІІІ ғғ) . Түрік әдебиетінің қалыптасуы және дамуы басқа түркі халықтарымен тығыз байланыста жүрді. Азия мен Заквказьяде түріктердің түркі халықтарымен мәдени араласуы орта ғасырға тән қасиет. Осы кезде түрік тілінің дамуының бір факторы – үлкен мәдени орталықты құрудағы канондық тілдер: Парсы және араб тілдерін жедел үйрену болып табылады. Осы орталықтың ішінде қалыптасқан байланыстар бір жазу жүйесі ( араб графикасы) , оның құрамына кіретін түркі тілдеріне әдеби тілдің жақындығы жеңілдетті. ХІ – ХІІІ ғғ Кіші Азия және Византия империясын жаулаған және сол жерлерде түркі мемлекеттерін қалыптастырған (Сельджук сұлтандығы) түркі тайпаларында феодалдық құрылыс дамудың ерте кезеңіне жатты. Оларда көшпелі өмір басым болды. Бірақ Кіші Азияға келгннің өзінде- ақ түркі –оғыздар ислам дінін қабылдағанмен , оларда көптеген сақталып қалды. Оғыз тайпалары түрік әдебиетінің тууына әсер еткен өздерінің бай ауызша поэтикалық салт- дәстүрлерін жаңа отандарына алып келді. Оғыздар арасында мифологиялық – тарихи аңыздар және ауыз әдебиеті « Оғыз- наме » деген атпен тарады. Бұл да ата- бабалардың барлық рухани мұрасы, Оғыз қаған туралы жазылған. Сельджүк сұлтандығы кезінде заң күшінде сақталған, әртүрлі тілдерде жазылған және бірнеше ескерткіштер мен тарихи хроникалардан әр түрлі кезеңде құралған ( ХІҮ – ХҮІІ ғғ) оғыз наменің бөлек өсиеттері Араб елдерінде, Түркияда, Иранда; Орта Азияда табылды. Космологиялық мифтердің және тотемдік аңыздардың белгілері оғыздың (өгіз) шығуы туралы аңызда жазылған. Оның балалары ғарыштық атқа ие: үлкендері, аспан – Анадан туылғандар – Күн, Ай , Жұлдыз ; кішілері жер – Анадан туылғандар – Аспан, Тау, Теңіз . Осы оғыздың балаларынан генеологиялық аңыз бойынша , 24 оғыз тайпалары тарайды. Эпикалық аңыздардың кейіпкерлері болып оғыз батырлары шықты. Олардың көшпелі өмірлерінің ескі образдары жаңаға ауысты. Оғыз эпостарын орындаушысы деп – қобызда ойнайтын тайпа жыршысын атаған. ХҮ – ХҮІ ғғ батырлық жырлар ең алғаш болып « Китаб – и дәдем қорқуд» деген кітапқа біріктіріліп жазылды. Бұл шығарма – барлық түркі халықтарына ортақ ескерткіш. Кітапқа мақал- мәтелдер, жоқтау т.б кіші дидактикалық жанр түрлері кірістірілген. Түрік әдебиетінің жазу дәстүрінің маңыздылығы – миссионерлік сопылық уағыз. Оппозициялық ортодоксальды діндер ( сунна түріндегі ислам), ағымдар әсіресе Кіші Азияда көп тарады. Бізге дейін жеткен сопылық уағыздаушы Ахмед Факихтың « Чарх- наме» ( ХІІІ ғ) шығармасы жатады. Поэма монғол басқыншылығы кезінде жазылды. Ол « Өлім - барлқық тірілердің өтетін қақпасы , онда бәрі тең» дейді. Атақты ақын Джалалад- Дин Румидің өлеңдері миссионерлік мақсатта жазылды. ( 1207 – 1279 жж ). Ол Сельджук сұлтандығының астанасы – Кошия қаласында өмір сүрді, бұл қала Кіші Азияда сопылық идеологиялық таралуына үлкен ықпал етті. Д. Руми өлеңдерін парсы және түрік тілдерінде жазған. Оның ақындық дәтүрін оның баласы Сұлтан Уелет ( 1226 – 1312 жж ) жалғастырды. Оның уағыздары көбінесе парсы тілінде жазылып , көп кешікпей 1301 ж поэтикалық трилоиясы – « », « Ребаб- наме », « Имтиха- наме» жарыққа келді. ХІІІ ғасырға Шейад Хамзаның « Иосиф прекрасныйдың » библио- құрандық тарихы туралы бірінші романтикалық түрік поэмасы жатады. Бұл парсы тілдік және бірінші түркі тілдік « Қисса- и юсуф» поэмасында халық шығармашылығының бас нұсқасы көрсетілген.

Осы ғасырдың мықты ақындарының бірі Юнус Эмре ( 1250 – 1320 ) . Аңыз бойынша , ақын сарыкей ауылында өмірге келіп, көп жылдар бойы сопы шейх Тантуктың оқушысы болған. Содан кейін ол көп жерлерді аралап, уағыз айтады. Ю. Эмре сопылық поэзиясында махаббат пен қайғы арқылы рахат алуды жазады және ол өзін құдайға теңеп «от болып жанып, су болып тасиды». Бір өлеңінде « Мен құдайды адамнан таптып» дейді.


29 Дәріс. Боккаччо шығармашылығы.

Қарастырылатын сұрақтар: Ренессанс дәуірінің ұлы өкілі – Боккаччо. Өмір және шығармашылық жолы. Шығармалары. «Декамерон».

Дәріс мақсаты: Студенттерге Ренессанс дәуірінің ұлы өкілдерінің бірі – Боккаччо өмірі және шығармашылық жолы, шығармалары туралы толық мағлұмат беру.

Дәріс мазмұны:

Боккаччо өз кезеңінде Петрарка сияқты жоғары атаққа және құрметке ие болған жоқ. Оның шығармашылығы әлемдік деңгейге жеткен жоқ. Ол европалық гуманизмнің басшысы болған емес, ол тек «төменгі», яғни сол кездегі новелла жанрын дамытқан талантты итальян жазушысы болды . Бірақта Боккаччо шығармаларында итальяның Қайта өрлеу дәуірінің толық және бірінші демократиялық этаптың ерекшеліктері айқындалып бейнеленген. Жан - жақты Қайта өрлеу дәуірінің Италья мәдениеті Боккаччо шығармасында ерекше айқын ұлттық аспектер арқылы бейнеленген .

Боккаччоның негізгі мақсаты - ескі махаббат туралы повесті жаңа көркем әдеби түрінде көрініс беру. Ол антика құдайларын негізгі әрекет етуші етеді және романында мифологиялық түрді кең қолданады, сонымен қатар ортағасырлық элементінде сақтаған. «Филоколо» шығармасынан кейін шағын «Филострато» поэмасын жазады. Онда ол бірінші рет итальяндық әншілердің халықтық сегізжолдық шумағын - октаваны қолданады. «Филострато» сюжеті «Троя туралы романынан» Итальяда латын тілінде айтып жүрген Бенуа да Сент - Мора труверінен осы романындағы Троил мен Бризеиданың махаббатын эпизоды етіп алып, кейінен Шекспир өзінің Троил мен Прессида комедиясын драма үлгісінде жазады. Бокаччоның жас кезіндегі үшінші шығармасы антикалық сюжетке құрылған поэма - «Тезеида» (1339). Бұл шығарманың атауы классикалық эпопеяны еске түсіруі, «Марстың қиын жұмыстары» яғни Грециядағы әйгілі эпостың туындауына қарсы екенін куәландырады . Келесі ығармасы «Амето» (1341) Флоренцияда өлең және проза түрінде жазылған. Бұнда тек сезімді суреттемей - ақ, малшының өмірін антикалық буколикалық поэзияны қолданып, бейнелейді. Оны нағыз суретші - реалист түрінде бейнелейтін жастық шағындағы елеулі шығармасы «Фьяметта» . Проза түрінде жазылған повесть батыс Европа әдебиетінде алғашқы психологиялық роман болып табылады. Боккаччо сүйіктісінен айырылған әйелдердің қайғы - мұның , сезімін шебер суреттейді. Бұнда монологиялық әңгімелеу формасын қолданады. ұрын адамдар тек құдайға сенген,олардың ойынша политейзм философтар мен ақындар еңбегі арқылы пайда болды. «Әйгілі әйелдер»деген еңбегінде Петрарканың «Әйгілі адамдар» атты кітабының жалғасы іспетті. Ол осы шығармалары арқылы әйелдердің өмірі, Евадан бастап Роберт неополитан қызы Джованнадан аяқтайды. Шығарманың көп бөлігі антикалық әлемнің кейіпкерлеріне арналады .

30 дәріс сабақ. Тақырыбы: Татар әдебиеті.



Қарастырылатын сұрақтар:

Жазба әдебиеті бастаулары.Ең көне үлгілері – Ғалидың ізгі махаббатты жырлаған «Жүсіп және Зылиха» (13 ғ-дың басы) поэмасы мен авторы белгісіз діни-эпикалық «Кесікбас» («Кисекбаш») жыры, «Сопыларға өсиет» атты дидактикалық шығарма т.б.



Дәріс мазмұны:

Жазба әдебиеті көне дәуірден басталады. Ең көне үлгілері – Ғалидың ізгі махаббаты жырлаған «Жүсіп және Зылиха» (13 ғ-дың басы) поэмасы мен авторы белгісіз діни-эпикалық «Кесікбас» («Кисекбаш») жыры, «Сопыларға өсиет» атты дидактикалық шығарма т.б. сондай-ақ Алтын Орда дәуірінде жазылған. Құтбтың (14ғ) «Хұсрау және Шырын» (1342) поэмасы мен Хорезмидің «Махаббат кітабы»(1354),беріректегі Махмұт Бұлғаридің «Жұмаққа жолы» (1370) мен Мұхамедиярдың әр алуан поэмаларын (16ғ.) атауға болады. Феодализм дәуіріндегі татар жазба әдеиеті суфизмге негізделген діни-дидактикалық сипатта дамыды. Мұның өкілдері: Мавля Кули (17ғ.2-жартысы), Утыз Имяни(1754-1834), Шамсетдин Заки (1825-65) және т.б. болды. 18 ғ-дағы әдебиетте саяхатнамалар (Ғали Чокри, 1826-89) басым болса, 19ғ-да діни мадақ өлеңдер, хат, әңгімелердің авторларымен қатар, Әбділманих Ғабдессалямолв –Қарғалы (1782-1828), Ғабделжаббар Қандали(1797-1860), Мифтахетдин Ақмолла (1831-95), Яков Емельянов (1848-99) тәрізді татардың реалистік поэзиясының қалыптасыуна елеулі үлес қосқан бір топ ағартушы ақын-жазушылар әдебиет майданына келді.



19ғ. әдебиетінде мұсылмандық схоластикаға қарсы ағартушы-демократиялық бағыт кең өріс алды.бұл тұста Әбунасыр Курсави (1776-1818) бастаған антифеод. күресті Шигабутдин Маржани (1813-89) одан әрі жалғастырадлы. Каюм Насыри (1825-1902) өзінің әдеби, ғылыми пед.еңбектерімен ттардың қазіргі әдеби тілінің негізін қалады. Ақмолла, Загир Бигеев (1870-1902), Ғадірахман Ильяси (1856-95), Фатих Халиди (1851-1923) шығармаларында адамгершілік, ізгілік пен зұлымдық, надандықтың бітіспес күресі сипатталады. Закир Хади (1863-1933), Шакир Мұхаммедов (1865-1923) бастаған бұл күрес 20ғ-дың басындағы әдебиетте революциялық-демократиялық бағытқа келіп ұласты. 1905-07 жылдардағы революция тұсында татар тілінде газет,журналдар шыға бастады, әдеби-сын, революциялық публистицтика дамыды. Дәл осы тұста бүкіл халықтық демократиялық қозғалысқа Ғабдулла Тоқай (1886-1913), Ғалымжан Ибрагимов (1887-1938), Мажит Ғафури (1880-1934),Ғ.Камал (1879-1933), Ф.Амирхан (1886-1926), Ш.Камал (1884-1942) тәрізді ақын, жазушылар жігерлі үн қосты. Рев.-демокр. идеология мен либералдық-буржуазия күшейе түсуі пролет.әдебиеттің тууына жол салды. Бұл жағдай революционер – жазушы Ғ. Құлахметов (1881-1918) творчествосынан айқын көрініс тапты. әдебиетке С.Рамиев (1880-1926), З.Ярмаки (1890-1965),Ш.Бабич (1895-1919), Мұхаммед Ғали (1893-1952),Ф.Валиев (1892-1914), М.Файзи (1891-1928), К.Тинчурин (1887-1947) тәрізді ақын, жазушылар қосылып, Ұлы Октябрь революциясын құшақ жая қарсы алды. Азамат соғысы жылдары әдебиет майданына Ш.Усманов (1898-1937), М.Мақсұт (1900-62), Қ.Нажми (1901-57), Мұса Жалил (1906-44), Х.Такташ (1901-31), А.Шамов (1901ж.т.), Б.Рахмат(1897-1957) тәрізді жауынгер жазушылар келіп қосылды. Татар совет әдебиетінің 20 жылдардағы туындылары Ғ.Ибрагимовтың «Қызыл гүлдар» (1922) повесі мен «Терең тамырлар» (1928) романында, Ш.Камалдың «Таң сәріде» (1927) романы мен Қ.Нажмидың «Шұғылалы соқпақ», «Күн астындағы жаңбыр» (1930) повестреніде, сондай-ақ Ф.Бурнаш (1898-1946), Х.Туфан (1900 ж.т.) шығармаларында жаңа өмірдің жалынды күрескерлерінің бейнелері жасалып, дәір көріністері эпикалық сипат алды. 30 жылдары татар әдебиетінде соц.реализм қалыптаса бастады. Еңбек, коллективтендіру, өндіріс тақырыбы өз шешімін тапты. Осы тұста Ш.Камалдың «Жақсылық пайда болғанда» (1937), М.Ғаляудың (1887-1938) «Мұхаджар» (1934), М.Амирдің (1907 ж.т.) «Ақ Еділ»(1936), Ғ.Башировтің (1901ж.т.) «Сиваш» (1937) роман, повестері жарық көрді. Бұл кезең әдебиетінен адамның рузани өмірін филос.мәнмен жырлайтын А.Файдидің (1903 – 58) «Флейталар» поэмасы мен «Тоқай» драмасы елеулі орын алды. Әдебиеттің өзге жанрлары да даму, өолеу үстінде болды. Комедия жанрларында К.Тинчурин (1887-1947), Хұсни, Н.Исанбет (1900ж.т.) тәріздес жазушылар көзге түсті. Ұлы Отан соғысы жылдарында көптеген ақын, жазушылар майданға аттанып, жауға қарсы күресте қаламымен де, қаруымен де қажырлы еңбек етті. Мұса Жалил, Ф.Карим, С.Хаким (19911 ж.т.), М.Садри (1903 ж.т.), З. Нұри (1921ж.т.), С.Баттал (1925ж.т.) жырлары мен Нәжми, Ғази, Х.Усманов (1908ж.т.), Т.Гиззат (1895-1955). Н.Исанбет (1900ж.т.) шығармалары соғыс жылдарының әдеби жылнамасына айналды. Мұса Жалилдің «Моабит дәптері» кейін тарихи өшпес даңққа бөленді.

6. Семинар сабақтардың жоспары.
1. Семинар сабақтың басты мақсаты студенттердің теориялық білімдерін тереңдетіп бекіту және тәжірибе жүзінде қолдана білуді қалыптастыру.
1.1 Ұйымдастыру талаптары:

- Семинар сабақтың оқу пәнінің жоспарына сәйкестілігі.

- Семинар сабақтардың дәріс, лабораториялық жұмыстар, курстық жобалар және т.б. байланысын білдіретін құжаттардың болуы.

- Семинар сабақтардың қазіргі әдіс-тәсілдерді және техникалық құралдарды қолдана отырып өткізу.

- Семинар сабақтарға қажетті ғылыми әдебиеттерді жинақтау.

- Семинар сабақтар бойынша студенттердің білімдерін бағалауды ұйымдастыру.


1.2. Тәжірибелік сабақтардың мазмұнына қойылатын талаптар:

- Семинар сабақ мазмұнының оқу бағдарламасына, талаптарға сай болуы.

- Пәннің басқа оқу сабақтарымен байланысын қамтамасыз ету.

- Сабақтарда студенттердің өздерінің білімдерін қолдана білуін дамыту.

- Тапсырмаларды орындаудың оңай тәсілдерін қарастыру.

1.3. Әдістемелік талаптар:

- Дәріс және басқа сабақ түрімен логикалық байланысты қамтамасыз ету.

- Сұрақтарды талқылау және дұрыс жауапты табу.

- Студенттердің жеке жұмыстарын жүргізуде басшылық ету.







Тақырып

Мазмұны

Апта

Әдебиет

1

Ежелгі грек мифтері. Гректердің құдайлар пантеоны.


Антикалық теогония (яғни құдайлардың пайда болуы, өсіп-өрбуі). Хаос (тұңғиық, түпсіздік, тәртіпсіздік), Космос (тәртіп, әлем, сұлулық, үйлесім). Құдайлар бірінші ұрпағы. Гея (Жер), Никта (Түн), Эреб (Қараңғылық), Тартар (Тұңғиық), Эрос (Махаббат), Уран (Аспан), Понт (Теңіз). Құдайлардың екінші, үшінші және төртінші ұрпақтары. Космогония.

1

1,2,3

2

Көне грек әдебиетінің дәуірленуі. Классикалық кезеңдегі антикалық әдебиет. Өкілдері.


І – кезең –“Классикаға дейінгі” немесе көне (архаикалық) кезең. ІІ – кезең – Ежелгі Грекияның құлиеленушілік құрылысының гүлденіп, дамыған уақытына сәйкес келеді. Ол біздің жыл санауымызға дейінгі ҮІІ - ІҮ ғасырлар аралығын қамтиды. (Сократ, Платон, Демокрит, Эпикур және т.б. ІІІ – кезең. “Эллинизм дәуірі” немесе “эллиндік кезең”. “эллиндік-римдік дәуір”.

2

1,2,3

3

Эсхил, Софокл, Еврипид – грек трагедиясының негізін қалаушылар.


Эсхил – ұлы трагик, адам жанының білгірі. Трагедиялары: “Жалбарынушылар”, ”Парсылар”, “Фивге қарсы жетеу”, “Бұғауланған Прометей”, “Орестея” трилогиясы. Эсхил мұрасының әлем әдебиеті үшін маңызы. Софокл. Өмірбаяны. Шығармашылық мұрасы. Трагедиялары: “Аякс”,“Антигона”, “Эдип-патша”, “Электра”, “Із кесушілер”, “Эдип Колонда” және т.б. трагедиялардың тақырыптық аумағы. Идеялары. Софокл шығармаларының гуманистік маңызы. Еврипид – трагедия дәстүрін дамытушы. Өмірі туралы деректер. Еврипид өмір сүрген тарихи кезең. Трагедиялары: “Алкестида”, “Медея”, “Ипполит”, “Есінен ауысқан Геракл”, “Трояндық әйелдер”, “Электра”, “Елена”, “Ион”, “Ифигения Авлидте”, “Вакханкалар” және т.б. Еврипид шығармаларындағы басты идеялар. Трагедиялардағы гуманизм сарыны.

3

1,2,3

4

Ортағасырлардағы батырлық эпос


Батырлық эпос. Француз батырлық эпосы. Шансон де Жест. “Роланд туралы жыр”. өзге жырлар. “Гильом де Оранж туралы жыр”, “Гудруна”, “Дитрихтың қашуы” және “Равенн соғысы”. Трубадурлар лирикасы. Трубадурлар лирикасы. Миннезанг – махаббат әні. Куртуаздық және халықтық бағыттар. Бертран де Борн шығармашылығы. Рыцарлық романның пайда болуы. “Александр Македонский туралы роман”, “Эней туралы роман”, “Троя туралы роман”, “Тристан мен Изольда туралы роман”.

4

4,5,6

5

Қайта Өрлеу алыптары – Петрарка


Франческо Петрарка творчествосы. Өмірі туралы деректер. Шығармашылық жолы. “Филология” комедиясы. “Африка” поэмасы. “Канцоньера” –“Ән кітабы” – сонеттер жинағы.

5

4,5,6

6

Классицизм – ХҮІІ ғасыр әдебиетіндегі басты әдеби ағым. Өкілдері.


Классицизм. Декарт философиясы. Ришелье Академиясы. Классицизмнің негізгі принциптері. Сұлулық идеалының абсолюттігі, мәңгілігі – классицизм бағытының философиялық негізі. “Үш бірлік” теориясы. Көркем шындықтың басты анықтауышы – парасат. Француз классицизмінің теоретигі – Никлоа Буало-Депрео. Оның “Ақындық өнер” поэмасы.

6

7,8,15,16,18

7

ХҮІІІ ғасыр – Ағартушылық дәуір. Ж.Ж.Руссо.


Жан Жак Руссо. Шығармалары. Философиялық көзқарастары. “Жаңа Элоиза” романы. “Эмиль” – философиялық роман. “Сыр”. Руссоизм. Руссо көзқарастарының әлем мәдениеті мен әдебиетіне ықпалы.

7

7,8,15,16,18

8

ХІХ ғасыр романтиктері.


Эрнст Теодор Амадей Гофман шығармашылығы. Өмір жолы. Алғашқы шығармашылық еңбектері: “Жәндіктер әміршісі” – фантастикалық новелласы. “Брамбилл ханшайымы”, “Алтын тостақ”, “Мурр мысықтың дүниетанымы” – ирониялық новелла. Генрих Гейне шығармашылық жолының өту кезеңдері. Байрон, Шелли, Скотт шығармашылығы. Француз романтиктері: Франсуа Рене де Шатобриан, Анна Луиза Жермена де Сталь, Бенжамен Констан, Жорж Санд (Люсиль Аврора Дюпен). Виктор Гюго – француз ұлы қаламгері. Поляк романтизмі: Адам Мицкевич – поляк романтизмінің көрнекті өкілі.

8

7,8,15,16,18,19,20

9

Реалистік әдебиет алыптары.


Ипполит Тэн – француз ойшылы. Оның тарихи, тарихи-әдеби және эсттикалық еңбектері. Француз натурализмі. Оның жарқын өкілдері: Гюстав Флобер, Мопассан, Золя, ағалы-інілі Гонкурлер, Шанфлери, Дюранти және т..б. Эмиль Золя – француз натурализмінің теоретигі (“Тәжірибелік роман”). Золя жариялаған натурализм принциптері. Француз декадансы. Ницше, Артур Шопенгауер, Анри Бергсон философияларының француз әдебиетіндегі декаданс бағытының таралуына тигізген әсерІ. Француз символизмі және модернизмі

9

16,18,19,20

10


Гомер шығармашылығы..


«Илиада» мен «Одиссеяның» сюжеттік арналары. Гомер. Оның “Илиада” және “Одиссея” поэмалары. Гомер сұрағы. Оның туындау себептері мен тарихы

10

1,2,3,4,5

11

Аристофан комедияларының өзекті тақырыптары.


Аристофан – комедияның атасы. Өмір жолы. Шығармалары. “Ахарндықтар”, “Салт аттылар”, “Бұлттар”, “Құстар”, “Лисистрата”, “Әйелдер мейрамда”, “Құрбақалар”, “Халық жиналысындағы әйелдер”, “Байлық” және т.б. комедиялардың мазмұндық, сюжеттік, идеялық ерекшеліктері. Аристофан – ежелгі грек комедиясының көрнекті өкілі.

11

1,2,3,4,5

12

Шекспир драматургиясы. Сонеттер.


Уильям Шекспир шығармашылығы. Шекспир өмір сүрген кезең. Алғашқы шығармалары. “Венера мен Адонис”, “Жазғы түндегі түс”, “Венециандық көпес”, “Жоқтан шыққан дабыра”, “Он екінші түн” және т.б.

12

6,7,8,9

13

Мопассан новеллалары.


Ги де Мопассан – француз әдебиетінің көрнекті өкілі. Өмір долы Мопассан өскен орта. Мопассан шығармашылығының кезеңдерге бөлінуі: бастапқы кезең – алғашқы әңгімелері, драмалары, өлеңдері (шәкірттік кезең), реалистік творчествосының гүлденген жылдары, жазушының дағдарысқа ұшыраған күрделі кезеңі. Мопассан дүниетанымы. Көзқарастары. Новеллалары (300-ден астам): Телье үйі”, “Мадемуазель Фифи”, “Вальдшнеп әңгімелері”, “Ай нұры”, “Мисс Гарриет”, “Иветта” және т.б.

13

7,8,9,10,11

14

«Құдіретті комедия» - Дантенің мәңгі өлмес шығармасы.


Данте Алигьери. Өмір жолы. “Жаңа өмір” кітабы – Дантенің тырнақалды шығармасы. Саяси көзқарастары мен еңбектері. Данте – Гвидо Гвиницеллидің шәкірті және оның дәстүрін жалғастырушы. “Құдіретті комедия” – Данте шығармашылығының биік шыңы.

14

4,5,6,7,8

15

«Декамерон» - әлем әдебиеті қазынасының асыл мұрасы.


Джованни Боккаччо шығармашылығы. өмірбаяны. Алғашқы шығармалары. “Декамерон” – Боккачо творчествосының шарықтау шегі. “Декамеронның” сюжеттік және стильдік ерекшеліктері.

15

4,5,6,7,8


7.Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар
Практикалық (семинарлық, студиялық) сабақтарға әдістемелік нұсқаулар

Тақырыбы: 1. Ежелгі грек мифтері. Гректердің құдайлар пантеоны

Мақсаты: Студенттердің тақырып туралы толықтай хабардар болып, бұл туралы ақпарат бере білуі.

Семинарлық сабақтың мазмұны:

Антикалық теогония (яғни құдайлардың пайда болуы, өсіп-өрбуі). Хаос (тұңғиық, түпсіздік, тәртіпсіздік), Космос (тәртіп, әлем, сұлулық, үйлесім). Құдайлардың бірінші ұрпағы. Гея (Жер), Никта (Түн), Эреб (Қараңғылық), Тартар (Тұңғиық), Эрос (Махаббат), Уран (Аспан), Понт (Теңіз). Құдайлардың екінші, үшінші және төртінші ұрпақтары. Космогония.



Әдістемелік нұсқау:

Сабақты белсенді ұйымдастыру дәріс материалдарына, студенттердің өзіндік жұмысына негізделуі тиіс. Жаппай сұрауды қолдану.



Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.

Тақырыбы: 2. Көне грек әдебиетінің дәуірленуі. Классикалық кезеңдегі антикалық әдебиет. Өкілдері.

Мақсаты: Студенттердің тақырып туралы толықтай хабардар болып, бұл туралы ақпарат бере білуі.

Семинарлық сабақтың мазмұны:

І – кезең –“Классикаға дейінгі” немесе көне (архаикалық) кезең. ІІ – кезең – Ежелгі Грекияның құлиеленушілік құрылысының гүлденіп, дамыған уақытына сәйкес келеді. Ол біздің жыл санауымызға дейінгі ҮІІ - ІҮ ғасырлар аралығын қамтиды. (Сократ, Платон, Демокрит, Эпикур және т.б. ІІІ – кезең. “Эллинизм дәуірі” немесе “эллиндік кезең”. “эллиндік-римдік дәуір”.



Әдістемелік нұсқау:

Белсенді өрбіген әңгімені ұйымдастыру, яғни дәріс материалдарына, студенттердің өзіндік жұмысына негізделуі тиіс. Жаппай сұрауды қолдану.



Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.
Тақырыбы: 3. Эсхил, Софокл, Еврипид – грек трагедиясының негізін қалаушылар.

Мақсаты: Студенттердің тақырып туралы толықтай хабардар болып, бұл туралы ақпарат бере білуі.

Семинарлық сабақтың мазмұны:

Эсхил – ұлы трагик, адам жанының білгірі. Трагедиялары: “Жалбарынушылар”, ”Парсылар”, “Фивге қарсы жетеу”, “Бұғауланған Прометей”, “Орестея” трилогиясы. Эсхил мұрасының әлем әдебиеті үшін маңызы. Софокл. Өмірбаяны. Шығармашылық мұрасы. Трагедиялары: “Аякс”, “Антигона”, “Трахндық әйелдер”, “Эдип-патша”, “Электра”, “Із кесушілер”, “Эдип Колонда” және т.б. трагедиялардың тақырыптық аумағы. Идеялары. Софокл шығармаларының гуманистік маңызы. Еврипид – трагедия дәстүрін дамытушы. өмірі туралы деректер. Еврипидөмір сүрген тарихи кезең. Трагедиялары: “Алкестида”, “Медея”, “Ипполит”, “Есінен ауысқан Геракл”, “Трояндық әйелдер”, “Электра”, “Елена”, “Ион”, “Ифигения Авлидте”, “Вакханкалар” және т.б. Еврипид шығармаларындағы басты идеялар. Трагедиялардағы гуманизм сарыны.



Әдістемелік нұсқау:

  1. Ауызша баяндау. Әдебиеттер тізімінде берілген шығармалармен толығырақ танысу.

  2. Ғалымдар зерттеулерінен өзіне керекті, маңызды жерлерін конспекті жазу

Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.
Тақырыбы: 4. Ортағасырлардағы батырлық эпос

Мақсаты: Студенттердің тақырып туралы толықтай хабардар болып, бұл туралы ақпарат бере білуі.

Семинарлық сабақтың мазмұны:

Батырлық эпос. Француз батырлық эпосы. Шансон де Жест. “Роланд туралы жыр”. өзге жырлар. “Гильом де Оранж туралы жыр”, “Гудруна”, “Дитрихтың қашуы” және “Равенн соғысы”. Трубадурлар лирикасы. Трубадурлар лирикасы. Миннезанг – махаббат әні. Куртуаздық және халықтық бағыттар. Бертран де Борн шығармашылығы. Рыцарлық романның пайда болуы. “Александр Македонский туралы роман”, “Эней туралы роман”, “Троя туралы роман”, “Тристан мен Изольда туралы роман”.



Әдістемелік нұсқау:

Ауызша сұрақ, жауап, жаңа ұғымдарды жазу түрінде өткізуге болады.



Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.
Тақырыбы: 5. Қайта Өрлеу алыптары – Петрарка

Мақсаты: Студенттердің тақырып туралы толықтай хабардар болып, бұл туралы ақпарат бере білуі.

Семинарлық сабақтың мазмұны:

Франческо Петрарка творчествосы. Өмірі туралы деректер. Шығармашылық жолы. “Филология” комедиясы. “Африка” комедиясы. “Канцоньера” –“Ән кітабы” – сонеттер жинағы.



Әдістемелік нұсқау:

Франческо Петрарка творчествосын зерделеген ғалымдар еңбектерімен танысу, конспектілеу.



Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.
Тақырыбы: 6. Классицизм – ХҮІІ ғасыр әдебиетіндегі басты әдеби ағым. Өкілдері.

Мақсаты: Студенттердің тақырып туралы толықтай хабардар болып, бұл туралы ақпарат бере білуі.

Семинарлық сабақтың мазмұны:

Классицизм. Декарт философиясы. Ришелье Академиясы. Классицизмнің негізгі принциптері. Сұлулық идеалының абсолюттігі, мәңгілігі – классицизм бағытының философиялық негізі. “Үш бірлік” теориясы. Көркем шындықтың басты анықтауышы – парасат. Француз классицизмінің теоретигі – Никлоа Буало-Депрео. Оның “Ақындық өнер” поэмасы.



Әдістемелік нұсқау: Осы тақырыптардағы білімін кеңейтуге және тереңдетуге және студенттердің өз бетімен жұмыс істеуін дамыту үшін қосымша оқу әдебиеттерімен жұмыстануы керек.

Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.
Тақырыбы: 7. ХҮІІІ ғасыр – Ағартушылық дәуір. Ж.Ж.Руссо.

Мақсаты: Студенттердің тақырып туралы толықтай хабардар болып, бұл туралы ақпарат бере білуі.

Семинарлық сабақтың мазмұны:

Жан Жак Руссо. Шығармалары. Философиялық көзқарастары. “Жаңа Элоиза” романы. “Эмиль” – философиялық роман. “Сыр”. Руссоизм. Руссо көзқарастарының әлем мәдениеті мен әдебиетіне ықпалы.



Әдістемелік нұсқау: Жан Жак Руссо шығармалары, философиялық көзқарастарының басты ұғымдарын, төл ерекшеліктерін бағамдау.

Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.
Тақырыбы: 8. ХІХ ғасыр романтиктері.

Мақсаты: Студенттердің тақырып туралы толықтай хабардар болып, бұл туралы ақпарат бере білуі.

Семинарлық сабақтың мазмұны:

Эрнст Теодор Амадей Гофман шығармашылығы. Өмір жолы. Алғашқы шығармашылық еңбектері: “Жәндіктер әміршісі” – фантастикалық новелласы. “Брамбилл ханшайымы”, “Алтын тостақ”, “Мурр мысықтың дүниетанымы” – ирониялық новелла. Генрих Гейне шығармашылық жолының өту кезеңдері. Байрон, Шелли, Скотт шығармашылығы. Француз романтиктері: Франсуа Рене де Шатобриан, Анна Луиза Жермена де Сталь, Бенжамен Констан, Жорж Санд (Люсиль Аврора Дюпен). Виктор Гюго – француз ұлы қаламгері. Поляк романтизмі: Адам Мицкевич – поляк романтизмінің көрнекті өкілі.



Әдістемелік нұсқау: Сұрақ-жауап, семинар сұрақтарына, материалдарды өз алдына талдауға негізделеді.

Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.

Тақырыбы: 9. Реалистік әдебиет алыптары.

Мақсаты: Студенттердің тақырып туралы толықтай хабардар болып, бұл туралы ақпарат бере білуі.

Семинарлық сабақтың мазмұны:

Ипполит Тэн – француз ойшылы. Оның тарихи, тарихи-әдеби және эсттикалық еңбектері. Француз натурализмі. Оның жарқын өкілдері: Гюстав Флобер, Мопассан, Золя, ағалы-інілі Госмурлер, Шанфлери, Дюранти және т..б. Эмиль Золя – француз натурализмінің теоретигі (“Тәжірибелік роман”). Золя жариялаған натурализм принциптері. Француз декадансы. Ницше, Артур Шопенгауер, Анри Бергсон философияларының француз әдебиетіндегі декаданс бағытының таралуына тигізген әсерІ. Француз символизмі және модернизмі



Әдістемелік нұсқау: Сабақтың мазмұны бойынша берілген сұрақтарға дайындалу және жазушылар шығармашылығын талдау.

Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.
Тақырыбы: 10. Гомер шығармашылығы. «Илиада» мен «Одиссеяның» сюжеттік арналары.

Мақсаты: Студенттердің тақырып туралы толықтай хабардар болып, бұл туралы ақпарат бере білуі.

Семинарлық сабақтың мазмұны:

Гомер. Оның “Илиада” және “Одиссея” поэмалары. Гомер сұрағы. Оның туындау себептері мен тарихы.



Әдістемелік нұсқау: Тақырыптың мазмұнымен танысып, ауызша баяндай отырып талдау. Гомер поэмаларының тарихилығы.

Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.
Тақырыбы: 11 Аристофан комедияларының өзекті тақырыптары.

Семинарлық сабақтың мазмұны:

Аристофан – комедияның атасы. Өмір жолы. Шығармалары. “Ахарндықтар”, “Салт аттылар”, “Бұлттар”, “Құстар”, “Лисистрата”, “Әйелдер мейрамда”, “Құрбақалар”, “Халық жиналысындағы әйелдер”, “Байлық” және т.б. комедиялардың мазмұндық, сюжеттік, идеялық ерекшеліктері. Аристофан – ежелгі грек комедиясының көрнекті өкілі.



Мақсаты: Студенттердің тақырып туралы толықтай хабардар болып, бұл туралы ақпарат бере білуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет