ЕЖЕЛГІ ГРЕКИЯДА КОМЕДИЯ ПАЙДА БОЛЫП, ДАМЫҒАН АЙМАҚТАР
МЕГАРЫ. Тарихта Мегары аймағының комедияға қатыстьылығы туралы анық емес мәліметтер бар. Бұл аймақта б.э.д. ҮІ ғасырдың басында-ақ алғашқы комедиялар пайда болған. Олардың құрылымы онша күрделі болмаған, бірнеше күлкілі қойылымдардан тұрған. Бірақ бұл мегарлық комедиялар туралы деректер әлі де толық дәлелденбеген, олар толыққанды зерттеуді талап етеді.
СИЦИЛИЯ. Ежелгі Грекияның бір бөлігі – Сицилияда мим деп аталатын қойылымдар пайда болған. Мимнің мәні – халықтың күнделікті тұрмысын күлкілі түрде бейнелеу. Бұл қойылымдар әртүрлі күлкілі қимылдар мен іс-әрекеттерге толы еді. Жалпы сицилиялық комедиялардың негізінде сол мимдер жатыр деген ғылыми болжам бар. Бір айқын нәрсе – осы халық арасында туындап, дамыған мим кейінгі әдеби мимнің өмірге келуіне ықпал етті. әдеби мимнің тарихта аттары қалған өкілдері – б.э.д. Ү ғасырда өмір сүрген Софрон мен Ксенарх. Олар өткір прозалық әрі күлкілі диалогтық қойылымдар жазған. Мысалы, Софронның «Балықшы», «Шалдар», «Киім тігушілер», «Айды аулаған әйелдер», «Сиқыршы әйелдер» атты қойылымдарының үзінділері бізге жеткен. Сицилиялық комедияның бізге белгілі тағы бір өкілі – Эпихарм.
АТТИКА. Ежелгі Грекияның Аттика атты аймағында грек комедиясы өз дамуының шырқау шыңына жетті деуге болады. Мұнда комедия трагедияның ықпалынсыз бөлек жанр ретінде өз алдына жеке даму жолына түсті. Осы Аттика аймағында алғаш рет Дионисий мейрамдары кезінде комедия жарысы өткізіле бастады. Мұндай оң өзгерістер комедия жанрын күшейтіп, оның жеке әдеби жанр ретіндегі дамуын жеделдете түсті. Мемлекет тарапынан трагиктерге берілетіні секілді, комедиографтарға да қаржаттай немесе заттай көмек көрсетіле бастады. Аристофанға дейінгі тарихта белгілі комедиографтар – Хионид, Магнет, Кратет, Ферекрат. Хионид пен Магнет туралы мәліметтер мүлде жоқтың қасы. Кратет пен Ферекрат комедияларынан тек аз үзінділер ғана жеткен. Бірақ осы үзінділердің өздері-ақ Кратет пен Ферекрат шығармаларының негізі, идеясы, құрылымы, мазмұны мен сюжеті туралы бірқатар мағлұмат береді.
№5 Дәріс. Тақырыбы: Көне иран-парсы әдебиеттері
Қарастырылатын сұрақтар:
Б.з.д. екінші мыңжылдықтағы Евразия кеңістігіндегі иран тайпаларының әдебиеті.
"Авеста" - ежелгі иран жазба ескерткіштерінің озық үлгісі.
Дәріс мақсаты: Студенттерді аталмыш кезеңдегі әдебиет және мәдениет дамуы барысынан хабардар ету.
Дәріс мазмұны:
Б.з.д. екінші мыңжылдықтағы Евразия кеңістігіндегі (Гиндукуштан Еділге және Оралдан Парсы шығанағына дсйін) иран тайпаларының мәдениеті. Орта Азиядагы Шығыс ирандары (қазіргі Ауғанстанның Гиндукуш үстіртінің біраз бөлігі). Шығыс ирандарының басым орналасқан жерлері. Ферғана, Хорезм, Согда, Бактрия, Памир, Хорасан.
Батыс ирандары: Месопотамия, Жсрорта теңізі, Миди, Фарс. Гаттар" ("Жыр жырлау") - он жеті мүнәжат дүғаларының жинағынан тұратын "Авестаның" көне бір бөлігі. Қасиетті кітап "Авеста" — ежелгі иран жазба ескерткіштерінің озық үлгісі, оның бірнеше бөлімдерден тұратыны.
Геродот, Ктесия және т.б. антикалық авторлардың жазбаларындағы ежелгі ирандардың, оның осіресе көшпелілерінің салт-санасы туралы (атап айтқанда, скифтердің) мәліметтер. "Гаттар" (жыр жырлау) мүнәжат дүғаларының жинағы). Авторы — ежелгі иран дінінің негізін салушы Заратуштра (немесе грекшс бсрілуінде Зороастру).
Б.з.д. мыңжылдықтың бірінші ғасырларындагы отырықшы, бақташылық, жер өңдеу жұмыстарының қалыптасуы. Көшпелі және отырықшы ирандар.
Заратуштра есіміне қатысты бақсылық, арбау, абыздық әнұрандар, шешендік өнер дәстүрлерінің қалыптасуы. Абыздар орындайтын кейбір жазбаға түсірілген Гат жанрының ерекшеліктері, тұрмыс-салт, мінез-құлық дағдылары. Гат шығармаларындағы образдардың табиғаттағы, қоғамдагы қарама-қарсы күштерді бейнелеуі. Жердегі "Заттық әлем" және руханилық әлем туралы Заратуштраның шақырулары. Гат мазмұнындағы отырықшылық, бақташылық, байлыққа кенелу, басқарудағы әділдік туралы. Гат түйіні - төрт түлік малды қырып-жоюға қарсылық. Гаттардағы үш топ (отырықшы, бақташы - жер иеленушілер, көшпелі-тонаушылар, өздері дүрыс санаған ауытқушылар). Өгіз рухының мүнәжаты. Заратуштраның үш қисыны: ой — сөз — іс. Заратуштраның гаттардағы екі қызметі. Гатгардың жанрлық бөліністері.
№6 Дәріс. Ортағасырлардағы әлем әдебиеті
Қарастырылатын сұрақтар: Орта ғасырлар. «Орта ғасырлар» терминінің бастауы. Тарихи жағдай. Мәдениет пен әдебиет дамуы.
Дәріс мақсаты: Студенттерді аталмыш кезеңдегі әдебиет және мәдениет дамуы барысынан хабардар ету.
Дәріс мазмұны:
Орта ғасырлар – эллиндік-классикалық мәдениеттің құлдырау шегіне жетіп, ал одан кейін оның жаңа заманда қайта түлеу кезеңімен сәйкес келетін, ұзаққа созылған біртұтас мәдени дәуірді қамтиды. Ғылымда көне заманнан бастап жаңа заманға дейін созылатын уақыт шеңберін ортағасырлар деп атайды. Бұл тарихи кезең бір мың жылдан астам уақытты қамтиды, яғни Ү ғасырдан бастап ХҮ ғасырға дейін созылады. «Орта ғасырлар» деген термин алғаш рет Италияда қайта өрлеу дәуірінде пайда болған. Бұл «орта ғасырлар» дәуірі негізінен үш кезеңнен тұрады.
І – «Бастапқы орта ғасырлар кезеңі»- дәуір бастауынан басталып – Х-ХІ ғасырларға дейін созылады;
ІІ – «Жоғарғы, классикалық кезең» - ХІ ғасыр мен ХІҮ ғасыр.
ІІІ – «Кейінгі орта ғасырлар кезеңі»- ХІҮ ғасыр және ХҮ ғасыр аралықтарын қамтиды.
Орта ғасырлар дәуіріндегі айрықша дамыған мәдениет салаларының бірі- әдебиет болды. Бастапқы орта ғасырлар кезеңінде ауыз әдебиеті, оның ішінде батырлық эпостар ерекше қанат жайды. Бұл құбылыс әсіресе Англия және Скандинавия елдеріне тән болды. Бұл эпостарды орындайтын музыканттар халықтың ықыласына бөленіп, ерекше құрметке ие болды.
Ел арасына кең тараған ағылшын-саксондық батырлық эпостың бірі – 700 ж. шамасында жазылған «Боевульф» поэмасы болды. Ғалымдардың пікірінше, бұл дәуірдегі батыс еуропаның әдебиетте өзінің мазмұны мен әсерлілігі жағынан Скандинавияның эпикалық халықтық поэзиясына пара-пар келетін әдеби шығармалар болмаған. Осындай бағалы туындылардың бірі құдайлар мен батырлар жайындағы көне норвеждік және исландық мифологиялық және батырлық сипаттағы жырлардың жинағы болып саналатын – «Старшая Эдда» эпосы. Бұл баға жетпес әдеби туынды ХІІ ғасырда латын жазуының пайда болу кезеңінде жазылған.
Бұл тарихи дәуірде рыцарлық әдебиет те қанат жая бастады. Бұл жанрдағы ең атақты тамаша әдеби мұра – француздардың халықтық ерлік эпосы – «Роланд туралы жыр». Мұнда Испанияға жасалған әскери жорық кезінде қаза тапқан граф Роландтың әскери ерліктері жайында баяндалады. ХІІ – ХІІІ ғасырлардағы неміс жазуының баға жетпес әдеби мұрасы – «Нибелунгтар жайындағы жыр» да халықтың шексіз құрметіне бөленді. Көне германдықтардың аңыздарына негізделген бұл жырда Ү ғ. Бургунд корольдігіне жасалған ғұндардың шапқыншылық соғыстары – уақиғаның негізгі арқауы болған.
Батыс Еуропа елдерінде рыцарьлық поэзияда дами бастады.Германияда лирикалық поэзияның өкілдері саналған миннезингілер (жалынды махаббат жыршылары) өз шығармаларын өздері орындайтын болған. «Куртуаздық» (сарай маңындағы) поэзия – француз елінде трубадурлардың лирикалық поэзия саласындағы тамаша жетістіктерінің бірі болды. Трубадурлар таза махаббатты және өз сүйіктісіне жан-тәнімен берілген рыцарьлық қауіп-қатерге толы өмір жолдарын, олардың көзсіз ерлік істерін үлкен шабытпен жырға қосты. Солардың ішіндегі ең атақтылары – Бертран де Борн (1140-1215ж.ж.), Джауфре Рюдель (1140-1170ж.ж.) және т.б. болды.
Ортағасырларда әдебиет аренасына шыққан алғашқы жанрлардың бірі – рыцарлық әдебиет болды. Рыцарлық әдебиет әсіресе лирика мен роман жанрында кең дамыды. ХІ ғасырда рыцарлық әдебиеті дамыған елдің бірі – Франция болды. Францияның Прованс атты аймағы Ұлы Карл империясының күйреуінен соң тәуелсіздікке қол жетіп, Франциядан бөлінеді. Сөйтіп саяси және экономикалық егемендікке жеткен Прованс аймағында қоғамдық өндіргіш күштер мен өзге де тұрмыстық салалардың дамуы белең алды. Осындай қоғамдық сананың едәуір нығайған кезеңінде, француз әдебиеті де бұл дамудан тыс қалмады. Батыс еуропалық әдебиеттердің ішінде француз әдебиетінде алғашқы куртуаздық-рыцарлық идеал қалыптасты. Рыцарлық әдебиеттің алғашқы негізін қалаушылар – трубадурлар деп аталатын ақындар болды (trobar-іздеу, табу).
ХІІ-ХІІІ ғасырдағы француз поэзиясының тағы бір тамаша көрінісі – «ваганттар» поэзиясы болды.Ваганттар деп кезбе ақындарды атаған. Олардың шығармашылығының бір ерекшелігі – вагант ақындардың католик шіркеуі мен дінбасыларын, олардың зұлымдық іс-әрекетін әділ сынның қыспағына алуы болып саналады. Олар көргенсіздік, екіжүзділік, білімсіздік сияқты жағымсыз қасиеттерден шіркеу мүлде арылу керек деп санады.
Ал өз кезегінде ваганттар тарапынан қатал сынға ұшыраған христиан шіркеуі оларды қуғын-сүргінге ұшыратып отырды. «Ваганттар ордені» деп аталатын атақты жырлар ваганттар поэзиясының аса құнды шығармаларының бірі боп саналады.
ХІІІ ғ. ағылшын әдебиетінің мәңгілік өшпес мұраларының бірі – Робин Гуд жайындағы балладалар. Робин Гудтың күні бүгінге дейін дүниежүзілік әдебиеттің ең белгілі, ең сүйікті кейіпкерлерінің қатарынан орын алуы – ағылшын әдебиетінің бет-бейнесін айқын аңғартады.
Италия әдебиетінде итальян тілінде жазылған жырлар, балладалар, сонеттер басым болып келеді. ХІІ ғ.-дың ортасында Италияда әйелдерге деген махаббатты дәріптейтін соны бағыт – «Жаңа әдемілік стиль» пайда болды.Бұл стильдің негізін салушы – ақын Гвидо Гвиницелли.ХІІІ ғ.-дың аяғында итальян тіліндегі ең алғашқы құқықтық шығармалар да жарық көре бастады. Солардың тырнақалдысы – новеллалар жинақтары болды. Кейіннен бұл новеллалардың сюжеттерін Джованни Боккаччо атақты «Декамеронды» жазғанда кеңінен пайдаланды.
Бұл дәуірде қала әдебиеті де қалыптаса бастады. Оның көрнекті өкілдері – Чекко Анджольери, Гвидо Орланди және т.б. Олардывң шығармаларында қала халқының өмірі, оның күнделікті тұрмыс-тіршілігі реалистік тұрғыдан көрініс тапты. Қала әдебиетінің дамуы Батыс өркениетінің қалыптасуына айрықша әсер етті және бұл мәдени процесс қалалық мәдени өмірдің барлық салаларында ақсүйектердің мәдени белсенділігімен ұштасты.
№7 дәріс. Тақырыбы: Көне үнді әдебиеті
Қарастырылатын сұрақтар:
Ежелгі үнді әдебиеті — қазіргі Пәкстан, Бангладеш халықтарына ортақ ұлттық мұра. Ведалар.
Дәріс мақсаты: Адамзат тарихындағы ең елеулі тарихи кезеңдегі әдебиет және мәдениет салаларының даму барысынан хабардар болу.
Дәріс мазмұны:
Б. з. I мыңжылдығындағы ежелгі үнді әдебиетіндегі драмалық, лирикалық поэзияның, прозаның дамуы. Жаңа үнді тіліндегі әдебиетке көне әдеби үлгілердің әсері. Б. з. д. III мыңжылдықтағы Инд жазығындағы арий, дравидий, мунд атты тайпалар мен халықтар араласуыныц әдебиеттері. Ежелгі үнді әдебиеті — қазіргі Пәкстан, Бангладеш халықтарына ортақ ұлттық мұра. Ежелгі үнді әдебиетіндегі тайпалық тілдср. Веда тілі — ритуалдық әнұрандар тілі; Санскрит, пали - буддистер тілі; джайндар - пракриттер /артхамагадхи, шаурасени, махарашпри/ және апабхраншу /діни қауымдастық/ тілі.
Ежелгі үнді әдебиетіндегі поэзия мен проза арасындағы айырманың аздығы. Кез келген тақырыптың - діни, ғылыми, ертегілік, эпикалық, тарихи — бәрінің де өлеңмен де, прозалық түрде де жазыла бергені. Пәлсапа, дәрігерлік, грамматика, астрономия, сәулет туралы бәрі де өлеңмен жазылған. Ежелгі үнділік романның нақыш-өрнек қолөнері араласқан поэзия түрінде де жазылғаны.
Веда әдебиеті "веда" — сөзі — "білім", "нақты, жоғары қасиетті білім" ұғымдарын береді. "Ригведа" — веда әдебиеті /әнұрандары ведасы/ негізін құрайды /"риг" сөзі "әнұран" ұғымын береді/. "Самаведа" — салтанатты өлең айту ведасы ("саман - әуен"). "Яджурведа" — құрбандық нақылдарыныц ведасы (яджус — "құрбан", "құрбандық" формуласы). "Атхарваведа" — дуалау, арбау ведасы (атхарван — "арбау", магиялық формула).
1. Б. з. д. бірінші ғасыриидагы санскрит әдебиеті. Әдеби эпостың, драманыц, лириканың өкілдері. Ашвагхоши II ғ., Бхасы /III-IV ғғ./ және Халы /IІІ-IV ғғ./. Ведалар мен эпостағы лирикалық тармақтар, оқиға баяндаушы эпизодтар мсн диалогтар, өлеңдер мен сезімдік көңіл-күйлік сипаттаулар.
Ежелгі үнді драмасы. Жоғары тәңірі Брахмага драманы жасау туралы жазылған "Натьяшастра" /"Драма ғылымы"/ атты тұңғыш санскриттік трактат. Трактаттагы Брахманың театр өнерін жерге жібергені туралы. "Натьяшастрада" оның негіздерін жазғаны туралы аныздың айтылатыны.
2. Б. з. д. IV—VIII ғ. Санскрит әдебиеті. Үнділік орта ғасырдағы Гуптар әулеті билеген империя. Әдебиет пен өнердің дамуы. Буддизм мен джайнизмді брахмандық діни бағыттың түпкілікті жеңуі.
№8 Дәріс. Қайта Өрлеу дәуіріндегі әдебиет пен мәдениет
Қарастырылатын сұрақтар: Ренессанс. Қайта жаңғыру құбылысы жәнеі мәдени салалар. Қайта жаңғыру құбылысының басты мақсаты.
Дәріс мақсаты: Адамзат тарихындағы ең елеулі тарихи кезеңдегі әдебиет және мәдениет салаларының даму барысынан хабардар болу.
Дәріс мазмұны:
Батыс және орталық Европа тарихындағы ортағасырлық мәдениеттен жаңа заман мәдениетіне өту дәуірі екі үлкен мәдени қозғалысты қамтиды.
«Ренессанс» деген атпен белгілі болған қайта жаңғыру дәуірі ақсүйектік сипатта болса, ал Реформация қозғалысы – діни бағытта жүзеге асырылды. Қайта өрлеу идеялары қоғамның үстемдік етуші таптарының арасында кеңінен тараса, ал Реформация идеялары бүкіл халық тарапынан кең қолдау тапты. Қайта өрлеу деп аталатын бұл алғашқы буржуазиялық құбылыс – ХІҮ ғ. Аяғында ХҮ ғ. басында Еуропада, оның ішінде Италияда қалыптасты. Бұл мәдени төңкеріс Венециядан басталып бүкіл Италияны қамтыды. Бұл кезеңде итальян қоғамы Греция мен Римнің көне мәдениетіне ерекше мән беріп, көне мәдени және әдеби мұраларды жаңғыртумен қызу айналысып кетті. Тұңғыш рет Еуропа діни идеялар негізінде емес жалпы адамзаттық гуманистік идеялар негізінде бірігуге мүмкіндік алды. Ғылымда бұл құбылыс қайта өрлеу жіне гуманизм дәуірі деп сипатталады.
Қайта жаңғыру құбылысын сол кездегі мәдениеттің барлық салалары да басынан кешірді. Сол кезең әдебиетінде көптеген тамаша туындылар дүниеге келді. Екі ғасырға созылған бұл тарихи кезеңнің әр ғасыры тамаша дарынды адамдарды өнер сахнасына әкелді. Солардың бірі – қайта жаңғыру мәдениетінің бастауында болған ұлы Данте Алигьери (1265-1321ж.ж.). Оның қылқаламынан шыққан атақты комедияның кереметтігі соншалық, оның талантына бас иген ұрпақтары бұл туындыны «Құдіретті комедия» деп атады. Данте, Франческо Петрарка және Джованни Боккачо Қайта өрлеу дәуірінің дарынды өнер қайраткерлері және итальян тілінің негізін қалаушылар болды. Олардың шығармалары дүниежүзілік әдебиетке қосылған тамаша туындылар қатарынан орын алды. Мысалы Петрарканың «Мадонна Лаураның өмірі мен өліміне» арналған сонеттері өзінің тірі кезінде-ақ әлемге әйгілі болды. Оның жолын қуушылардың бірі – «Декамеронның» авторы атақты Боккачоның гуманистік идеяларға толы реалистік новеллалары – дүниежүзілік әдебиет саласындағы соны құбылыс боп саналады.
Қайта жаңғыру құбылысының басты назары адам тұлғасына аударылды. Адам бойындағы ірі қасиеттерді жан-жақты көрсету арқылы оны биік дәрежеге көтеру және оның ар-намысын, абыройын қорғау басты орынға қойылды. Бірақ осындай ұлы бастамалардың жаршысы болған Италия елінде алғаш рет католиктік реакция басталды, гуманистік қозғалыстың өкілдері шіркеу тарапынан қуғынға ұшырады. ХҮІ ғ. 40-ж. инквизиция басталды. Еркін ой иелерін қудалап, айыптау мақсатында ІҮ-ші Павлдың бастамасымен тыйым салынған кітаптардың тізімі жасалды. Бұл тізімге христиан дінінің қағидаларына қайшы келетін, адамдардың сана сезіміне әсер ететін шығармалар енді. Оның қатарына Джованни Боккачо сияқты Италияның ұлы гуманистерінің шығармалары да жатқызылды. Тыйым салынған кітаптар отқа жағылды.
Германияда гуманизм идеялары ХҮ ғ. ортасына қарай тарай бастады және оларды негізінен прогрессивтік интеллигенция мен жоғары оқу орындарының ұстаздары қолдады. Мартин Лютердің Библияны неміс тіліне аударуы – Германиядағы Қайта жаңғыру дәуірінің бастамасы болды. Библияның неміс тіліне аударылуы – немістің ортақ әдеби тілінің қалыптасуына да әсерін тигізді. Германиядағы Қайта жаңғыру Реформациямен тығыз байланысты болды (католиктік шіркеуді реформалау қозғалысы).
Немістің гуманистік әдебиетінің белгілі өкілдерінің бірі – Иоганн Рейхлин (1455-1522 ж.ж.) – «Письма темных людей» деп аталатын атақты сатиралық шығарманың авторы. Ол бұл еңбегінде ғылыми атақтары бар магистр мен бакалаврлардың қара ниетін айыптап, қоғамдық өмірді сынға алды, Сондай-ақ Себастьян Бранттың «Ақымақтар кемесі», Ульрих фон Гуттеннің, Ганс Санстың шығармалары да осы кезең туындылары. «Халық кітаптары» деп аталатын жалпы әдебиет саласындағы соны құбылыс та Германияда Қайта өрлеу дәуірінде пайда болды. Бұл жинаққа жалпы халық құрметіне бөленген шығармалар енді. Олар: «Тиль Эйленшпигель», «Доктор Фауст», «Шильдбюргерлер» және т.б.. Олардың авторлары белгісіз.
Нидерландыдағы Қайта жаңғыру қозғалысының алыбы Эразм Роттердамский болды. Оның «Есерсоқтықты мақтаған сөз», «Үйдегі әңгіме» сияқты өмірдің сан-саласын қамтитын сатиралық шығармалары Германияға, Францияға, Италияға, Англияға кеңінен тарады. Ол өз шығармаларында корольдер мен княздердің, феодалдардың саяси озбырлықтарын әшкерелеп, халыққа қайғы-қасірет әкелетін соғыстарды сынға алды. Бұл тұста Нидерландының ұлттық гимнінің авторы Филип Альхонде және т.б. баға жетпес туындылар берді. Нидерландының мәдени өмірінің басты ерекшелігі – қалаларда ғана емес, шағын деревняларда да риторикалық қоғамдардың құрылуы болды. Бұл қоғамдардың мүшелері өлең, ән, пьесса, әңгіме шығарудан өнер сайысына түсетін болды.
Мұндай риторикалық қоғамдар халықтың мәдени дәрежесінің көтерілуіне үлкен үлес қосты.
Англияда гуманистік идеялардың орталығы – Оксфорд университетінде өз заманының алдыңғы қатарлы ғалымдары – Гросин, Линанр, Конет және т.б. жемісті еңбек етті. Әлеуметтік философия саласындағы гуманистік қағидалардың дамуы «Утопияның» авторы. Томас Мордың есімімен тығыз байланысты. ХҮІ ғ. бірінші жартысында көркем әлебиет саласында драматургия алдыңғы орынға шықты. «Қаңғыбастар» ретінде қатаң жазалану қаупіне қарамастан елде актерлердің «Қыдырма» топтары көбейе түсті. Ағылшын Ренессансының алыбы, ағылшын халқының ұлы драматургы – Вильям Шекспир болды. Оның қаламынан шыққан «Гамлет», «Король Лир», «Отелло», «Юлий Цезарь», «Асауға тұсау», «Генрих ҮІ», «Ричард ІІІ» сияқты трагедиялары мен тарихи пьесалары дүниежүзілік даңқ пен құрметке ие болды. Жалпы алғанда, жаңғыру дәуіріндегі театрдың дамуы Шекспирдің есімімен тығыз байланысты.
Еуропаның басқа бір елі – Испанияда Қайта жаңғыру дәуірі басқа елдерге қарағанда қарама-қайшылықтарға толы болды. Сегіз ғасыр бойы арабтардың қол астында болған испандықтардың ұлттық тәуелсіздігі үшін күресі жеңіспен аяқталды. Осы бір азаттық күрес заманында «рыцарьлық» романдар кеңінен тарады. Бұл жанрдың негізін қалаушы атақты трагедиялық комедияның «Селестинаның» авторы Фернандо де Рохас еді. Бұл тамаша әдеби дәстүрді Испанияның ұлы жазушысы «Дон Кихоттың» авторы Мигель де Сервантес пен «История жизни пройдохи» романының авторы сыншы-жазушы Франческо де Кеведо одан әрі жалғастырды.
Испанияның ұлттық драматургиясының негізін қалаушы, Шекспирмен қатар «Дәуір алыбы» деген құрметті атаққа ие болған, екі мыңдай әдеби шығармалардың авторы ұлы Лопе де Вега дүниежүзілік драматургия саласында алдыңғы қатарда болды. Оның атақты туындылары «Би мұғалімі», «Вакенсия жесірі», «Құмыра көтерген қыз», «Ақымақ қыз» - халық көңілінен шықты.
Францияда гуманистік қозғалыс тек ХҮІ ғ. басында ғана етек алды. Француз гуманизмінің тамаша өкілі – ұлы сыншы Франсуа Рабле болды. Ол өзінің «Гаргантюа мен Пантагрюель» атты белгілі романында өзі өмір сүрген қоғамды сынға алды.
№9 дәріс. Тақырыбы: Көне қытай әдебиеті
Қарастырылатын сұрақтар:
Ежелгі Қытай әдебиеті. Б. з. д. II мың жылдықтан б. з. III ғ. дейінгі үш кезеңі.
Дәріс мақсаты: Ежелгі Қытай әдебиеті мен мәдени өмір дамуы барысынан мағлұмат беру.
Дәріс мазмұны:
Ежелгі Қытай әдебиеті. Б. з. д. II мың жылдықтан б. з. III ғ. дейінгі үш кезеңі. Шань-иньдік тайпалық одақ /б. з. д. XVIII-XII ғғ./; Империялық дәуір / б. з. д. III ғ. дан б. з. д. II ғ./.
"Шан-шу" /"Ежелгілік туралы жазу"/ — декларациялар, указдар және мемлекеттік істер туралы тарихи аңыздық мазмұнды мәдени ескерткіш. Ескерткіштегі риторикалық сөздер. Сыма Цянның 'Тарихи жазбалары".
Б. з. д. Қытай ІІатшалығының тарихы - өркениеттің тез дамуының тарихы. Конфуций /551—479 жж./. Мо Ди /479-400 жж./ - адамды сүю. Гуманизм өкілдері.
"Луньюй" /тұжырымдар мен сұхбаттар/ — қытай ойшылдығындағы адамды ардақтау туралы.
"Дао-цзы" /"Дао және табиғаттың болмысы туралы"/ — метрикалық ырғақтық өлшемдегі сөйлеу мазмұны.
Хань империясы тұсындағы Қытай әдебиеті. Дун-Чжун-иу /120—122/ — Хань филологиясының негізін салушы. Хань филологиясындағы "Бескітаптық" ірі шығармалар: "Шицаин" /"Өлеңдер кітабы"/, "Шуцзин" /'Тарих кітабы"/, "Ицзин" /"Өзгерістер кітабы"/, "Лицзи" /"Әдет-ғұрыптар кітабы"/, "Чунь-цю" /"Көктемдер мен күздер"/- Лу патшалығының шежіресі. Конфуций жоғары бағалаған "Юэцзин"/"Әуез кітабы"/.
№10 Дәріс. ХҮІІ ғасырдағы әлем әдебиеті
Қарастырылатын сұрақтар: ХҮІІ ғасырдағы тарихи әлеуметтік жағдай. Мәдени және әдеби даму процестері. Классицизм. Классицистік поэзия, драма және проза. Теоретиктер.
Дәріс мақсаты: ХҮІІ ғасырдағы мәдени өмір дамуы барысынан мағлұмат беру.
Дәріс мазмұны:
Кіріспе. Жалпы шолу. ХҮІІ ғасырдағы тарихи әлеуметтік жағдай. Мәдени және әдеби даму процестері. Кальдерон шығармашылығы. өмірі туралы деректер. Комедиялары, пьесалары, аутос және интермедиялар. “Креске табыну”, “Ажалдан соңғы махаббат”. Пьер Корнель. Шығармашылық және өмір жолы. Алғашқы шығармалары: “Мелита”, “Клитандр”, “Жесір”, !Сот галереясы”, т.б. “Сид” трагедиясы – Корнель творчествосының биік шыңы. Трагедияның тағдыры. Соңғы трагедиялары: “Гораций”, “Цинна”, “Полиевкт”, Эдип”, “Пертарит”. Жан Расин. өмірбаяны. Тырнақалды шығармалары: “Сена нимфасы”, “Фиваида”, “Александр” трагедиясы. Расиннің театрдан кетуі. Психологиялық дағдарыс. Расиннің эстетикалық көзқарастары. “Андромаха” трагедиясы. “Ифигения Авлидте”, “Британник”, “Баязет” трагедияларының тақырыптары, олар шешетін әлеуметтік мәселелер. Жан Батист Мольер. өмір жолы. Алғашқы комедиясы “Есуас. Мольердің көркемдік көзқарастары. “Мизантроп”, “Дон Жуан”, “Күлкілі әпенділер”, “Күйеулер мектебі”, “Оқымысты әйелдер”, “Тартюф”, “Сараң” және т.б. Классицистік прозаның жарқын өкілдері: Ларошфуко, Лабрюйер. Шығармалары. “Ойлар, немесе моральдік тұжырымдамалар”, “Біздің ғасырымыздың мәнездері мен кейіптері”,. Графиня де Лафайет. “Клевская ханша”, Лафонтен шығармашылығы. “Мысалдар” . Француз барокколық әдебиеті. Жалпы шолу. Барокко - әдеби ағым. Ерекшеліктері. Мадлен Скюдери және оның романы “Артамон, немесе Ұлы Кир”, “Клелия”. Бароко принциптері. “Әйелдер салондары”. Ренесснстық реализм: Теофиль де Вио, Поль Скаррот, Шарль Слорель, Фюретьер, Сирано де Бержерак.
№11 дәріс. Тақырыбы: Әзірбайжан әдебиеті
Достарыңызбен бөлісу: |