Ләйла Жанысова Мақсатына жеткен жан білім қуып



Дата02.07.2018
өлшемі80,14 Kb.
Ләйла Жанысова
Мақсатына жеткен жан білім қуып...
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің тарих және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Ақмарал Ибраеваның аталмыш білім ошағында еңбек ете бастағанына көп болған жоқ. Өңірімізге таяуда ғана келген ғалым – республикалық “Үздік оқытушы – 2014” байқауында осы құрметті атаққа ие болған 200 таңдаулы ұстаздың бірі.

cialis online canadacheap cialis tadalafilcialis cost comparisoncialis softabstadafil generic cialiscialis 20 mg dosagecheap cialis pillstorecialis cost lowcialis sale overnight shippingcialis overnight online pharmacyhow to buy cialiscialis coupon

argaiv1886

Ақмарал Ибраеваның кіндік қаны тамып, туып-өскен мекені – Павлодар облысының Железинка ауданы. Бала күнінде теледидардан ғана көретін Алматы қаласына бару Ақмарал Ғосманқызының арманы болған. Сол арманына ол 1988 жылы Павлодар қаласындағы қазақ орта мектебін үздік аяқтап, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетіне оқуға түскенде жетеді.  

– Тарих факультетіне түскенде бір орынға 15 адам болдық. Мектепте ұстаздарым әрбір тарихи оқиғаны салыстыра отырып түсіндіргенде өзім солардың ішінде жүргендей сезінетінмін. Соның арқасында қазақ тобына қабылданған елу баланың бірі болдым. 1993 жылы нағыз өтпелі кезеңде жоғары оқу орнын қызыл дипломмен аяқтап, сондағы Қазақстан тарихы кафедрасына жас маман ретінде жұмысқа шақырылдым, – дейді ол.

Жаңа оқу бітірген жас қызды тарихнама-дерекнама кафедрасына жұмысқа алған белгілі тарихшы Хангелді Әбжанов: “Ақмарал, сен әлі жассың, саған тек сабақпен шектелмей, ғылыммен де айналысу керек. Сондықтан бір тақырып көлемінде зерттеу жұмысын жаз. Ештеңе етпейді, үлгересің”, – деп бағыт беріп, оған бұған дейін мүлдем зерттелмеген Қазақстанның мұражайларының тарихына арналған тақырыпты ұсынады. Ол “1920-1940 жылдар аралығындағы Қазақстанның мұражайлар жүйесінің қалыптасуы” деген арнайы кезеңді қамтиды. Осы тақырып бойынша жұмыс істеп, бос уақытын мұрағаттар, кітапханалар қорларында өткізетін Ақмарал Ғосманқызы ғылыми жұмыспен айналысуды дәстүрге айналдырады. Сөйтіп, 1999 жылы үлкен еңбектің нәтижесінде тыңнан түрен салған жас қыз бұған дейін бірде-бір қорғалмаған тақырып бойынша диссертация қорғап шығады.

“Біле бер, қанша білсең – тағы тіле, жетерсің мақсатыңа біле-біле”, – деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, жан-жақты таныған сайын Ақмарал Ғосманқызының да алар биігі, ұшар тауы, басар жері де кеңейіп, кемелдене түседі. Сол кезде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Астананы Ақмолаға көшіру туралы Жарлығы шығып, соған орай оның жұбайы Бексұлтан Қоңыртайұлы қызмет бабымен 1999 жылы Алматыдан Ақмола қаласына ауыстырылады.

Ақмарал Ғосманқызының Астанадағы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасына жұмысқа орналасуына бұған дейін қорғалған кандидаттық диссертация үлкен септігін тигізеді. Енді қалыптасып жатқан университетке тек Қазақстан емес, шетелден де шақырылған ғалымдар жан-жақтан келеді. “Атақты ғалымдар, сол кезеңдегі нар тұлғалар: Ақселеу Сейдімбек, Рымғали Нұрғалиев, Мырзатай Серғалиев, Мырзатай Жолдасбеков сияқты ғылымның тарландары осы университетте жұмыс істеп, мен сондай ортада болдым. Олардың әңгімесін, дәрісін тыңдап, кездесу, “дөңгелек үстел” шаралары барысында осындай адамдардың аузынан шыққан әр сөзді зердеме тоқыдым. Осы ғалымдардың ортасында өсіп, жетіліп, тәрбиесін алдым”, – деген Ақмарал Ибраева бүгінде олардың көпшілігі өмірден озса да, абзал жандардан қалған естелік үшін өзін бақытты санайтынын айтты.

Алматыдағы ұстазы, тарихшы ғалым Хангелді Әбжанов та қызмет бабымен Астанаға ауысып келеді. Шәкіртінің қабілетіне сенген ол мұнда да: “Ақмарал, сен мұражай тарихының кішкентай ғана кезеңін жазып едің, енді бүкіл тарихын жазсаңшы”, – деген ұсынысын айтып, баяғы ғылыми жұмысты жалғастыруға ниет білдіреді. Содан Ақмарал Ибраева он жылдан астам еңбектің нәтижесінде “Қазақстан мұражайларының қалыптасуы мен дамуының тарихи тәжірибесі” деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғап, осы бағыттағы еңбегінің нәтижесінде “Қазақстан мұражайлары: тарих және тағылым” атты монографиясын шығарады.

Ақмарал Ибраева Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы директорының орынбасары қызметін атқара жүріп, оның алғашқы негізін құрушылардың бірі ретінде мұражайдың қалыптасуына үлкен үлес қосады. “Халық тарих толқынында” бағдарламасы аясында 2014 жылы қыркүйек айында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасымен Еуразия ұлттық университетінің жанынан “Қазақстанның білім тарихы” мұражайын ашуға, тұжырымдамасын, экспозициясын жасауға тікелей атсалысады.

Бүгінгі таңда заман талабына сай ғылыми жобаларға қатысу, жаңалықтар ашу қажет. Оған мемлекет тарапынан қолдау да жоғары деңгейде. Ақмарал Ибраева Алматы қаласындағы еліміздегі іргелі оқу орындарының бірі – Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры, белгілі тарихшы ғалым Хангелді Махмұтұлының басшылығымен “Ғылыми қазына” бағдарламасы бойынша жазылып жатқан он томдық “Отан тарихы” атты еңбектің мұражай ісіне байланысты тарауына да қосып жатқан үлесі бар.

– Тарихымыздың қатпар-қатпары өте көп. Оны қанша көп зерттесек, болашақ ұрпаққа сонша мол мұра қалдырамыз. “Үздік оқытушы – 2014” атануым – менің бірнеше жылғы еңбегімнің нәтижесі. Нәтиже оң шыққан кезде шынымен қуандым, өйткені ол – тынымсыз еңбектің жемісі. Экономикалық қиындықтарға қарамай, ұмтылыстағы адамдарды қолдап жатқан Елбасына рахмет! – деп ризашылығын білдірді ол.

Солтүстік Қазақстан облысына да жұбайы Бексұлтан Қоңыртайұлының қызмет бабымен ауысып келген Ақмарал Ғосманқызының: “Ер-азаматым қайда болса, мен сонда табыламын ғой”, – деген сөзінен-ақ оның қанша ғылым қуып жүрсе де, қазақ әйеліне тән қасиетті де бойына ерекше сіңірген жан екендігі аңғарылады. Ол келе сала жоғары оқу орнының үздік оқытушысы атануын да Қожаберген жырау, Мағжан Жұмабаев, Сәбит Мұқанов, Смағұл Сәдуақасов, Ғабит Мүсірепов, Евней Букетов, тағы басқалары сияқты Алаш жұртының ардақтылары шыққан киелі топырақ, қасиетті жермен байланыстырды. “Қайда болсақ та бір қазақтың жері, бұл жақта да еңбек сіңіруге дайынмын. Қазір осы университеттің жанынан ашылған Қазақстан тарихын ғылыми-зерттеу орталығына жетекшілікке ұсынылдым. Сол жерде жұмысымызды бастамақпыз, екі магистрантым бар. Солтүстік Қазақстан өңірінің тарихы толық зерттелмей жатыр, алдағы жоспарда соны қолға алмақпыз”, – деп болашақ жоспарымен бөлісті. Қазір магистранттары екі тақырыпты таңдап алыпты. Бірі – “Солтүстік Қазақстан облысының қалыптасуы және даму тарихы”, екіншісі – “Петропавл қаласының тарихы” тақырыптарын зерттемек. “Болашақта магистранттар болып жатса, әр тақырыпты хронологиялық кезеңіне қарай жалғастырмақшымыз”, – деді ғалым.

Осылайша тынымсыз еңбек етіп жүрген ғалым Ақмарал Ибраева – үш баланың анасы. Тұңғышы Әйгерім – Еуразия ұлттық университетінің екінші курсында, ұлы Ерасыл Астана қаласында тоғызыншы сыныпта оқиды. Кіші ұлы Әбілмансұр балабақшаға барады. “Қыздың қырық жаны бар” дегендей, Ақмарал Ғосманқызы негізгі жұмысты ұйқысын қиып, түнде істейді. “Менің үйде – әйел, жұмыста – қызметкер болып қатардан қалмай жүргеніме жұбайым түсіністікпен қараса, балаларымды бағып-қағуға анам көмектесті. Соның арқасында осы жетістіктерге жеттім”, – дейді ол.


// Солтүстік Қазақстан. - 2015. - 17 ақпан.
Каталог: files -> user
user -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
user -> Әлия-саптан ұмтылып, Жүгіріп шықты аптығып, Құшақтап алған мылтығын, Кіршігін қақпай қалт тұрып. Сағи Жиенбаев
user -> 85. Өнер. Өнер тану Құлахмет Қожықов – қазақ театры мен киносының тұңғыш суретшісі
user -> Пайдаланған әдебиеттер
user -> Ақын, жазушы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына библиографиялық шолу
user -> Қазақстан тарихы
user -> Дулат Қожахметов Жырдың жез қанатты ақынын еске алуға арналды Облыс орталыгында Кэкімбек
user -> Ақиқаттың адамы /Бердібек Соқпақбаевтың 90-жылдығына библиографиялық шолу
user -> «елінің ерке серісі» (Ақан сері Қорамсаұлы)
user -> Қазақстан тарихы


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет