Семинар сабақ физикалы қ ойыны жолдас Камила Жолдасқызы 2017-2018 оқу жылы



бет2/6
Дата17.05.2023
өлшемі195,5 Kb.
#176917
түріСеминар
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Сайыс сабақ қазақ тілінде Қызықты физика 7-сынып
ТҮЙІНДЕМЕ Сейдахметова Асел, Эндрюстің эксперименттік изотермдері., Camtasia Getting Started Guide.1ppt, Ұстаз 2 курс каз.яз ВШП -, аксезим, МКБ, Авесхан Анель Пмно 22-1-3, Модульное обучение, rahimgalieva-pakizat-sarmanovna-phd-s-sp, Тілек
Ойынға 2 топ қатысады.

  1. «Ойшылдар» тобы

  2. «Тапқырлар» тобы

  1. ТАНЫСТЫРУ

(Ойынға қатысушы екі топ өздерін таныстырады.)
1-топ: «Ойшылдар» тобы
Ұраны: Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн ойында ойшылдықпен аламыз.
Сәлемдесуі:
Достарым ерігіп жүрме бос,
Қол ұстас, бірігіп тізе қос.
Жеңіспен мәреге барайық,
Жеңістің ұранын салайық.
2-топ: «Тапқырлар» тобы
Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
Сәлемдесуі:
Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Алға қойған мақсатымыз бір екен,
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым!



  1. «КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар)



2 топқа викториналық сұрақтар беріледі. Әр дұрыс жауап – 1 ұпай


1-топ: «Ойшылдар» тобы

  1. Шам, плита жұмысын жасай қалды,

Ал оның есептен-ақ басы айналды. /Электр есептегіш/

  1. Электр тогы дегеніміз не? / зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы/

  2. Ең алғаш ғарышқа ұшырылған иттің есімі /Рекс/

  3. Радионың атасы /Александр Сергеевич Попов/

  4. Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған ғалым. /Әл-Фараби/

  5. Ағылшын ғалымы Иссак Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңын ашуына не себеп болды? /алма/

  6. Заттың ең кішкентай бөлігі? /атом/

  7. Физика не туралы ғылым? /табиғат/

  8. Келвин шкаласында судың қайнау температурасы? /373К/

  9. 1961 жылы 12 сәуірде қандай оқиға болды? /адам ғарышқа ұшты/



2-топ: «Тапқырлар» тобы

  1. Энергияның дененің көбірек қызған бөлігінен азырақ қызған бөлігіне қарай таралуы. – Жылу өткізгіштік

  2. Заттың сұйық күйден қатты күйге ауысуы – Қатаю, кристалдану.

  3. Жылдамдық қандай прибормен өлшенеді ?-Спидометр

  4. Темірқазық жұлдызын басқаша қалай атайды? /Жетіқарақшы/

  5. Жұмыстың халықаралық жүйедегі өлшем бірлігі? /Джоуль/

  6. Ауаның қысымын анықтайтын құрал /Барометр/

  7. Физиканың жылу құбылыстарын зерттейтін бөлімі /Термодинамика/

  8. Сұйықтың бетінде болатын булану құбылысы – Кебу

  9. Келвин шкаласында судың қату температурасы – /273 К/

  10. Сублимация дегеніміз не? - Заттың қатты күйден сұйыққа айналып, буға айналу құбылысы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет