Семинар сабақ Пәні: әдебиеттік оқу Сыныбы: 2 «Ә» Пән мұғалімі: Ораз Б.Қ. 2014- 2015 оқу жылы



Дата25.06.2017
өлшемі74,8 Kb.
#20043
түріСеминар
Бекітілді: Келісілді: Қаралды:

№56 Мектеп-лицей директоры: Оқу-тәрбие ісі жөніндегі Ә.Б. жетекшісі:

---------- Ж.Ә. Әлпішев орынбасар: -----А.Ө.Алмағамбетова

« » қазан 2014жыл -------- Е. Қ. Жоламанова


Тақырыбы:«Жеті қазынаның бірі»

Семинар сабақ

Пәні: әдебиеттік оқу

Сыныбы: 2 «Ә»

Пән мұғалімі: Ораз Б.Қ.

2014- 2015 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Жеті қазынаның бірі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: мәтінді мазмұнына сай жүйелі әңгімелеу арқылы түсінгендерін

дәлелдеу. Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау барысында

шығарма идеясын ашу. Мәтін мазмұны бойынша оқушылардың

шындыққа көзқарасын қалыптастыру.



Дамытушылық:іздену, болжау, ойлану, пікірлесу арқылы шығармашылық

әрекеттерін қалыптастыру. Топпен жұмыс істеуге дағдыландыру.



Тәрбиелік:достық пен сенім, шындық пен жағымпаздық сияқты мінез-

құлықтар аражігін ажырата білу, сезіну.Бірін-бірі тыңдауға,

құрметтеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: жұптық, топтық жұмыстар, СТО жобасының стратегиялары:

«Араласып кеткен оқиғалар», «Топтастыру», «Биопоэма», «Венн

диаграммасы» т.б.

Пәнаралық байланыс:дүниетану

Көрнекіліктер:жеті қазынаның суреті, интербелсенді тақта, слайд, видеобейне, т.б.
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.

Күндей жарқырап жайнаймыз,

Нашар баға алмаймыз.

Тәртіпті боп сабақта,

Ақылмен біз ойлаймыз.

Білімге терең бойлаймыз.



Үй тапсырмасын сұрау, бекіту.

а) «Туған күнді тойлау» шығармаларын оқыту.

ә ) Сұрақ - жауап арқылы үй тапсырмасын бекіту.

- Мәтіннің авторы кім? (Бауыржан Момышұлы)

- Бауыржан Момышұлы туралы не білеміз? (Ол-жауынгер, жазушы, қолбасшы, халық қаһарманы)

- Бұрынғы уақытта туған күн қалай тойланған? (Мүшелді кезеңдер тойланған).

- Алғашқы мүшел жастағы бала нешеде? (Қырық күндік). Екінші мүшелдегі ше? (Жеті жаста).Сендер қай мүшелдесіңдер? (Екінші мүшелдеміз).

- Мүшел жас пен аспан әлеміндегі қандай әрекет байланысты болуы мүмкін?



(Әрбір 12 жылда Юпитер өзінің орбитасын бір рет айналып шығады.Мүшел жас та әрбір 12 жыл сайын кіріп отырады.Бір жылда да 12 ай бар).
І. Қызығушылықты ояту.

Балалар, бүгін біз сендермен «Жеті қазынаның бірі» атты ел аузынан жазылып алынған мәтінмен танысамыз.



«Қазына» дегенде көз алдарыңа не елестейді? Сөзге топтастыру жазу. Топтастыру көк түспен жазылады.
байлық

ақшаасыл тастар

көмбеалтын
Қазына

үйдүние

мұра
- Өмірдің бар қызығы материалдық байлықта ма?

- Өмірі таусылмайтын, мәңгілік сақталатын қазына не нәрсе деп ойлайсыңдар?

(Топта талқылату, пікірлерін тыңдау).


Ыбырай Алтынсарин атамыз осы мәселе туралы не айтты екен? (Өлеңін оқу, мағынасын бірлесе ашу).

Бейнет көрмей, дәулет жоқ.

Мал дәулеттің байлығы

Бір жұтасаң жоқ болар.

Оқымыстының байлығы

Күннен күнге көп болар,

Еш жұтамақ жоқ болар.

Топтастыру кестесіне қайта оралып, қызыл түспен ақыл, білім, кітап сөздерін қосу.



байлық

ақша асыл тастар

көмбе алтын
Қазына

үй дүние
ақылмұра білім кітап

- Ал халқымыз жеті қазынаға нені жатқызады екен, мәтіннен оқып көрелік. Осы қазыналардың бүгін біреуі туралы оқып білеміз.



ІІ. М а ғ ы н а н ы т а н у .

Мәтінді «Араласып кеткен оқиғалар» әдісі арқылы оқу.

Мәтіннің 1,2 абзацын оқып түсіну.

- Ертегідегі Түлкінің сөзінен не байқадыңдар?

- Балалар, өмірде өздеріңді біреу мақтаса қандай сезімде боласыңдар? (Қуаныш, рақаттану, кішкене қысылу...)

- Ертегінің осы бөлігіне қандай тақырып қояр едіңдер? І. Аңдар жиналысы.



(Әрі қарай оқу). Сұрақтар:

- Ит неліктен әңгімеге араласқысы келмеді?

- Қалай ойлайсың, Арыстан Итті қалай жазалауы мүмкін?

- Олай болса, осы бөлімді қалай атауға болады? ІІ.Арыстанның қаһары.



Сөздікпен жұмыс:Аластату деген не? (қуып жіберу).

(Ертегіні аяғына дейін оқу).

- Ит қайда кетті?

- Иттің кеткені дұрыс болды ма?

- Сендерге Иттің қай сөзі ұнады?

- Ал адам Итті қабылдады ма? Оны қалай дәлелдер едің?

Бөлімге ат қою. ІІІ. Ит-адамның досы.

Сөздікпен жұмыс:Құйрық (қол) үзу – араласпай, қатыспай кету.
Ертегідегі Ит пен Түлкіні салыстыру. «Венн диаграммасы» (топтық жұмыс).

Түлкі Ит

жағымпазадал, әділ



айлакер, қу байсалды

жабайы батыл

екіжүзді қорғаушы

қорқақ төзімді

- Адамдар неліктен итті елдің жеті қазынасы қатарына қосқан деп ойлайсыңдар?

-Өйткені ол адамға адал қызмет етеді. (Иттер туралы білетін мәліметтерін сұрау).

Деректер: Әлемде итттердің 400-дей түрі бар екен. Олар 10-12 жыл өмір сүреді. Тұрмыста пайдалануына қарай олар 3 топқа біріктіріледі:

* аңшы иттер

* күзетші иттер

* үйде ұсталатын декоративті (сән үшін) иттер


- Жеті қазынаның бірі Ит екенін білдік, ал қалған қазынаға не жататынын білгілерің келе ме?

Таныстыру, түсінік беру.

жүйрік ат

қыран бүркіт құмай тазы (ит)


Жеті қазына

майланғыш ау қандыауыз қақпан
берен мылтық өткір кездік
Құмай тазы туралы видеобейне көрсету.
ІІІ. О й т о л ғ а у .
1. Топпен жұмыс. Биопоэма(ит туралы)

Аты– _____

Сипаттайтын сөз- ______________

Жақсы көретіні - _______________

Қорқатыны - ___________________

Басынан өткізген сезімдері - ________________

Болашақтан күтетіні- ____________________

Мекенжайы - ___________________

Тегі - _____________________
Қорыту сұрақтары:

- Арыстан мен Ит неліктен араз болды?

- Иттің адамға достығын қалай түсіндіресің?

- Қазына деген не?



- Адамдардың арасына келгенге дейін иттің өмірі қандай болды деп ойлайсың?

Үйге тапсырма:Мәтінді түсініп оқу. Батпырауық белгісінің тапсырмасы.

Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет