«Ыстық орындық» тапсырмасымен
байланыстыруға болады.
https://rep.ksu.kz › Zhumageldin_balalar folklori
Қалыптастырылатын дағдылар: ақпаратты басқару;
өзін өзі басқару;
ойлау.
Аудиторияны жоспарлау Топқа қаратып бір «ыстық» орындық қойылады. Сондай-ақ барынша жайлы
қарым-қатынасты қамтамасыз ету мақсатында «ыстық» орындықты дөңгеленіп
отырған балалардың ортасына қоюға болады.
Жұмыс алгоритмі 1.Студенттер тиісті тақырыпты зерделеп, өздері негізгі деп санайтын ақпаратты
атап көрсетеді. Студенттерге рөлді топта немесе жеке зерттеуіне болады.
2. Оқуға берілген уақыттан кейін студенттер «ыстық» орындыққа отырып, бір
минуттың ішінде өздерінің басты қорытындысын/ақпаратын ұсынады.
3. Басқа студенттер мұқият тыңдаулары керек, егер де олар «ыстық»
орындықтағы баланың тақырыптан ауытқығанын немесе қайталанғанын,
күмәнді деректер келтіргенін аңғарса, олар наразылық білдіре алады. Мұндай
жағдай орын алса, уақыт тоқтатылады.
4. Оқытушы наразылықтың дұрыс/бұрыстығын шешіп, өз шешімін дәйектеуі
қажет.
5. Егер де наразылық дұрыс деп танылса, онда «ыстық» орындықтағы студент
ойыннан шығып, орындықты босатады. Наразылық танытқан студент балл
алады.
6. Егер де наразылықтан бас тартылса, онда студент басқа наразылық
білдірілгенше дейін немесе бір минут аяқталғанша өз сөзін жалғастырады. Егер
студент 1 минут бойынша «ыстық» орындықта отыра алса, ұпай алады.