ОЖСӨЖ ӨТКІЗУГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ.
Студенттердің оқытушымен бірлескен өзіндік жұмысы.
ОЖСӨЖ екі қызмет атқарады: кеңестік және бақылаушылық.
Мақсаты мен міндеттері.
Студенттердің өзіндік жұмыстары студенттердің оқу процесінің барысында алған білімдерінің деңгейін және оларды практикада қолдана алу шеберлігін анықтайтын оқу процесінің маңызды факторы болып табылады.
Студенттердің жеке жұмыстарына мыналар кіреді:
-өткен дәріс материалдарын дәріс конспектісі, оқулықтар мен әдебиеттер бойынша оқу;
-үй тапсырмаларын орындау;
- семинар сабақтарына дайындалу;
-семестрлік тапсырмаларды орындау;
-реферат жұмыстарын орындау мен оларды қорғауға даярлану.
Жеке жұмыстарға уақыт шектелген. Сондықтан студенттер жеке жұмыстарды орындау дағдыларын меңгеруге ұмтылу, өнімді жұмыс істеуге үйрену, жұмыс істеу қабілетін сақтау үшін мезгілінде демалу, жеке жұмыстарын орындауды тиімді жоспарлау керек.
Жеке жұмыстарын жоспарлауға студенттерге оқу жылының басында берілетін студенттердің жеке жұмыстарын орындау кестесі көмек береді. Кестеде семестрлік, не жылдық орындау керек жұмыстардың көлемі, саны мен тапсырмалар мазмұны, орындау мерзімі көрсетіледі. Кесте студентке өз уақытын дұрыс бөлуге, ырғақты жұмыс істеуге және орындау мерзімін сақтауға көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |