2.3. Үй тапсырмасы.
Үй тапсырмасын орындату жұмысының мақсаты-практикалық мәселелерді шешуде теориялық білімді пайдалана алу дағдысы мен шеберлігін меңгерту болады.
-үй тапсырмасын орындауды осы тақырып бойынша өткізілген дәрістен соң бастаған жөн;
-тапсырманы орындаған немесе міндеттерді шешкен кезде оның мазмұнын сараптап алып, дәріс материалдарын немесе оқулықтар материалдарын пайдалану арқылы тапсырманы дұрыс орындау ережесін таңдап алу керек;
-соңында қол жеткізген нәтижелерді сараптау қажет.
2.4. Семинар сабақтарына дайындық.
Дәрісте алған білімді бекіту мен тереңдету үшін семинар сабақтарын өткізу қарастырылған. Семинар сабақтарына даярлану кезінде:
-сабақ тақырыбы бойынша курстың теориялық бөлігін өткен сабақтарда қол жеткізген нәтижелерді пайдалана отырып зерттеу керек;
-семинар сабақтарын орындауға арналған әдістемелік оқу құралдарын немесе тапсырмаларды басшылыққа ала отырып осы тапсырманы орындауға бөлінген уақытты тиімді пайдаланған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |