Семинар сабағы 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 45 сағат



бет119/144
Дата04.01.2022
өлшемі2,21 Mb.
#10910
түріСеминар
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   144
ОЖСӨЖ №3

ОЖСӨЖ мазмұны: Қазақстанның ежелгі дәуірі тарихының зерттелуі бойынша сұлба (схема) құру.

ОЖСӨЖ мақсаты: Студенттерге тарихи оқиғаның сұлбасын жасату арқылы тарихи оқиғаны жинақтап, жүйелеп меңгерудің оңтайлы жолдарын үйрету.

Әдістемелік нұсқау: Белгілі бір тарихи оқиғаның сұлбасын (схема) жасау.

Сұлбалар оқытылатын оқиғалар мен құбылыстардың ішкі байланыстарын ашуға көмектеседі. Ол әлдебір оқиға немесе құбылыстың оңайлатылған, жинақталған формасы.



ОЖСӨЖ №4

ОЖСӨЖ мазмұны Қазақстанның ежелгі дәуірінің жазба деректері.

ОЖСӨЖ мақсаты: Пресс-конференция әдісі арқылы қарастырылып отырған мәселені барлық күрделігімен, қарама-қайшылығымен жан-жақты ашуға студенттерді жұмылдыру.

Әдістемелік нұсқау: Пресс-конференция

Пресс конференция.

Бұл әдіс нақты аргументтелген ойлау, өзінің жеке көзқарасын білдіру дағдыларын үйретеді.

Пресс-конференцияда сөз сөйлейтін студент оқытушы орындығын иемденеді, олар сұрақтарға жауап береді. Оқытушы пресс-конференцияның барысын бақылай отырып, тақырыптың негізгі жақтарының, негізгі түсініктер мен категориялардың ұмытылып қалмауын қадағалайды. Пресс-конференцияға қатысушыларға сұрақтарды өзі қояды, дискуссия уақытын шектейді, сөз сөйлегендерге баға береді, қызықты сұрақтарды және нақты жауаптарды ескереді.

ОЖСӨЖ №5

ОЖСӨЖ мазмұны: Қазақстан тас дәуірінде.

1. Адамзаттың қалыптасу сатылары.



2. Тас дәуірінің еңбек құралдары.

ОЖСӨЖ мақсаты: «Галереяға саяхат» әдісін қолдану арқылы студенттердің адамзаттың қалыптасу сатыларын, тас дәуірінің еңбек құралдарын жасау технологиясының түрлерін, олардың бір-бірімен байланысын, ерекшеліктерін анықтауға түрткі болу.

Әдістемелік нұсқау: Галеряға саяхат.

Галеряға саяхат.

    1. Студенттер бір проблеманы әртүрлі жолдармен талдайды және өз жұмыстарының қорытындысы ретінде не диаграмма не кесте сызады;

    2. Нәтижелер тақтаға қыстырылады;

    3. Оқытушы белгі кезегімен жылжып тақтадағы барлық нәтижелерді оқып талқылайды;

    4. Әр топ немесе оқытушы тақтадағы нәтижеге келесі топтың нәтижелеріндегі жетістіктер, кемшіліктер көрсетілген және ескертпелер берілген өз байқауларын қыстырып қояды;

    5. Осы галерея саяхатынан соң, топтар нәтижелерді басқалармен салыстыра зерттейді, өз жазған нәтижелеріне басқалардың қыстырып кеткен байқауларын талқылайды.


ОЖСӨЖ №6

ОЖСӨЖ мақсаты: Студенттердің тақырыптың мазмұнын ашатын нақты сұрақтарға алған жауаптары негізінде мәселені қаншалықты игергендігін тексеру.

ОЖСӨЖ мазмұны: Тас дәуіріндегі қоғамдық қарым-қатынас.

Әдістемелік нұсқау: Сұрақ-жауап.
ОЖСӨЖ №7

ОЖСӨЖ мазмұны: Жаңа тас дәуірінің мәдениеттері-Атбасар және Маханжар мәдениеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет