Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. “Ашина”, “түрік ” ұғымдарына түсініктеме беріңіз?
2.561-563жж. түріктер кімдермен кімдерге қарсы одақ жасасты?
3.Қай қаған тұсында Түрік қағанаты Орталық Азияда саяси үстемдікке жетті?
4.568ж. түрік қағанаты мен Византия империясы арасында қандай келісімге қол қойылды?
Дәріс №15
Тақырыптың атауы: Батыс Түрік қағанаты.
Дәрістің мақсаты:Студенттерге Батыс Түрік қағанатының территориясы, этникалық құрамы-он оқ будун, саяяси тарихы туралы мәліметтер беру.
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1.Батыс Түрік қағанатының құрылуы. 2. Қағанаттың экономикалық саяси өзегі. Он оқ будун. 3. Жеғұй қаған мен Тон жабғу қаған кезіндегі мемлекеттің күшеюі. 4. Дулу және нушиби тайпалық бірлестіктерінің арасындағы күрес (640-657 ж.ж.). 5. Тан империясының басқыншылығына қарсы күрес және қағанаттың құлауы.
Батыс Түрік қағанаты(603-704жж.)-қазіргі Қазақстанның территориясын, Жоңғария және Шығыс Түркістанды қамтиды. Ал Шығыс Түрік қағанаты Монғолияда орналасқан.
Этникалық құрамы: он оқ будун-Шу өзенінен шығысқа қарай бес тайпа дулу, батысқа қарай нушиби жайлады.
Жеғұй қаған(610-618жж.) және оның інісі Тон-жабғу қаған(618-630жж.) күшейді. Мемлекеттің шекарасын Тоқарыстан мен Ауғанстанға жорық жасау арқылы Үндістанның солтүстік-батысына дейін кеңейтті. Ал Тон-жабғу қағандықтың аумағын кеңейту жөнінде саясатты одан әрі жалғастырып, әкімшілік орталығын сол кездегі қолөнер мен сауданың маңызды орталығы болған Суяб қаласына көшірілді, ал жазғы қонысы-Мыңбұлақта болды. Жаңа жорықтар қағанның аумағын Гиндикуш пен Амударияның жоғарғы ағысына дейін кеңейтті. Тянь-Шаньның оңтүстігі, Мауереннахрдағы, Орта Азия жеріндегі отырықшы аймақтар мен қалалар Батыс Түрік қағандығына тәуелді болды. Батыс Түрік қағандығы Византиямен дипломатиялық қатынас орнатады. Тон-жабғу император Ираклидің Кавказ сыртына 627-628жж. жасаған жорығына қатысып, еншіге Чоре мен Тбилисиді алады. Қызы Евдокияға үйленді. Осы ұлан-ғайыр аумақты мекендеген түркі тілдес үйсін, қаңлы, қарлұқ, оғыз, қыпшақ т.б. тайпалар Батыс Түрік қағандығының құрамына енді.
Тон-жабғу билігінің диспотиялық сипаты күшейеді. Бұл тайпа басшылықтардың наразылығын күшейтеді. Қағанттың саяси өмірінің ішкі жағдайы шиеленіседі. 630-634жж. қағанат Мауереннахрдан айырылады. 634ж. нушиби өкілдері Ышбыра Елтеріш Ширді қаған қылып сайлайды. Ол реформа жасайды. Жаңа реформалар тайпа көсемдерін қағанға бағынышты етіп қояды. Алайда қағандықтың әскери-саяси диктатурасы тайпаларды бағыныштылықта ұстауға жеткіліксіз болып шығады. 638ж. дулу тайпасы өздеріне келген шадтардың бірін қаған сайлау дулу мен нушибилер арасында қантөгіс соғыстың тууына себеп болды. Осыдан кейін қағандық екіге бөлінді. Олардың арасындағы шекара Іле өзені арқылы өтті.
Мемлекет ішкі он алты жылға созылған(640-657жж.) соғыстардың нәтижесінде әлсіреді. Мұны пайдаланған Тан империясның әскері Жетісуды басып алады. Қытайлармен жүргізілген соғыстардың нәтижесінде түргештер жеңіске жетіп, саяси күшке айналды.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Батыс түрік қағанаты Түрік қағанатынан қашан бөлініп шықты?
2. Батыс Түрік қағанатындағы Шу өзенінен шығысқа қарай бес тайпа ел қалай аталды?
3. Батыс Түрік қағанатындағы Шу өзенінен батысқа қарай бес тайпа ел қалай аталды?
Батыс Түрік қағанатының астанасы?
Достарыңызбен бөлісу: |