Дәріс №13
Тақырыптың атауы: Қаңлы мемлекеті.
Дәрістің мақсаты:Студенттерге қаңлы туралы жазба деректер негізінде орналасу мекені, саяси тарихы, археологиялық ескерткіштері туралы мәліметтер беру.
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1. Қаңлылардың мемлекеттік құрылысы, әскери ұйымы. 2. Мемлекеттегі шаруашылық-экономикалық қатынастар, сауда.
Біздің заманымыздан бұрынғы ІІ ғасырда “Кангют” деген атпен қытайға белгілі қаңлы түрік тұқымдас тайпалар да өмір сүрген. Сырдария және Талас өзендерінің бойында мекендеген қаңлылардың астанасы Битянь деген қала. Жаңа заман шегінде Кангюй княздігінен 600 мың адамның 120 мыңы соғысқа шығатын жауынгерлер екен. Қаңлылар үйсіндер тарапынан қысым көріп, ғұндардың жәрдем сұрап, көмек алып отырған. Қаңлы тайпасы өзінің сауда, әскери және саяси қызметінде ешқашан шығысқа ұмтылған емес, өз байланыстарын олар батыс бағытта дамытқан.
Қаңлы тайпасының қандай кәсіппен шұғылданғаны жөнінде мағлұмат аз. Бірақ оларда мал шаруашылығы кеңінен дамыған, егіншілік кәсібімен айналысқан, қолөнер ісінде олар алтын, күміс және темірден бұйым жасауды білген. Үйсіндер мен қаңлылар Алтай, Орта Азия және Сібір халықтарымен саяси және экономикалық байланыс жасап тұрған. Үйсіндер мен қаңлылардың арасында табиғатқа табыну, ата-бабаның аруағын құрметтеу сияқты діни таным көп тараған. Олар табиғаттан тыс құдіретті күш бар деп сеніп, құрбан шалған. Сонымен қатар олар күнге, айға, жұлдызға табынған.
Бертін келе үйсіндер мен қаңлылардың алғашқы қауымдық құрылысының ыдырай бастағаны байқалады, қоғам байлар мен кедейлерге, еркін жандар мен құлдарға бөлінеді. Бай көсемдер тобы шұрайлы жайылымдарды пайдаланады, оны өзінің меншігі деп есептеді. Үйсіндер мен қаңлылардың бай қожайындары өлсе, онда олардың құлдарын да өлтіріп бірге көметін болған. Мұның өзі сол кезде қоғамның таптық жікке бөлінгенін айқын дәлелдейді.
Достарыңызбен бөлісу: |