Семинар сабағы 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 45 сағат



бет92/144
Дата04.01.2022
өлшемі2,21 Mb.
#10910
түріСеминар
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   144
Дәріс №30

Тақырыптың атауы: Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолы.

Дәрістің мақсаты:Студенттерге Ұлы Жібек жолының бағыттары, Ұлы Жібек жолының бойында өсіп шыққан қалалар, Ұлы Жібек жолдындағы мәдениеттердің өзара ықпалы жөнінде мәліметтер беру.

Тірек сөздер:Ұлы Жібек жолы, жібек, халықаралық сауда.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1. Ұлы Жібек жолы Қазақстан жерінде. 2. Ұлы Жібек жолындағы мәдениеттердің өзара ықпалы мен бірін-бірі байытуы.

Шаштан шыққан жол Тұрбат асуынан асып Испиджабқа барады. Ал Испиджабтың сауда адамдары Бағдат қаласында Мерв, Бұхар, Балх және Хорезм көпестерімен қатар өз сауда орныдарын ашқан. Испиджабтан шыққан керуендер шығысқа қарай Шараб, Будухкет, Керуен-Сарай, Тамтадж, Абардадж қалалары арқылы Таразға беттеген. Олар құлдарды, боялмаған мата, қару-жарақ, мыс пен темір тасыды.

Талас жазығында кездесетін ең алғашқы ірі қала Жамукет, содан кейін барып керуен Таразға жетеді. Тараз ҮІ ғасырдан белгілі ежелгі қала. Нақ осы қалада 568ж. түрік қағаны Дизабұл. Византиядағы ІІ Юстиннің Земарх бастаған елшілігін қабылдап, Иранға қарсы әскери одақ құру және жібек саудасына байланысты мәселелерді қараған.

Талас аңғары мен Таразға керуендер Ферғана аңғарынан Шайтал жотасындағы Шапаш асуы және Талас Алатауындағы Қарабура асулары арқылы да келіп тұрды. Бұл жол тармақтарын Жібек жолының “ферғаналық” және “жетісулық” бағыттары байланыстырды.

Тараздан әрі жол шығысқа қарай шөл даламен Құлан қаласына жеткізеді. Тараз бен Құланның арасындағы жер қарлұқтар иелігінде болды. Бұл екі арада жол Касрибас, Кулшуб және Жұлшуб қалаларын басып өтеді.

Жұлдан шыққан жол Сарыгқа, одан кейін “түрік қағанының қаласы” Кирмирауға апарады.

Кирмурадан кейін жол Жетісудағы ірі қалалардың бірі Науабетке жеткізеді. Бұл жаңа қала дегенді білдіреді. Науакеттен кейін жол Жетісудағы ірі қала Суябқа әкеледі. Суябтан кейін Жібек жолы Ыстықкөлдің бірде солтүстік, бірде оңтүстік жағалауын бойлай жүрді. Бұл екі тармақ жол Бедел асуында қосылады да, одан асып барып Жібек жолы Қашқар мен Ақсуға жетеді.

Ыстықкөл қазаншұңқырында Санташ асуынан және Қарқара өзені аңғарынан өткен жол Іле аңғарына келеді, Іленің оң жағалауымен Өсек және Қорғас өзендері аңғарынан өтіп Алмалыққа, одан Такла-Макан шөлінің солтүстік жиегімен, Хами және Тұрапн жазиралары арқылы Дуньхуан мен Қытайға жетеді.

Жібек жолының қазақстандық бөлігіндегі тірек нүктелерінің бірі-Испиджаб қаласы.

Испиджабтан шыққан керуен Арыс өзеніндегі Арсубаникетке, Отырарға тоқтап одан әрі Сырдарияны бойлап Арал маңына беттейді. Сырдарияны бойлай жүретін керуен жолындағы ең ірі қалалар-Отырар мен Шауғар.

Шауғардан шыққан жол оғыздардың астанасы Жаңакент қаласына, одан әрі Қызылқұм арқылы Хорезмге барды.

Шауғардан кейінірек Йасыда Тұрпан асуы арқылы жол Қаратаудан солтүстік баурайына шығып, Сырдарияны бойлай созылып жатқан жолмен түзу параллель жасай жүріп отырды. Бұл жол ХІІІ-ХІҮғғ. қызу қозғалысқа толы болды.

Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу арқылы өткен негізгі Жібек жолынан солтүстік пен шығыс Қазақстанға да тармақтар шығады. Олар Орталық және Шығыс Қазақстандағы Дешті Қыпшақ, кейіннен Сарыарқа аталған далаға, Ертіс жағалауына, Алтай мен Молнғолияға апарды. Бұл жерде атты көшпелілер салған Дала жолы болатын.

Отырардан шыққан жол Арсубаникент қаласын, Арыстанды, Шаян өзендері аңғарын, Қаратаудан аласа жоталарын басып өтіп, Шауғар мен Йасыдан шыққан жол Тұрпан асуы арқылы, Сауран мен Сығанақтан, Янгикенттен шыққан жолдар Орталық Қазақстан далаларына жетіп, Сарысу мен Кеңгір, Торғай мен Есіл жағалауларын жалғастырған.

Янгикенттен шыққан жол солтүстік-шығысқа беттеп, Білеуті өзенін жағалай Қоңырат пен Қарсақпайға әкелді. Орталық Қазақстанға әкелетін сондай-ақ Отырардан шығып Шауғар мен Ақсүмдегі Торғай асуы арқылы Сарысу сағасына, одан әрі Ұлытау өзенін өрлеп барып Есіл мен Ертіс өзендеріне кететін Сарысу жолы болды.

Жібек жолы әуелде Қытай жібегін батыс елдеріне тасу үшін салынған. Ал шығысқа Римнен, Византиядан, Үндістан, Иран, Араб халифаттарынан, кейінірек Еуропа мен Русьтен осы елдерде өндірілетін тауарлар тасылды. Осынау таңғажайып, жат жерлік тауарлардың тізімі шексіз мол. Бұлар-хош иісті дәрілік шөптер, кілемдер мен маталар, бояғыш заттар мен минералдық шикізаттар, алмаздар мен яшма, янтар мен маржандар, піл сүйегі, алтын мен күміс құймалары, аң терілері мен тенгелер, садақ пен жебелер, семсер мен найзалар т.б. көптеген заттар.

Жібек жолымен сатуға таза қанды Ферғана, араб сәйгүліктері, түйелер, пілдер, мүйізтұмсық пен арыстандар, сілеусін мен қарақұйрықтар, қаршыға мен бүркіттер, тауыстар мен тотықұстар, түйеқұстар әкелінді.

Жібек жолы арқылы екпе өсімдіктер: жүзім, шабдалы мен қауын, дәм-татымдық шөптер мен қант, көкөкністер мен жемістер таралды.

Алайда саудадағы басты тауар жібек болды. Жібек алтын сияқты халықаралық валютаға айналды, оны патшалар мен елшілерге сыйлық ретінде ұсынды, жалдамалы әскер ақысына және мемлекеттік борышты өтеуге пайдаланды.

Ұлы Жібек жолындағы мәдениеттердің өзара ықпалы мен бірін-бірі байытты. Орта ғасырлардың басында Азияда кең-байтақ аймақтар мен елдерді қамтитын төрт “дүниежүзілік патшалық” болды деген тұжырым бар. Бұлар Ганг бойындағы Канауджа қаласы орталығы болған үнді билеушілерінің патшалығы-пілдер патшасы, батыстағы құнды байлықтар патшасы(Иран мен Византия), солтүстіктегі жылқы патшасы(Түрік қағанаты), шығыстағы адамдар патшасы (Қытай) империялары. Бұл тұжырым Самрқан төңірегіндегі Кушания елді мекеніндегі құрылыстың қабырғасына салынған суреттерден байқалды, мұнда қытай императорлары, түрік хандары мен үнді брахмандары, үшіншісінде-парсы патшалары мен рим императорлары бейнеленген.

Талас аңғарындағы Жамукетке ұқсас Қостөбе жұртын қазғанда ашылған діни үйдің қабырғасы(ҮІІІ-ІХғғ.) қалың сылаққа ойып салынған суреттермен әшекейленген. Ою мәнері, өрнектің кейбір элементтері, стилі Афрасиаб пен Варахши, Самгарр мен Фустани сарайларының қабырғарларының әшекейлеріне ұқсас. Бұл Бағдат шеберлерінің өнері мен Бағдаттың астаналық стильдік сәні Жібек жолы арқылы таралып, мұсылман елдеріне берік орныққандығын көрсетеді.

Жібек жолы арқылы заттар, мәдени үлгілер мен қолданбалы өнер, сәулет өнері, қабырға суреті мәдениетімен қатар Батыс пен Шығыс елдері арасында саз және би өнері, түрлі ойын-сауық түрлері де таралды. Өнер иелерін Греция басилевсі, Киев князі, Түрік қағаны, Қытай императоры тамашалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет