Семинар сабағы 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 45 сағат


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет90/144
Дата04.01.2022
өлшемі2,21 Mb.
#10910
түріСеминар
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   144
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. ҮІ-ІХғғ. қалалық мәдениет қай жерде өркендеген?

2. ҮІІ-ҮІІІғғ. қалалардың басты міндеті не болды?

3. ҮІІ-ҮІІІғғ. қалалардың екінші орында тұрған міндеті?

4. Қала мәдениеті қалыптасуының түрлерін ата?

5. ІХғ. ІІ жартысы-ХІІІғ.б. қалалық мәдениеттің жаңа үшінші ауданы пайда болған аймақ?

6. Ерте ортағасырлық Қазақстан қалаларының ішінен адам санының көптігі жөнінен бірінші орын алатын қай қала?

7. “Цитадель” деген не?

8. “Рабад” деген не?

Дәріс №29


Тақырыптың атауы: Тіл және жазу, әдебиет, дін.

Дәрістің мақсаты:Студенттерге көне түрік ескерткіштерін мазмұны мен зерттелу барысы, түрік халықтарының әдеби шығармаларының маңызы, Қазақстанда көне заманда тараған дін тармақтары туралы мәліметтер беру.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1.Көне түрік жазба ескерткіштері және оның маңызы. 2. «Құтаду білік» - түрік халықтарының зайырлы әдебиетінің тұңғыш ескерткіші. 3. Махмуд Қашғари және оның «Диуан лұғат ат -түрік» еңбегі. 4. Діни наным-сенімдер. Тәңірге табыну. Исламның таралуы.

Түріктер өзге мемлекеттермен елшілік қатынастарда ресми қағаздарды кеңінен қолданған. Түріктердің жазуы туралы алғашқы деректі Менандр Протектор қалдырған. Византия императоры І Юстиннің түрік елшісі Маниахты қабылдауын суреттей отырып, Менандр қағанның “скиф жазуымен” хат жолдағанын айта кетеді.

Ежелгі түрік жазуының ең белгілі ескерткіштері деп Солтүстік Монғолиядан, Орхон, Толы, Селенга өзендерінің бойынан табылған тастағы жазуларды айтамыз.

Әріпті жазуды ойлап табу идеясын және ежелгі түрік руна алфавитінің негізіне алынған оның үлгісін түріктер өздерінің батыстағы көршілері–арамей жазуының алфавитін пайдаланатын Орта Азиядағы иран тілдес тайпалардан немесе ең сенімдісі, соғды алфавитінен қабылдап алған. Түрік тіліне бейімделген кезде соғды алфавиті айтарлықтай өзгерістерге ұшырады.

ҮІ-Хғғ. Қазақстанда руна жазуымен қатар соғды жазуы да кеңінен қолданылды. Соғды тілінің таралуына сол тілде жазылған діни кітаптар көп әсер етті.

Қалалардағы біраз халық сондай-ақ сирия мен ұйғыр алфавитін пайдаланды.

ІХ-ХІІғғ. Исламның таралуына байланысты араб тілі кеңінен қолданыла бастады. Әдеби және ғылыми шығармалар араб тілінде жазылды. Шығыстың атақты ғалымы Әбу Насыр әл-Фараби (870-950жж.) арабша жазды. Ол Фараб(Отырар) қаласында туған.

Әл-Фараби ғылымда теориялық(логика, жаратылыстану, математика) және практикалық (этика, саясат) деп бөлді. Ол өз еңбектерінде адам сезім және ақыл арқылы әлемді, оның мән-мазмұнын тани алатынын дәлелдеді.

ХІғ. сол кездегі аса маңызды тарихи және әдеби шығармалардың бірі-Жүсіп Баласағұнның “Құтты білік” дастаны жазылды. Онда ақын өмір сүрген орта шындығы, белгілі бір әлеуметтік топтың қоғамдық түсінігі мен саяси тұжырымдары берілген, ХІғ. түркі әдебиетінің жазу тілінің үлгілері көрініс тапқан.

Ыстықкөл жағасындағы Барысхан қаласынан шыққан Махмұд Қашғари ұзақ уақыт саяхаттан кейін 1074ж. “Диуани лұғат ат-түрікті” құрастырды. Автор бұл еңбегімен тілтану ғылымына үлкен үлес қосты. Бұл шығарма түркі тілдес халықтардың тұрмыс- тіршілігі, әдет-ғұрпы және тілі туралы, сондай-ақ сол кездегі тіршіліктану ғылымы жайлы ұғым беретін теңдесі жоқ тарихи ескерткіш болып табылады.

ХІІғ. Йасы(Түркістан) қаласында туған Қожа Ахмет Йассауи атақты ойшыл әрі ақын болған. Ол Қазақстан жеріне мұсылман дінін таратуға ат салысқан, кейін ХІҮғ. оның моласының басына Ақсақ Темірдің пәрменімен зәулім кесене тұрғызылды. Ахмет Йассауи түрік тілінде “Диуани Хикмет” өлеңдер жинағын шығарған. Онда жаратушыға мадақ, көнбістік және тақуалық насихатталып, мәдени және этнологиялық көптеген мағлұматтар беріледі.

Ерте ортағасырлық түркі тайпалары пұтқа табынған. Олар Көкке(Тәңірі) және Жер мен Суға(Иер-Су) табынған. Қағандар жеңіске жеткен және жеңіліске ұшыраған.

Маңызы жағынан екінші орында Ұмай құдай-ана тұрады. Ол ошақ пен балалардың қамқоршысы. Қасиетті тауларға табыну да кеңінен таралған.

Түріктер өлгендерді ежелгі шаман дәстүрімен жерленген.

ІХ-ХІғғ. Қазақстан халқы арасында өз сенім-нанымдарымен қатар зороастризм, буддизм, манихейлік, христинадық сияқты дүниежүзілік дін жүйелері кеңінен таралған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет