Семинар сабағы 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 45 сағат



бет13/18
Дата25.01.2017
өлшемі2,21 Mb.
#8108
түріСеминар
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Дәріс №26


Тақырыптың атауы: Қыпшақ мемлекеті.

Дәрістің мақсаты:Студенттерге қыпшақтар-салжұқтар, қыпшақтар-хорезмдіктер арасындағы шиеліністер, Жент, Сауран, Хорасан, Сығанақ қалалары үшін күрес, қоғамдық ұйымы жөнінде мәліметтер берді.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1.Қыпшақтардың өзара саяси, әлеуметтік қарым-қатынасы. 2. Хорезм мемлекетімен және орыс княздықтарымен Дешті Қыпшақтың экономикалық, әскери-саяси, мәдени және қандастық байланыстары.

Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және жіктік жағынан да тең болмаған. Мүліктік теңсіздіктің негізі-малға жеке меншік болып табылады. Негізгі байлық жылқының саны болған. Жазба деректер хабарына сүйенсек, қыпшақтар еліндегі көптеген кісілердің бірнеше мыңнан жылқысы болған, ал кейбіреулерінің жылқысының саны 10 мыңға жеткен және одан да көп болған деседі. Жеке меншікті бұзған адам қатал жазаланған, кәуділгі құқықтың(төрелік айту) нормасы олар айыпталуға тиіс деп есептеген. Қыпшақ отбасының меншігіндегі малға ру-тайпа белгілері-таңбалар басылған.

Қисапсыз көп малы бар ақсүйектер жеке меншігіне заң жолымен бекітіп берлілмесе де, мал жайылатын өрістің бәрін меншіктенген. Жайылымдарды бөліп беруді, көші-қон мәселелерін реттеп отыруды қыпшақ хандары мен тайпа тектілері уысынан шығармаған.

Қоғамның қатардағы мүшелерінің басым көпшілігі еркін де ерікті болған. Малдан айырлғаннан кейін, ол көшу-қону мүмкіндігінен де айырылатын болған, сөйтіп отырықшылар-жатақтар қатарына қосылған. Бірақ жарлы жатаққа қайтадан мал бітіп, малы көбейген соң ол көшпелі шаруашылық аясына қайта барып, еніп отырған.

Соғыс тұтқындары есебінен толықтырылып жататын құлдар-қыпшақ қоғамының ешбір құқығы жоқ тобы болған. Олар көбінесе сатылып отырған, олардың тек бір бөлігі ғана шаруашылықта жалшы малай ретінде пайдаланылған.

1065ж. салжықтардың билеушісі Алып Арсылан қыпшақтарға қарсы Маңғыстауға жорық жасайды. Қыпшақтарды жеңіп бағындырғаннан кейін, ол Жент пен Сауранға жортуылға шығады. Осынау соғыс науқанынан кейін қыпшақ тайпаларының бір бөлігі Хорасан салжықтарына тәуелді болып қалады.

ХІғ. соңғы ширегінде Маңғыстау мен Каспий теңізінің шығыс жағалауында қыпшақтар бұрынғыша өз өктемділігін жүргізіп тұрады, оғыз бен түркмен тайпаларының кейбір топтары оларға саяси жағынан кіріптар болады. 1096ж. “құдыретті” хан бастаған қыпшақ бірлестігінің тайпалары Хорезмге қарсы жорық ашады. Бірақ, хорезмшахтар қамқоршысы болып келген салжықтар оларды Маңғыстауға қайтып кетуге күшпен көндіреді.

ХІғ. аяғы мен ХІІғ. алғашқы жартысында Жент, Янгикент, төменгі Сырдарияның т.б. қалалары да қыпшақ көсемдерінің қолына қараған. Алайда ХІІғ алғашқы жартысында осынау қалалар қыпшақ хандары мен соларды қайтсе де басып алғысы келгенОрта Азияның мұсылмандық әулеттері арасында қиян-кескі күрес жүрді. Ислам дінін таратуды ту қылып көтерген Хорезм шахы Атсыз Жентті жаулап алады, сосын солтүстікке қарай бет алып, өз қарауына Маңғыстауды да қосады.

1133ж. Жент қаласынан Дешті Қыпшақ даласына тереңдеп жорық жасаған Атсыз қыпшақтарды ойсырата жеңеді.

ХІІғ. екінші жартысынан әсіресе Текеш(1172-1200жж.) билеген дәуірден бастап, Хорезм ақсүйектерімен жақындаса түсуді мақсат еткен арнаулы саясат жүргізеді.

Бүкіл мұсылман Азиясы ішінде бірінші орын алуға ұмтылған Хорезмшах Мұхаммед(1200-1220жж.) мемлекеті құрамына ХІІІғ. бас кезінде Сығанақ облысы да кіреді. Сығанақ иелігінен айырылып қалғанына қарамастан, қыпшақ хандары Хорезмге қарсы қажырлы күресін жалғастыра береді. Жент қаласынан солтүстікке қарай Мұхаммед Хорезмшах бірнеше рет жорық жасайды. 1216ж. Қадырханға қарсы аттанған әскери жорықтарының бірінде ол Ырғызға дейін жетіп, Торғай даласында қыпшақтар еліне қашып кірген меркіттерді қуалап келе жатқан Шыңғысхан қолымен кездейсоқ соқтығысып қалады.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:


  1. Қыпшақтарда мүліктік теңсіздіктің негізі-жеке меншік неге болды?

  2. Қыпшақтарда негізгі байлық не болды?

  3. Қыпшақтар қоғамында ешбір құқығы болмаған тобы?

  4. 1065ж. қыпшақтарға қарсы Маңғыстауға кім жорық жасайды?

  5. 1133ж. Жент қаласынан Дешті Қыпшақ даласына тереңдеп жасаған Атсыздың жорығының нәтижесі?


Дәріс №27


Тақырыптың атауы: Алғашқы және дамыған ортағасырлық мемлекеттердегі мәдени даму.

Дәрістің мақсаты:Студенттерге қазақтың тұрғын үйі, ұлттық киімі, ұлттық тағамы, дәстүрі жөнінде мәлімет беру арқылы ұлттық құндылықты қадірлеуге үйрету.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1.Көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара әсері. 2. Көшпелілердің материалдық мәдениеті.

ХҮ-ХҮІІғғ. Қазақтың дамыған ұлттық мәдениеті болды. Материалдық ескерткіштер Қазақстанда мәдени дамудың біркелкі болғандығын көрсетеді.

Отырықшы және жартылай отырықшы тайпалар Сырдария бойы мен Қаратауға орын тепті, ірі қолөнер және сауда орталықтары-Сығанақ, Сауран, Түркістан болды. Феодалдық соғыстардың жиі тұтануы өндіргіш күштердің дамуына, мәдениеттің өркендеуіне үлкен кедергі жасады.

Үй, киім және тамақ. Қазақстан аумағында тұратын халықтарда тұрғын үйдің екі түрі болды. Жазды күндері тасымалы жеңіл киіз үйлерде тұрса, қыстүгіні жер үйде-шымнан, балшықтан немесе тастан салынған жылы кәдімгі киіз үй, екіншісі дөңгелек үстіне орнатылған жылжымалы үй-күйме еді.

Киіз үй-жайылымнан-жайылымға көшіп отыру жағдайында қолайлы жеңіл құрама үй. Бұл үш бөлімнен тұрады, қабырғасын-кереге деп атады. Одан жоғарғы құрама бөлігі-уықтар, ең жоғарғы түйісу тұсы-шаңырақ деп аталды. Кереге сыртынан тоқылған ши ұсталды. Үйді жауып тұратын киіздер-туырлық, үзік, түндік деп аталды. Түндік шаңыраққа жабылды.

Қазақтардың қыстүгіні тұратын жер үйлері шымнан, балшықтан немесе тастан салынды. Бұдан басқа солтүстікте тұратындары ағаштан да үйлер салды. Қазақтар тұрғын үйдің сыртын төрт бұрышты дуалмен қоршайтын болған. Оны саз балшықтан, шымнан немесе тастан қалап көтерген. Солтүстікте мұндай дуал шарбақтан жасалды, оңтүстікте қамысты да пайдаланды.

Сол замандағы қазақ мәдениетінің кейбір өзіндік ерекшеліктері киім түрлерінен де жақсы көрінді. Қазақтар жазғұтырым көбінесе көйлек сыртынан бешпент, камзол немесе шапан киді. Қыстыгүні қойдың немесе түйенің жабағасынан қалың матамен тыстап, кең тігілген күпі немесе шидем шекпен, тон, құлын терісінен тігілген жағалы жарғақ шекпен, қой терісінен түгін ішіне қаратып тіккен шалбар киді.



Ұлттық тағамдар. Мал шаруашылығымен шұғылданған қазақтардың басты ұлттық тағамдары-ет, сүт, май, қымыз, шұбат, т.б. мал өнімдері болды. Жылқы етінен қазы, қарта, жал-жая, шұжық даярланды. Отырықшы қазақ халқы егін егіп, бидай, күріш, тары, жүгері өнімдерінің түрлі ас даярлай білді.

Қазақтар жылқы сүтінен-қымыз, сиыр мен қой сүтінен-айран, қатық,түйе сүтінен-шұбат жасады.



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

        1. Қазақтардың тұрғын үйі?

        2. Киіз үйдің құрылысы?

        3. Қазақтардың ұлттық киімдері?

        4. Қазақтардың ұлттық тағамдары?

        5. Қазақтардың діни наым-сенімдері?


Дәріс №28

Тақырыптың атауы: Оратағасырлық қала мәдениетінің дамуы.

Дәрістің мақсаты:Студенттерге ҮІ-ХІІІғғ. қалалардың саяси, экономикалық, мәдени қызметтері жөнінде мәліметтер беру.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1.YI ғ. мен IX ғ. I- ші жартысындағы қалалар мен мекендер. 2. IX ғ. II-ші жартысы мен XIII ғ. басындағы қалалар мен елді – мекендер.

ҮІ-ҮІІІғғ. қалалардың басты міндеті әкімшілік орталығы болу еді, ал сауда, қолөнер қызметі екінші орында тұрды. Бұл жөнінде біз жазба деректерден білеміз. Деректер әр қаланың тәуелсіз өмір сүргендігін, әрқайсысының дербес өз билеушілері болғандығын мәлімдейді. Мысалы, ҮІІІғ.б. Сырдарияның бойындағы Отырартөбеде орналасқан Фараб аймағының жеке өз “патшасы” болған.

Аймақтағы қалалар бір-бірінен өзгеше дамыған. Қала мәдениеті қалыптасуының екі түрі белгілі. Оңтүстік Қазақстандағы отырықшы-егіншілік мәдениеттің сақтар мен қаңлылар заманынан бастау алатын ежелгі дәстүрлері бар.

ҮІІ-ҮІІІғғ. бұл жерде ежелгі дәстүрлер мен шет жерлік жаңалықтары тамаша үйлестірген қала мәдениеті қалыптасты. Оңтүстік Қазақстанға тән қаланың дөңгелете салынуы ортағасырлық қалалар ежелгі қоныстардың дөңгелек жобасын сақтап қалғандығын білдіреді.

Сондай-ақ Соғды қалалалық мәдениетінің жаңа элементтері таралып, Оңтүстік Қазақстандағы ерте ортағасырлық қалалық мәдениетті байыта түсті.

Оңтүстік-Батыс Жетісуда қала құрылымының басқаша түрлері байқалады. Мұнда Қазақстанның оңтүстігіндей дамыған отырықшылық және егіншлік дәстүрлері болған жоқ. Бұл арадан Ұлы Жібек жолының өтуі қалалық және отырықшы-егіншілік мәденеттің дамуында маңызды рөл атқарды. Алайда бұл жерде қалалар орнауының басты себебі сауда болғанымен, ол қалалардың әкімшілік, қолөнер және ауылшаруашылық қызметтерінің өркендеуіне кедергі болған жоқ.

ІХ-ХІІІғғ. Орта Азияда қала мәдениетінің өрлеу кезеңі болды. Қалалар саны арта түсті, олардың көлемі кеңейді, қолөнер мен сауда өркендеді. Осындай құбылыс Қазақстанда да жүріп жатты. Жетісудың солтүстік-шығысында қалалық мәдениеттің жаңа үшінші ауданы пайда болды. Бұл аймақта ҮІІІғ. пайда болған қалалардың көлемі ІХ-ХІІғғ. айналасынан жаңа рабадтар салынуы есебінен ұлғая түсті, орталықтағы ескі үйлердің орнына жаңа құрылыстар салынып, бұл қалалар ірілене түсті. Әуелде олар ірі шонжарлардың тұрағы әрі қатер төнген кезде бас сауғалайтын қамалы ретінде салынды. Мұнда рудың беделді, бай адамдары тұрды. Кейін қолөнер мен сауда өркендеді, қарапайым халық көшіп келе бастады.

ІХ-ХІІғғ. қалалар халықаралық және жергілікті сауданың орталығы болды. Қала мен даланың арасындағы сауда қызу жүрді. Испиджаб, Отырар, Йасы, Тараз және Баласағұн қалаларында теңге сарайлары жұмыс істеді. Қала халқы арасында ислам діні тарала бастады.



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. ҮІ-ІХғғ. қалалық мәдениет қай жерде өркендеген?

2. ҮІІ-ҮІІІғғ. қалалардың басты міндеті не болды?

3. ҮІІ-ҮІІІғғ. қалалардың екінші орында тұрған міндеті?

4. Қала мәдениеті қалыптасуының түрлерін ата?

5. ІХғ. ІІ жартысы-ХІІІғ.б. қалалық мәдениеттің жаңа үшінші ауданы пайда болған аймақ?

6. Ерте ортағасырлық Қазақстан қалаларының ішінен адам санының көптігі жөнінен бірінші орын алатын қай қала?

7. “Цитадель” деген не?

8. “Рабад” деген не?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет