Семинар сабағы 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 45 сағат



бет1/18
Дата25.01.2017
өлшемі2,21 Mb.
#8108
түріСеминар
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

«Бекітемін»



Ботагариев Т.А.

қолы аты-жөні


«__»__________ 200_ж.

Педагогика институты

Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасы
050203-Тарих

мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын

студенттерге арналған

Ежелгі Қазақстан тарихы



(пәннің атауы)

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Курс – I

Семестр – II

Кредит саны - 3

Дәріс – 30 сағат

Семинар сабағы – 15 сағат

Оқытушының жетекшілігімен

студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) – 45 сағат

Емтихан – II-ші семестрде

Барлығы – 90 сағат



Орал

2009ж.

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті


«Бекітемін»



Ботагариев Т.А.

қолы аты-жөні

«__»__________ 200_ж.
Педагогика институты

Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасы

050203-Тарих

мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын

студенттерге арналған

Ежелгі Қазақстан тарихы



(пәннің атауы)

КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ (SILLABUS)

Курс – І

Семестр – ІІ

Кредит саны -3

Дәріс – 30 сағат

Семинар сабағы – 15 сағат

Оқытушының жетекшілігімен

студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) – 45 сағат

Емтихан – ІІ -ші семестрде

Барлығы – 90 сағат



Орал 2009ж.

Курс бағдарламасы Қазақстан Республикасының тарихы - А: 1997ж. типтік бағдарлама негізінде құрастырылған.


Құрастырушы: оқытушы Мұханғалиева Ж.Қ.

Қазақстан тарихы кафедрасының отырысында бекітілді.

“” қыркүйек 2009 ж. № 1хаттама.

Кафедра меңгерушісінің орынбасары Исмурзин Ж.А.

(қолы) (аты-жөні)
_________________педагогикалық институтының оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді.

“___” ___________ 2009ж. № __ хаттама.


Институттың оқу-әдістемелік

кеңесінің төрағасы _____________ ________________

(қолы) (аты-жөні)

Курс бағдарламасына (Sillabus) 2009 / 2010 оқу жылында енгізілген өзгертулер мен толықтырулар.


Курс бағдарламасына келесі өзгертулер (толықтырулар) енгізілді:

Дәрістер мазмұны қайта өңделіп толықтырылды, әдебиттер тізімі толықтырылды, оқыту әдістемесі қайта өңделді.

Курс бағдарламасы Қазақстан тарихы кафедрасының отырысында қарастырылып мақұлданды.

“___” ______________2009ж. № __хаттама.
Кафедра меңгерушісінің орынбасары ___________ Исмурзин Ж.А.

(қолы) (аты-жөні)

_________________педагогикалық институттың оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді

“___” ___________ 2009ж. № __ хаттама.


Институттың оқу-әдістемелік

кеңесінің төрағасы _______________ ______________

(қолы) (аты-жөні)

1. КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ (SILLABUS).
1.1 Оқытушы туралы мәлімет

Мұханғалиева Жанар Қажмұханбетқызы, оқытушы, М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Педагогикалық институт

Офис: Қазақстан тарихы кафедрасы

Жұмыс мекен-жайы:Сарайшық көшесі, 34

Жұмыс телефоны:(83112) 510469

1.2 Пән туралы мәлімет

Ежелгі Қазақстан тарихы

Семестр 15 оқу аптадан және 2 апта сессиядан тұрады.

Бір аптада 3 кредит сағат, әр кредит-сағат бір байланыс сағаттан (дәріс немесе практика) және екі сағат оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ), студенттің өзіндік жұмысынан (СӨЖ) тұрады.


Кредиттің атпаға бөліну кестесі (3 кредит бойынша):


Сабақтар

Өткізу уақыты

Сабақтар

Өткізу уақыты

Байланыс сағаты 1

(1 дәріс)



50 мин.

ОЖСӨЖ, СӨЖ

50+50 мин.

Байланыс сағаты 2

(2 дәріс)



50 мин.

ОЖСӨЖ, СӨЖ

50+50 мин.

Байланыс сағаты 3

(1 практика)



50 мин.

ОЖСӨЖ, СӨЖ

50+50 мин.

Кредит саны – 3

Өту орны: № 3 оқу ғимараты, сабақ кестесі бойынша
Оқу жоспарынан көшірме:


Курс

Семестр

Кредит саны

Дәрістер

Семинарлар

ОЖСӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау

түрі


1

2

3

30

15

45

45

135

емтихан



1.3 Кіріспе

Пән бойынша мағлұмат: Ежелгі Қазақстан тарихы курсы ерте палеолиттен орта ғасырға дейінгі хронологиялық шеңберді қамтиды. Материал Ежелгі Қазақстан, Сақ-сармат дәуіріндегі Қазақстан, Қазақстандағы ерте және дамыған ортағасырлық мемлекеттер атты ірі үш бөлімге бөлінген.

Ежелгі Қазақстан бөлімінде палеолит, мезолит, неолит және энеолит кезеңдерінің даму ерекшеліктеріне, археологиялық ескерткіштеріне, алғашқы адамдардың еңбек құралдарына, шаруашылық түрлеріне, қоғамдық қарым-қатынастарына, сонымен бірге осыдан төрт мың жыл бұрын қола дәуірінде андронов және беғазы-дәндібай мәдениеті деген атпен енген тайпалар тұрмыс-тіршілігіне сипаттама беріледі. Сақ-сармат дәуіріндегі Қазақстан атты бөлімде б.з.б. YI-III ғ.ғ. Жетісу, оңтүстік-шығыс Қазақстанды мекен еткен сақ тайпалары жөніндегі деректер талданылып, олардың саяси тарихы туралы мәліметтер беріледі, сақтардың өз жазуына, мифологиясына және әдебиеттерде «Аңдық стиль» деген атау алған дүниежүзілік деңгейдегі үздік өнеріне талдау жасалынып, мәні ашылынады. Қазақстандағы ертедегі және дамыған ортағасырлық мемлекеттер бөлімінде YI ғасырдағы Қазақстан жерлерінде құдіретті держава – Түрік қағанаты тарихына сипаттама беріліп, монғол шапқыншылығына дейінгі бірін-бірі ауыстырған Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ қағанаттары, оғыздардың, қарахандардың, кимектердің, қыпшақтардың мемлекеттеріне шолу жасалынады.



Курс мақсаты: Қазақстан тарихы пәнін оқытудың мақсаты-студенттерді фактілік және теориялық мәселелер кешенімен таныстыру, ежелгі заманда Қазақстан территориясын қоныстанған тайпалар мен халықтардың тарихы туралы, мәдениеті туралы, олардың этникалық және мемлекеттік құрылысының дамуының тарихи заңдылықтарын ашу негізінде студенттерде тарихи ғылыми дүниетаным қалыптастыру, олардың танымдық қабілеттерімен тарихи мәліметтерге тәжірибелік жұмыс жасау дағдыларын дамыту, Отан сүйгіштік және патриоттық сезімдерін қалыптастыру, бүкіл адамзаттық тарихи құндылықтарды ұғындыру.

Курс міндеті:- Қазақстан территориясында мекендеген алғашқы көшпелілер тұрмысының өзіндік мәдениетін, өркениеттілігі деңгейін сараптап, оны жеткізу;

  1. -Еуроцентристік жүйедегі ойлардың терісшілдігін дәлелдеу;

  2. -Қазіргі қазақ халқының мәдениетінің түп тамыры ерте тайпалық салт-дәстүрден бастау алатындығын көрсету;

  3. -Қазақ мемлекеттілігінің қайнар бастауының көзі ертеде қалыптасқандығын дәйекті материалдар негізінде дәлелдеу;

  4. - Ерте мемлекеттік құрылымдар және олардың басшылары жөнінде мәліметтер бере отырып олардың тарихи маңыздылығының мәнін ашу;

  5. -Ежелгі қазақ дүниетанымының жетістіктеріне тоқталу, ежелден сабақтасқан халықаралық байланыс мәселелерін айқындау, мәнін ашу;

  6. -Қазіргі Қазақстан Республикасы тарихындағы кезеңінің тарихи орны мен маңыздылығын таныту.

Пререквизиттер: География, Математика, Археология, Қосалқы тарихи пәндер т.б.

Постреквизиттер: Курс соңында студенттер жазба, археологиялық деректер негізінде Ежелгі Қазақстан тарихы бойынша тарихи құбылыстарға деген жеке көзқарасын қалыптастырады және курс студенттерде патриоттық сезімнің оянуына себеп етеді, ұлттық құндылықты бағалауға жетелейді.

Оқыту әдістемесі: Курс негізінен басты оқу материалдары қамтылған және практикалық дағдылар мен сабақ барысында берілетін түсініктер бекітілетін дәріс түрінде және практикалық сабақтар арқылы жүргізіледі. Студенттердің білімін үй тапсырмаларын тексеру, электрондық оқулық т.б. оқу құралдарында берілген тестілерді орындау, ауызша сұрау, жеке семестрлік тапсырмалар арқылы жүзеге асады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет