Семинар сабағЫ. ҚАзіргі әдебиет жанрларының типологиясы. Орындаған: А. Нұрақбай Әдеби жанрларды жіктеу принциптері


Қазіргі әдебиеттің белгілі бір туындысын оның жанрлық ерекшелігі тұрғысынан талдау



бет4/5
Дата18.09.2023
өлшемі27,89 Kb.
#181424
түріСеминар
1   2   3   4   5
Байланысты:
Нұрақбаева Айгүл
Мереке БОӨЖ2, Ішкі ауру сессия СТОМ 1-ші вариант дұрыс, Пропедевтика по Дыхательной системе Методичка, Әйел жамбас астауының анатомиясы, Template of report for IWST#5 (1) (1), 1930 РЕСП.Сист точный (1), искандаров сарвар 102 б, апел фило, Гринхальх,2019, МӨЖ 1 Нуракбаева, С.Ақжол аускультация, -Ing жалғанбайтын сөздер, 8 Капиллярлы вискозиметр көмегімен биологиялық сұйықтың тұтқырлығын анықтау, vse testy biostatistika po urovnyam rezidenty
Қазіргі әдебиеттің белгілі бір туындысын оның жанрлық ерекшелігі тұрғысынан талдау


ТӨЛЕН ӘБДІКОВТІҢ «ОҢ ҚОЛ» ӘНГІМЕСІ

Жалпы әдебиеттану ғылымында әдеби шығармалардың табиғатын түсіну үшін олардың көркемдік ерекшеліктерін зерттеудің маңызы үлкен. Жазушының шеберлік қырлары, көркем әдебиет туындысының эстетикалық қуаты нақ осыдан – жазушы қаламының көркемдік ерекшеліктерінен, поэтикалық ізденістерінен көрінеді.


Төлен Әбдікұлының қаламынан туған дүниелерінің ішінде ерекше назар аудартатын, бітім-болмысы басқаша суреттелетін «Оң қол» әңгімесі. Бұл шығарма дарынды жазушының дүйім жұртқа танылуына әсер етті.
Жазушының қазақ әдебиетіне әкелген соны лебі, мистика, фантастикалық жанрдағы шығармаларының бас кейіпкерлерінің ішкі түйсігі, әрекеттері мен сөздері автордың өзімен тікелей байланыста. Жазушы прозалық шығармаларында әрқилы тақырыптарды өрбіту арқылы қазақ халқының кеңес дәуіріндегі тақсіретін астарлы түрде болса да сабақтастыра білген. Ұлтымыздың жоғала жаздаған тілі мен дәстүрін, мінезі мен табиғи қасиеттерін көрсетуге, адам болмысының сан қатпарлы құпияларын ашуға ұмтылуы – жазушы шығармашылығының негізгі арқауы. Жазушы қазақ әдебиетіндегі «қос тұлғалылық», «жатсыну» теорияларын жаңа тұрғыдан шығармалары («Оң қол» әңгімесі) арқылы дамыта түсті. Т. Әбдіков шығармаларындағы образдар жүйесінің байлығы, тіл көркемдігі, сурет, бейне, мінездеу, психологиялық иірімдер, ішкі монолог пен диалог – түгелдей әдебиеттің классикалық үлгілерін үйренуден, оны өз жолымен дамытудан туған жаңалықтар. Аталған жұмыста Т. Әбдіковтің прозалық шығармаларының тақырыптық, жанрлық сипаты, идеялық-көркемдік ерекшеліктерін жан-жақты қарастыруға тырысамын.
Төлен Әбдіковтің шағын жанр – әңгімеден бастап, повестері мен романы жеке дара түбегейлі ғылыми тұрғыдан сараланбаған. Тек тәуелсіздік жылдардан бастап прозалық шығармалары салыстырмалы түрде ішінара қарастырыла бастады. Алайда жазушының прозалық шығармаларындағы әлеуметтік ахуал мен кейіпкер характері, тілі мен жазушының өзіндік стилі жүйелі түрде жан-жақты сөз болып, ғылыми тұрғыдан арнайы зерттеу нысанасына айналмағандықтан, қаламгердің прозалық шығармалары толығымен өз тиесілі бағасын ала қойған жоқ. Осы тұрғыдан келгенде, суреткер қаламынан туған шығармалардың мазмұны мен құрылымын, көркемдік ерекшеліктерін, шеберлік сырларын зерттеу – қазақ әдебиеті ғылымы үшін аса маңызды істердің бірі болып табылады. Өйткені жазушы Т. Әбдіков прозасында қазақ баласына рухани азық болатын өзіндік ерекшелігі бар. Қаламгер шығармаларында тоталитарлық саясаттың қыспағы ашық та, айқын берілген.
Төлен Әбдіков – әңгіме жанрының хас шебері. Ендеше бізде жазушы шығармаларының тақырыбынан бастағанды жөн көріп отырмын. Ең алдымен айтар ерекшелік Т. Әбдікұлының тосын тақырыптарға баруы. Жазушының алғашқы әңгімелерінің бірі «Бассүйектен» бастап « Оң қол», « Қыз Бәтіш пен Ерсейіт», «Ақиқат», «Тозақ оттары жымындайды», «Парасат майданы» т.б. атты тосын тақырыптағы әңгіме, повестері өзінің тосын кейіпкерімен жазушының суреткерлік даңқы алысқа жіберді. Мысалы, «Бассүйектегі» мүсінші – антраполог Хамит, «Оралудағы» Әбдікерім, «Қыз Бәтіш пен Ерсейіттегі» Қожабек, «Жат перзенттегі» Кәрім, «Тозақ оттары жымындайдыдағы» Бэйкер сияқты басты кейіпкерлерді оқыған адамның ойынан шықпайтындығы шындық. Оның себебі, Т. Әбдікұлының қай шығармасы қайсы бір кейіпкері болмасын әбден сыннан өтіп, суреткер қиялында пісіп, жетілмей тумайтындығы. Содан да болар жазушы өте сирек қалам тербейді. Бірақ толғағы жетіп , дүниеге келген туындыларының елеусіз қалған жері жоқ.
Жазушы шығармашылыңының ішінде «Оң қол» әңгімесіне тоқталатын болсам, бұл әңгіме негізінен сюрреалистік бағытта жазылған туындыға келеді. Яғни сюрреализм дегеніміздің өзі – француздың «шындықтан жоғары көрініс» деген сөзі. Бұл атауды алғаш қағаз бетіне түсірген ақын Гийом Аполлинер «Тирезияның кеудесі» драмасы арқылы ХХ ғасырдың басында Франция поэзиясындағы сюрреализмнің негізін қалаушы ретінде есімі алтын әріппен тарихта қалды. Көркем шығармаларда сюрреалистік образдар өзінің оқырман қауымынының бойына қорқыныш сезімін ұялата отырып терең ойға батырады. Сюрреалистердің тағы бір ерекшелігі, кейіпкердің сандырақтап, түрлі түстер көруі арқылы қоғам алдында келе жатқан дағдарыстарды оқырманға қорқыныш пен үрей арқылы да жеткізуге де тырысады. Задында, бұндай шығармаларда көңіл жадыратып, көңілді бір сезімге бөлемейді. Керісінше, оқып болғаннан кейін оқырманның көңіліне ауыр ойлар қалдырады. Егер қаншалықты қорқынышты болса, ол соншалықты әсері мықты болмақ. Шығармалардағы тартыстар кейіпкерлердің ізгі қарым-қатынасына құрылмайды, кейіпкердің іштей екіге жарылуына, өзімен өзі айтысуына, кеңесуіне негізделеді. Кейде осы психологиялық тартыс өз кемеріне жеткен кезде кейіпкердің өзін өзі жоюына алып келеді. Нақтылай айтқанда, адамның өз ақыл ойы мен дене мүшелерері өз ырқына бағынбай, үрейге салынып, ақыр соңында өз өзіне қол жұмсауға алып келеді. Сюрреалистік шығармалардың соңында кейіпкердің асылып, буынып өлетіні сондықтан болса керек. Оған осы Төлен Әбдіковтің «Оң қол» әңгімесіндегі Алма образы дәлел.
«Оң қол» әңгімесінде Төлен Әбдікұлы адамның санасында өзінен тыс бір тылсым күштің иесі барын анықтайды. Сондағы тылсым күшіміз қандай күш? Ол күштің ниеті қандай? Жақсы ма, әлде жаман ба? Осы сөзіме тағы да дәрігердің әңгімесін тиек етсем: «Рас, адамның өз денесінің өзіне жау болғаны – бақытсыздық. Бірақ адамның өзіне-өзі жаулығы соншалық сирек оқиға ма? Сот залына барып айыпталған адамдардың қателіктерін тізіп көріңіз, бәріне де өздері кінәлі. Кісі өлтіруден бастап, ұрлық істеу, арақ ішіп төбелесу, әйел зорлау, адамды балағаттау, содан кейін түрмеге түсіп, өмірін қор қылу өзіне - өзі жаулық жасау емес пе? Адам бойындағы әзәзілдің жаңағы оң қолдан несі кем?...».
Сондағы бұл жерде қаламгердің дүйім жұртқа айтпақ болған негізгі ой не жайында, әңгімесінің негзігі идеясы қандай? Ал идея дегеніміз не? Идея деп – автордың айтайын деген түпкі ойын, негізгі мақсатын, басты мұратын айтамыз.
Төлен Әбдікұлының субьективті идеясы бойынша, жалпы адам қауымының ойынша біз тек сыртқы істерімізге жауап береміз, яғни қандай да болсын жаман әрекет, құқықтық нормаларға қайшы келетін іс істесек оған жауапты Сыртқы Істер Министрлігі, сот секілді нәрселер бар. Ал адамның ішкі ойында ешкімнің шаруасы жоқ. Мен іштей не ойласам да өз еркім деп ойлайды. Егер біз бұлай ойласақ, қатты қателескен боламыз. Неге? Себебі, егер ішкі ойымызға дұрыстап жауап бере алмасақ, сыртқы ойымызға алаңдау әурешілік. Ішкі сезім, ой, жан дүние атаулы тазармай сыртқы әрекетіміз, әлеміміз ешқашан да тазармайды. Алманың бойындағы өзін-өзі өлтіру ойы да осы...
«Оң қолдағы» түпкі идея – адамның ішкі ой әлеміндегі жауапкершілігі. Өмірде ештеңе із-түссіз жоғалып кетпейді. Адамның физиологиялық ерекшеліктері, түрі, мінезі өзінің ұрпағына қалады. Әкесін көрмеген балалардың мінез-құлқы, сөйлеген сөзі әкесінен айнымай қалып жатады. Адамның өзін өзі жақсылыққа рухани тазалыққа ұмтылып отыруы – ұрпақтарының ізгі болуына мол ықпал етеді.
Ғылымды генетикалық жад (память) деген ұғым бар. Жаңа туған жәндік өмір сүру үшін не керек екенін үйретпей-ақ біледі. Жұмырқадан шыққан тасбақаның баласы бірден теңізге қарай жүгіреді. Не істеймін деп ойланып жатпайды. Америка құрлығын он жылдан астам уақытта айналып шығатын көбелектің бір түрі бар екен. Көбелектің он жыл өмір сүрмейтіні белгілі. Әр ұрпақ өзінің мерзімдік ғұмыры біткенге дейін белгіленген маршрутпен ұшып отырады да, тіршілік мерзімі бітер кезде сол жерге өздерінің тұқым-құртын қалдырады.
Келесі жылы одан пайда болған жаңа көбелектер қалыптасқан маршруттан жаңылмай әрі қарай ұша береді. Өйткені, генетикалық жад арқылы не істеу керек екендігін жақсы біледі. Мұны ғылымда инстинг дейді.
Адам бойында генетикалық жадтың бар екені белгілі. Сенің ішкі әлеміңдегі жақсылық та, жаманшылық та ұрпағыңа қалуы әбден мүмкін. Әңгімедегі Алма да осындай жағдайдың құрбаны.
Сөзімді қорыта айтсам, Төлен Әбдіктің шығармалары тақырыптық, жанрлық тұрғыда әлі де зерттеуді қажет етеді. Жақсылық атаулымен қатар жүретін жаман іс-әрекеттер, зұлымдықтың, қастандықтың негізгі бастамасы, түп-тамыры «ой» болса, ал соны шын мәнінде жүзеге асыратын «қолда» жатыр. Міне, бұл автордың айтпақ болған идеясы. Мына бес күндік жалғанда барлық істің бастауы, қайнар көзі ойдан басталады. Жаман ой, жаман әрекетпен аяқталуға тиісті, жақсы ой - жақсылыққа апарады.. Ендеше үлкен жауапкершілік осы ой арқылы басталуы керек. Егер әрқайсымыз келер ұрпақ үшін жасаған түрлі іс-әрекеттерімізді ойлап, қам жейтұғын болсақ біз өмір сүріп жатқан қоғам руханияты соншалықты өрлей түспек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет