11-семинар сабағының тақырыбы: ХV –ХVІ ғғ. Қазақ хандығы.
Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы және
қазақ жеріндегі
мемлекеттіліктің бастаулары, кезеңдері мен сабақтастығы туралы ауызша
төменде түзілген сұрақтар бойынша пікір-талас, дискуссия.
Семинар сабағының жоспары: 1. Қазақ хандығының қалыптасуы мен кезеңделуі
2. XVI ғ. басындағы Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және саяси
жағдайы.
3. XVI ғасырдың екінші жартысындағы Қазақ хандығы.
4. Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойының аталып өтуі.
Сабақтың мақсаты: Қазақ хандығы дәуірінің кезеңделуі. Қазақ хандығының
құрылуы, оның барысы және негізгі оқиғалары, қазақ хандарының саяси
қызметіне баға беру, Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын
тойлануының тарихи маңызын ашып көрсету.
Әдістемелік нұсқаулар: Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы
және Қазақ хандығы тарихына байланысты деректер мен зерттеу еңбектеріне
ауызша талдау жасалынады. Сонымен қатар, студенттер қазақ хандарының
ішкі және сыртқы саясаты, қызметіне байланысты кесте дайындауы қажет.
Студенттер бірнеше топқа бөлініп, пікірталас, дискуссия жасайды.
6-апта. 12-семинар. 1 сағат. 5 б.
12-семинар сабағының тақырыбы: ХVІІ-ХVІІІ ғасырдың басындағы Қазақ
хандығы.
XVII-XVIII ғғ. басындағы Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және
саяси жағдайы бойынша төменде көрсетілген сұрақтар негізінде үш топқа
бөлініп, пікірталас, дискуссия жасайды.
Семинар сабағының жоспары: 1. XVIІ ғ. Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы.
2. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі.
3. Қазақ қоғамындағы батырлар мен билердің ықпалының өсуі.
4. Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы. «Жеті жарғы» заңдар жинағы. Билер
институты.